Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігі алқасының 1995 жылғы 3 сәуірдегі N 4-4 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 24 маусымдағы N 191-ө бұйрығы

Қолданыстағы

      Нормативтік құқықтық актілердің мониторингі қорытындысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінің 1994 жылғы 15 наурыздағы N 51 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігі алқасының 1995 жылғы 3 сәуірдегі N 4-4 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А.Ә. Сарбасов) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Г. Әбдіқалықова