ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.
1-бап. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 25-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы "өндіру жөніндегі операцияларды" деген сөздерден кейін "немесе техногендік минералдық түзілімдерді орналастыру объектілерінде пайдалы қатты қазбаларды ашық тәсілмен өндіру жөніндегі операцияларды" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 28-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "елу" деген сөз "жетпіс" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 29-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Берілген лицензия жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында берілген күні орналастырылады.";
4) 32-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қайта ресімделген лицензия жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында қайта ресімделген күні орналастырылады.";
8-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Түзетілген лицензия жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында түзетілген күні орналастырылады.";
5) 64-бапта:
2) тармақшадағы "ұйымдастыру және жүргізу" деген сөздер "жоспарлау" деген сөзбен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы "қамтамасыз ету" деген сөздер "ұйымдастыру" деген сөзбен ауыстырылсын;
8) тармақшадағы "жер қойнауының мемлекеттік мониторингін", "жүзеге асыру" деген сөздер тиісінше "мемлекеттік жер қойнауы мониторингін жүргізуді", "ұйымдастыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшадағы "жүргізу" деген сөз "жүргізуді ұйымдастыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
19) тармақша "нормаларын" деген сөзден кейін ", сондай-ақ оларды есептеу әдістемесін" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 68-бапта:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Хабарлама электрондық құжат нысанында электрондық мекенжай бойынша не жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы арқылы жіберілуге тиіс.";
бесінші бөлік алып тасталсын;
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі "белгісіз және (немесе) белгілі бір" деген сөздер "белгіленбеген" деген сөзбен ауыстырылсын;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Хабарлаулар құзыретті орган айқындаған тәртіппен осы Кодексте көзделген ақпараттық жүйелер пайдаланыла отырып та жүзеге асырылуы мүмкін.";
екінші бөлікте:
"47-бабының 3-тармағында, 50-бабының 1 және 4-тармақтарында," деген сөздер алып тасталсын;
", 163-бабының 1 және 4-тармақтарында, 164-бабының 3-тармағында, 181-бабының 2, 4 және 5-тармақтарында" деген сөздер алып тасталсын;
"жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі" деген сөздер "отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
", 169-бабының 1-тармағында, 170-бабының 2-тармағында, 171-бабының 5-тармағында, 173-бабының 2-тармағында және 181-бабының 5-тармағында" деген сөздер алып тасталсын;
"жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі" деген сөздер "отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 10-тарау мынадай мазмұндағы 68-1-баппен толықтырылсын:
"68-1-бап. Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы
1. Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы мемлекеттік қызметтер көрсетуді және мемлекеттік органдар, жер қойнауын пайдаланушылар және жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де мүдделі тұлғалар арасындағы, оның ішінде басқа да ақпараттандыру объектілерімен интеграциялау арқылы ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін мемлекеттік ақпараттық жүйе болып табылады.
2. Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы мыналарды да қамтиды:
1) осы Кодекстің 7-бабының 2-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратты, осы Кодекстің талаптарына сәйкес мемлекет ашық қолжетімділікті қамтамасыз ететін басқа да құжаттарды және (немесе) мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар;
2) мыналар:
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілген жер қойнауы учаскелерінің аумақтары;
жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу аумақтары;
жер қойнауын пайдалану салдарын жою жүргізілетін аумақтар;
блоктар орналасқан аумақтар;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлердің, орман қоры жерлерінің аумақтары;
қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждарына арналған жерлер;
елді мекендердің аумақтары;
су қоры жерлерінің аумақтары, су қорғау аймақтары;
ауызсумен жабдықтау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жерасты суларының кен орындары мен учаскелерінің контурлары;
жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру үшін маңызы бар басқа да аумақтар туралы географиялық координаттар мен мәліметтерді қамтитын ақпараттық ресурстар.
3. Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасының жұмыс істеу тәртібін, сондай-ақ оның ақпараттық ресурстарының, сервистері мен функцияларының тізбесін пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган көмірсутектер саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
4. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген мәселелерді қарауға қатысатын уәкілетті мемлекеттік органдар шектеу аймақтары туралы кеңістіктік (географиялық) деректерді қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасындағы ақпаратты уақтылы жаңартып отыруға міндетті.
5. Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы мемлекеттік меншікте болады.
Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы жекешелендіруге жатпайды, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ведомстволық бағынысты ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарға иеленуге немесе пайдалануға берілмеуге тиіс.";
8) 69-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына, оны осы Кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларға сәйкес жүзеге асырылады.";
9) 70-бапта:
2-тармақ 11) тармақшасындағы "мүмкіндіктері ескеріле отырып әзірленеді." деген сөздер "мүмкіндіктері;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
"12) осы Кодекстің талаптары ескеріле отырып әзірленеді.";
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасында:
1) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу процесінде олардың шегінде өңірлік геологиялық зерттеу, пайдалы қазбаларды іздеу және (немесе) бағалау жүргізілетін және жүргізілуі жоспарланған аумақтардың;
2) осы Кодекстің 189-1-бабына сәйкес берілетін аумақтарды қоспағанда, осы Кодексте көзделген жағдайларда олардың шегінде жер қойнауы учаскелері жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін аукциондар негізінде берілуге тиіс аумақтардың;
3) олардың шегінде жер қойнауы учаскелері көмірсутектер мен уран саласындағы ұлттық компанияларға ғана берілуге тиіс аумақтардың;
4) олардың шегінде жер қойнауы учаскелері кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру үшін берілетін аумақтардың географиялық координаттары;
5) жер қойнауын басқарудың мемлекеттік саясатын және осы Кодекстің ережелерін іске асыру үшін қажетті өзге де мәліметтер айқындалуға тиіс.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын қалыптастыру осы Кодекстің 68-1-бабының 2-тармағы 2) тармақшасының алтыншы – оныншы абзацтарында көзделген аумақтардың географиялық координаттары мен мәліметтері ескеріле отырып, құзыретті орган айқындайтын тәртіппен қамтамасыз етіледі.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Құзыретті орган бекіткен, оның ішінде енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып бекіткен мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасы бекітілген және (немесе) өзгерістер енгізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде құзыретті органның интернет-ресурсында және жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында қазақ және орыс тілдерінде ашық қолжетімділікте орналастырылуға тиіс.";
7-тармақ алып тасталсын;
10) 71-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"71-бап. Мемлекеттік жер қойнауы қорының жай-күйін зерттеу
1. Мемлекеттік жер қойнауы қорының жай-күйін зерттеу жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыру үшін ғылыми, ақпараттық және талдамалық негізді қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының минералдық-шикізаттық базасы, жер қойнауының жай-күйі, олардың геологиялық құрылымы және оларда болып жатқан процестер туралы мәліметтерді жаңартып отыруға бағытталған.
2. Мемлекеттік жер қойнауы қорының жай-күйін зерттеу мыналарды қамтиды:
1) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу;
2) мемлекеттік жер қойнауы мониторингі;
3) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу;
4) мемлекеттік жер қойнауы мониторингі, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар нәтижесінде алынатын геологиялық ақпаратты жинау, жүйелеу, жинақтап қорыту және талдау;
5) мемлекеттің меншігіндегі, иелігіндегі немесе пайдалануындағы геологиялық ақпаратты сақтау, талдау және беру жөніндегі инфрақұрылымды құру, пайдалану және дамыту.
3. Мемлекеттік жер қойнауы қорының жай-күйін зерттеуді геология саласындағы ұлттық оператор аккредиттелген ғылыми ұйымдарды тарта отырып, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік жер қойнауы қоры жай-күйінің зерттелуін бақылауды жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган өзі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
5. Мемлекеттік жер қойнауы қорының жай-күйін зерттеу жөніндегі қызметті қаржыландыру мұнай секторы ұйымдарын қоспағанда, есепті қаржы жылында Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген қол қою бонустары сомаларынан түскен қаражаттың кемінде елу пайызын қоса алғанда, республикалық бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
6. Осы баптың 5-тармағында көзделген қаражатты пайдалануды және бөлуді геология саласындағы ұлттық оператор жүзеге асырады.";
11) 72-баптың 6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу жөніндегі ақпаратты беруді жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган өзі белгілеген тәртіппен айқындайды.
7. Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу Қазақстан Республикасының минералдық-шикізаттық базасының жай-күйін есепке алу мақсатында жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.";
12) 74-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"74-бап. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу
1. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жер қыртысын және онда болып жатқан процестерді зерттеу мақсатында жүргізілетін, жер қойнауының геологиялық құрылымы, құрамы, жай-күйі мен ресурстары туралы мәліметтерді алуға, жаңартуға және жүйелеуге, пайдалы қазбалардың қалыптасу және орналасу заңдылықтарын анықтауға, сондай-ақ ел аумағының минералдық-шикізаттық әлеуетін айқындауға бағытталған іргелі, қолданбалы, тақырыптық, далалық және зертханалық зерттеулер жиынтығын білдіреді.
2. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу мемлекеттің меншігіндегі, иелігіндегі және пайдалануындағы геологиялық ақпаратты жүйелеу, жинақтап қорыту және талдау ескеріліп жүзеге асырылады.
3. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу мемлекеттік жоспарлау құжаттары шеңберінде жүргізіледі.
4. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу:
1) жұмыстар жүргізілетін аумақ шегінде жер қойнауы туралы геологиялық ақпаратты жаңартып отыру;
2) геологиялық карталар жасау;
3) пайдалы қазбалардың болжалды (болжамды) ресурстарын анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
5. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізуді геология саласындағы ұлттық оператор жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операциялар жүргізілетін аумақтарда пайдалы қазбалардың болжалды (болжамды) ресурстарын анықтау тұрғысынан жоспарлау мен жүргізуге тыйым салынады.
Жерасты суларына арналған жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізуді жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп айқындайтын тәртіппен геология саласындағы ұлттық оператор жүзеге асырады.
6. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу осы Кодекске сәйкес пайдалануға берілген жер қойнауы учаскелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша жүргізіледі. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын субъектілердің қызметіне кедергі келтірмеуге тиіс.
7. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жүргізу жоспарланатын аумақ жұмыстардың мақсаттары, міндеттері, сипаты мен мерзімдері көрсетіле отырып, жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында айқындалуға жатады.
8. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді жүргізу нәтижелері жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу аяқталған соң орындалған жұмыстар актісіне қол қойылған күннен бастап екі ай ішінде жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында ашық қолжетімділікте орналастырылуға тиіс.
9. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын геологиялық барлау жұмыстары кезеңділігінің қағидаларына сәйкес жүргізіледі.";
13) 75-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттің меншігіндегі, иелігіндегі және пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу мен сақтауды жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Мемлекеттің меншігіндегі, иелігіндегі және пайдалануындағы геологиялық ақпаратты жүйелеуді, жинақтап қорытуды және беруді геология саласындағы ұлттық оператор жүзеге асырады.
Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін қоспағанда, жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасының жұмыс істеуін қамтамасыз етуді геология саласындағы ұлттық оператор жүзеге асырады.
Мемлекеттің меншігіндегі, иелігіндегі және пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйелеу, жинақтап қорыту және беру тәртібін жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Геологиялық ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету және оны электрондық нысанда беру жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы арқылы жүзеге асырылады.
Геология саласындағы ұлттық оператор кейіннен мүдделі тұлғаларға осы Кодексте белгіленген тәртіппен беру үшін мемлекеттің меншігіндегі, иелігіндегі және пайдалануындағы геологиялық ақпаратты жинауды жүзеге асырады.
Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның жекешелендіруге жатпайтын ведомстволық бағынысты ұйымы геология саласындағы ұлттық оператор болып табылады.";
14) 76-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі "көшірмелерін геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру жөніндегі ұлттық операторға" деген сөздер "электрондық көшірмелерін геология саласындағы ұлттық операторға" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 77-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Берілген жер қойнауын пайдалану құқықтары туралы ақпаратқа ашық қолжетімділік жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында қамтамасыз етіледі.";
16) 79-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы Кодекске сәйкес ұсынылатын пайдалы қатты қазбалар ресурстарын және (немесе) қорларын бағалау туралы есептерде және өзге де есептілікте немесе құжаттамада жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы мәліметтерді жасыру немесе көрінеу анық емес (жалған) мәліметтер ұсыну осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында көзделген жауаптылыққа және өзге де құқықтық салдарға алып келеді.";
17) 95-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "құзыретті органның интернет-ресурсында" деген сөздер "жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 100-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігіндегі "қазақ және орыс тілдерінде құзыретті органның интернет-ресурсында" деген сөздер "жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында қазақ және орыс тілдерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "құндылық бойынша" деген сөздер "құндылық бойынша жетпіс пайыздан асатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 101-баптың 2-тармағындағы "қазақ және орыс тілдерінде құзыретті органның интернет-ресурсында" деген сөздер "жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында қазақ және орыс тілдерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 126-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органдардың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының өкілдері;";
21) 127-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органдардың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының өкілдері;";
22) 144-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"144-бап. Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі – көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның:";
1) тармақшадағы "жинау, өңдеу, сақтау және пайдалану арқылы шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды)" деген сөздер "жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "жинау, өңдеу, сақтау және пайдалану арқылы шикі мұнай мен газ конденсатын есепке алуды жүзеге асырады." деген сөздер "жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға;" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3), 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
"3) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратты сақтауға, талдауға және өңдеуге;
4) жер қойнауын пайдалану, энергия ресурстарын есепке алу (шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу) саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуге және функцияларды орындауға;
5) шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) барлау, өндіру және олардың айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардан не олардың уәкілетті өкілдерінен есептер қабылдауға және (немесе) олармен өзге де ақпараттық өзара іс-қимыл жасауға арналған ақпараттық жүйесі.";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасымен интеграциялануға жатады.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган:
1) отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеу тәртібін, оның ішінде шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу жөніндегі ақпаратты жинауды, беруді, өңдеуді, сақтауды, пайдалануды және таратуды;
2) шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) барлау, өндіру және олардың айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың есептерді ұсыну нысандары мен тәртібін;
3) отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету, функцияларды орындау және шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) барлау, өндіру және олардың айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыратын тұлғалармен не олардың уәкілетті өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Жер қойнауын пайдаланушылар, шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) өндіру және олардың айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыратын субъектілер не олардың уәкілетті өкілдері есептерді отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі арқылы ұсынады.";
4-тармақтағы "шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алудың ақпараттық жүйесі" деген сөздер "отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 145-бап алып тасталсын;
24) 162-баптың 3-тармағындағы "елу" деген сөз "жетпіс" деген сөзбен ауыстырылсын;
25) 165-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқару шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес әзірленеді әрі жасалады және сенімгерлік басқарушыға:";
26) 177-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
3) қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органдардың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының өкілдері;";
27) 186-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия бойынша барлау аумағы, егер осы Кодекстен өзгеше туындамаса, Қазақстан Республикасының кез келген аумағындағы блокты қамтуы мүмкін.";
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) осы Кодекстің талаптарына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру салдарын жою жүргізілуге тиіс немесе жүргізіліп жатқан аумақ шегінде толық орналасқан блокқа қатысты;";
28) 187-баптың 10-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Берілген өтініш туралы мәліметтер жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында өтініш берілген күні орналастырылады және олар мыналарды:";
29) 188-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктегі "7) және 8)" деген сөздер "7), 8) және 8-1)" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Жіберілген хабарлама туралы мәліметтер жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында өтініш берушіге жіберілген күні орналастырылады.";
төртінші бөліктегі "құзыретті органның интернет-ресурсында" деген сөздер "жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
30) мынадай мазмұндағы 189-1-баппен толықтырылсын:
"189-1-бап. Қайта босаған блокқа пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру
1. Егер сол бір блокты қамтитын пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беруге өтініштер жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қайта босаған блок туралы мәліметтер орналастырылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде берілсе, пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін қайта босаған сол бір блокты қамтитын пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беруге өтініштерді қарау осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріліп жүзеге асырылады.
Бұл жағдайда өтініштерді қарау басымдығы аукцион қорытындылары бойынша айқындалады.
