"Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаудың кейбір мәселелері туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 89 н/қ бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2011 жылғы 19 қазандағы № 107-НҚ бұйрығы

Қолданыстағы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңның 21-1-бабының 2-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығымен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ереженің 10-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаудың кейбір мәселелері туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 89 н/қ бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5816 нөмірімен тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Заң бөлімі (Ә.Ә. Өскенбаев) осы бұйрықтың көшірмесін қолданысқа енгізілген күнінен бастап бір апта мерзім ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымдарына жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға           О. Өксікбаев