Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 2 шілдедегі № 320 Бұйрығы

Қолданыстағы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. мыналардың:
      1) "Қаржы мониторингі субъектілерінің Ішкі бақылау ережесін әзірлеу, қабылдау және орындау жөніндегі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 ақпанда № 57 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6105 тіркелген, "Юридическая газета" 2010 жылғы 7 сәуірде № 48 (1844) және "Заң газеті" 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 48 (1670) газеттерінде жарияланған).
      2) "Күдікті операцияларды тоқтата тұру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 ақпанда № 58 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6108 тіркелген, "Юридическая газета" 2010 жылғы 7 сәуірде № 48 (1844) және "Заң газеті" 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 48 (1670) газеттерінде жарияланған).
      3) "Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттарды беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 ақпанда № 59 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6106 тіркелген, "Юридическая газета" 2010 жылғы 28 сәуірде № 60 (1856), "Заң газеті" 2010 жылғы 28 сәуірдегі № 60 (1682), "Казахстанская правда" 2010 жылғы 24 тамыздағы № 223 (26284), "Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 2 қыркүйектегі № 356-357 (26200) және "Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 358-359 (26202) газеттерінде жарияланған) күші жойылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (М.С.Өтебаев) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бір апталық мерзімде жіберсін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2012 жылғы 23 қыркүйектен бастап күшіне енетін осы бұйрықтың 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларын қоспағанда, 2012 жылғы 3 шілдеден бастап күшіне енеді.

      Министр                                         Б. Жәмішев