"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 ақпандағы № 36 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 10 ақпандағы № 43 бұйрығы "Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6067 тіркелген);
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 ақпандағы № 37 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 10 ақпандағы № 45 бұйрығы "Кеден органдары жүргізетін тексерулер бойынша тексеру парағының нысанын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6065 тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (Қ-К.Ж. Кәрбозов):
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықтың көшірмесі жолдансын;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында осы бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік органдардың басшыларының соңғысы қол қойған күннен кейін күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі Экономикалық даму және
сауда министрі
Б. Жәмішев Ж. Айтжанова