Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 160 Бұйрығы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 43-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
      1) «2005 жылы суда жүзетін жабайы құстарды аулау мерзімін шектеу туралы» 2005 жылғы 23 тамыздағы № 192 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 25 тамызда № 3811 тіркелді);
      2) «2006 жылы суда жүзетін жабайы құстарды көктемде аулауды шектеу туралы» 2006 жылғы 28 ақпандағы № 46 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы наурызға № 4110 тіркелді);
      3) «2006 жылы суда жүзетін жабайы құстарды көктемде аулауды шектеу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2006 жылғы 28 ақпандағы № 46 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» 2006 жылғы 21 наурыздағы № 63 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 27 наурызда № 4132 тіркелді);
      4) «Қазақстан Республикасында аңшы иттерді тіркеу туралы құжат беру ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 14 наурыздағы № 103 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 9 сәуірде № 4609 тіркелді).
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті осы бұйрықтың көшірмесін қоса тіркеп Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне, және олар бұдан бұрын жарияланған ресми баспа басылымдарына бір апталық мерзімде хабарласын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға                                         Е. Нысанбаев