«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 8-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Негізгі куәландырушы орталығы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы және Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 348 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6716 тіркелген).
2. «Қазақстан Республикасының Негізгі куәландырушы орталығы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы және Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы туралы» Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 223 бұйрығының күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (Қ.Б. Елеусізова) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне хабарласын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
5. Осы бұйрық «Куәландырушы орталықпен электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы, негізгі куәландырушы орталық, ұлттық куәландырушы орталықтарымен электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілттерінің пайдаланыстағы тиесілілігін және жарамдылығы» қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қолданысқа енгізілгеннен кейін күшіне енеді.
Министр А. Жұмағалиев