Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 24 маусымдағы N 311 бұйрығы

Қолданыстағы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің күш жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департамент (С.М. Өмірбаев) осы бұйрықты жоғары оқу орындарының назарына жеткізсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау. вице-министрі К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.

      Министр                                  Ж. Түймебаев

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2009 жылғы 24 маусымдағы  
N 311 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Жоғары ғылыми-педагогикалық білім (магистратура) туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 1 қарашадағы N 1035 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2001 жылғы 20 қаңтарда N 1370 тіркелген);
      2. "Жоғары ғылыми-педагогикалық білім (магистратура) туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 1 қарашадағы N 1035 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 16 мамырдағы N 303 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 11 маусымда N 3676 тіркелген, "Заң газетінің" 2005 жылғы 23 қарашадағы N 217 (951) санында жарияланған);
      3. "Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 21 маусымдағы N 343 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 14 шілдеде N 4302 тіркелген, "Заң газетінің" 2006 жылғы 28 шілдедегі N 139 (1119) санында жарияланған);
      4. "Республикалық бюджеттен қаржыландыру есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысын конкурстық негізде орналастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 21 сәуірдегі N 341 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 5 мамырда N 2836 тіркелген, "Заң газетінің" 2005 жылғы 12 тамыздағы  N 147-148 (881-882) санында жарияланған).