"Жалпы орта білім берудегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат түріндегі оқытудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 31 қаңтардағы № 34 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 203 Бұйрығы

Қолданыстағы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жалпы орта білім берудегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат түріндегі оқытудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 31 қаңтардағы № 34 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 13 ақпанда № 4543 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Н.Р. Аршабеков):
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін;
      2) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін
      атқарушы                                          А. Жақыпов