Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2008 жылғы 1 ақпандағы № 19 және 2009 жылғы 24 наурыздағы № 40 бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2010 жылғы 16 ақпандағы № 31 Бұйрығы

Қолданыстағы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу және мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 қаулысының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Күші жойылды деп танылсын:
      1) «Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2008 жылғы 1 ақпандағы № 19 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5140 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағының 2008 жылғы 10 маусымдағы № 6 санында жарияланған);
      2) «Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2008 жылы 1 ақпандағы № 19 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2009 жылғы  4 наурыздағы № 40 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5642 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2009 жылғы 5 мамырда № 158-159 (25556) жарияланған).
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Әділет министрлігіне жолдауды;
      2) осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    М. Құл-Мұхаммед