"Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 143 бұйрығы күшін жойды деп танылсын (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1695 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., N 12, 561-бет).
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Р. Түсіпбеков