«Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық ісі жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 13 желтоқсандағы № 799 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 6 желтоқсандағы № 668 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2009 жылғы 25 қарашадағы № 441 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 10 қарашадағы № 686 бірлескен бұйрығы

Қолданыстағы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. «Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық ісі жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 13 желтоқсандағы № 799 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 6 желтоқсандағы № 668 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 1360 тіркелген, «Казахстанская газета» газетінде 2001 жылғы 29 наурызда № 79-80 (23428-23429) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаментінің директоры (А.Айдарханов) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы          Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрінің          Денсаулық сақтау министрінің
      міндетін атқарушы               міндетін атқарушы
      ________ А. Әубакіров           ____________ Б. Садықов