Тексеру калибрлеу, салыстыру және метрологиялық аттестациялау мақсатында алып өтiлетiн нормативтiк құжаттарды, эталондарды, өлшеу құралдарын және стандарттық үлгiлердi алып өткенi үшiн кеден бажын, салықтар төлеуден және арнайы рұқсат беруден босату турал

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 31 қазандағы N 183 Заңы

      1-бап. "Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 13-14, 348-құжат; 1994 ж., N 8, 140-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; 1997 жылғы 3 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      5-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймаққа Ақтөбе облысының Байғанин, Ырғыз, Мұғалжар (бұрынғы Мұғаджар ауданының елдi мекендерi шекарасының шегiнде), Темiр аудандарының; Оңтүстiк Қазақстан облысының Арыс (оның iшiнде Арыс қаласы), Отырар, Созақ, Шардара аудандарының және Түркiстан қаласының, сондай-ақ Қарағанды облысының Ұлытау ауданының (бұрынғы Жезқазған облысының Жезлi ауданының елдi мекендерi шекарасының шегiнде) аумақтары кiредi.".
      2-бап. Осы Заң 1997 жылғы 17 маусымнан бастап күшiне енгiзiледi.
 

     Қазақстан Республикасының

          Президентi