"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2004 жылғы 15 шілдедегі № 387 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 19 тамызда № 3027 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы белгіленген тәртіппен бір апта мерзімінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын.
3. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты-бөлігінде жеткізілсін.
Министр Ә. Жақсыбеков