Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2009 жылғы 11 наурыздағы № 59 бұйрығының күші жойылды деп танылсын

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 37 бұйрығы

Қолданыстағы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Тауардың шыққан елін анықтау және тауардың шығуы туралы сертификаттарды беру ережесі» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2009 жылғы 11 наурыздағы № 59 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Ғ.М. Мұхамбетов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне көшірмесінің тапсырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министрдің міндетін атқарушы                      А. Рау