Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Төрағасының 2008 жылғы 8 сәуірдегі N 55 Бұйрығынан.
"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1400 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесі мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу Ережелері бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесінің мемлекеттік мекемелердің әскери қызметшілері емес қызметкерлеріне мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу Ережесін және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесінде қызметкерлердің қызмет атқарған жылдарына үстемеақы белгілеу Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1871 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2002 жылғы 30 сәуірдегі N 71 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының кадр және қаржы бөлімшелерінің, әскери қызметшілері, қызметкерлері таныстырылсын.
Комитет Төрағасы А. Шабдарбаев