"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының "Еңбек жөніндегі статистикалық есептілікті толтыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 12 шілдедегі N 38-Г бұйрығының (2002 жылғы 17 тамызда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 1953 тіркелді, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланды, 2002 ж., N 34, 678-6.);
2) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының Статистика жүйесіндегі мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілері болып табылмайтын қызметкерлер үшін мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу Ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 15 сәуірдегі N 53 бұйрығының (2002 жылғы 22 сәуірде нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 1829 тіркелді, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланды, 2004 ж., N 25-28, 946-6.) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету және кадрды дамыту департаменті (Р. Қахан) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төрайым А. Мешімбаева