Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің РЕПО операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 5 ақпандағы N 10 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2009 жылғы 25 қыркүйектегі N 89 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің РЕПО операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 5 ақпандағы N 10 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4616 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Монетарлық операциялар департаменті (Герасименко Ю.В.) осы қаулы қабылданған күннен бастап жеті күндік мерзімде:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген қаулының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне хабарласын.
      2) оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және ұйымдарына жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б. Әлжановқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                           Г. Марченко