«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы заңы 40-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 261 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7028 тіркелген, "Заң газеті" 2011 жылғы 29 қыркүйек N 141) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев):
1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апталық мерзімде белгіленген
тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында осы
бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық "Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазакстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қолданысқа енген күннен бастап күшіне енеді.
Министр А. Жұмағалиев