Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 16 тамыздағы № 279 Бұйрығы

Қолданыстағы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың:
      1) «Мемлекеттік тіркеуге және ресми жариялануға жататын нормативтік құқықтық актілер бойынша уәкілетті мемлекеттік органдары қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 наурыздағы № 89 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6797 болып тіркелген, 2011 жылғы № 11 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған);
      2) «Тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 наурыздағы № 90 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6798 болып тіркелген, 2011 жылғы № 11 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған);
      3) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 19 қыркүйектегі № 314 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7191 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                     Б. Имашев