2. Аукцион пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін қайта босаған сол бір блокқа берілген өтініштерді қарау мерзімі аяқталған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі. Өтініштерді қараудың көрсетілген мерзімі осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген мерзім аяқталған күннен бастап есептеледі.
Аукцион құзыретті орган айқындайтын тәртіппен өткізіледі.
3. Құзыретті органға пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын тиісінше қамтамасыз етуді ұсынудан басқа, аукцион қорытындылары бойынша қол қою бонусын төлеу пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беру шарты болып табылады.
Белгіленген мерзімде аукцион қорытындылары бойынша қол қою бонусын төлемеу және (немесе) пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын тиісінше қамтамасыз етуді ұсынбау құзыретті органның пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беруден бас тартуына алып келеді.
4. Егер аукционға ешбір өтініш беруші қатыспаса, ол өткізілмеді деп танылады.
5. Егер аукцион өткізілмесе не аукцион өткізілгеннен кейін осы баптың 3-тармағында көзделген міндеттемелер орындалмаса, пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беруге өтініштерді қарау басымдығы осы Кодекстің 189-бабына сәйкес, олардың келіп түсу кезектілігі тәртібімен айқындалады.";
31) 190-баптың 1) тармағы мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) өтініш берілген күннің алдындағы бес жыл ішінде өтініш иесі, өтініш иесін тікелей немесе жанама түрде бақылайтын немесе оның бақылауындағы тұлға не ұйым осы Кодекске сәйкес өткізілген аукционның қорытындылары бойынша қол қою бонусын төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаса;";
32) 194-баптың 5 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Барлау учаскесінде бір мың текше метрге дейін тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақтың орнын ауыстыруға зертханалық және технологиялық зерттеулер үшін сынамаларды іріктеу мақсатында, барлау жоспарында осындай жұмыстар көрсетілген және пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға оның көшірмесі ұсынылған жағдайда ғана жол беріледі.
Күнтізбелік жыл ішінде іріктелген сынамаларды зерттеу нәтижелері келесі есепті кезеңнен кешіктірілмей жыл сайынғы геологиялық есепке енгізілуге жатады.
Барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақтың орнын ауыстыруға пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен оның рұқсатымен, құзыретті тұлғаның қорытындысымен расталатын бұрын әзірленген немесе өнеркәсіптік-сынамаланған кенді қайта өңдеу схемалары болмаған жағдайда жол беріледі.";
"7. Барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақтың орнын ауыстыруға рұқсат мынадай:
1) барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақтың орнын ауыстыруға рұқсат беруге арналған өтініш белгіленген нысан талаптарына сәйкес келген;
2) жұмыстар жүргізілген жағдайда жер қойнауын пайдаланушы бұрын ұсынған геологиялық есептерде алдыңғы кезеңдер үшін іріктелген сынамаларды зерттеу нәтижелері болған;
3) экологиялық рұқсат немесе қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізу қажеттілігінің жоқ екені туралы тұжырымы бар, белгіленіп отырған қызметтің әсер ету скринингінің нәтижелері туралы қорытынды болған;
4) осы тармақтың бірінші абзацында көзделген жұмыстардың салдарын жою құнын жабатын қосымша қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда берілуге жатады.
Осы тармаққа сәйкес берілген рұқсатсыз, сол сияқты берілген рұқсаттың талаптарын бұза отырып, пайдалы қатты қазбаларды барлау учаскесінде тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақтың орнын ауыстыруға тыйым салынады. Көрсетілген тыйым салуды бұзу барлау учаскесін оның мақсаты мен арналымына қайшы пайдалану болып есептеледі және пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны кері қайтарып алуға және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.";
33) 197-баптың 5-тармағындағы "саласындағы" деген сөзден кейін ", жер қойнауын зерттеу жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
34) 200-бапта:
1-тармақ 2) тармақшасындағы "бұзылған кезде қайтарып алуға жатады." деген сөздер "бұзылған;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) осы Кодекстің 194-бабының 7-тармағы екінші бөлігінің талаптары бұзылған кезде кері қайтарып алуға тиіс.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген бұзушылықтар анықталған кезде құзыретті орган бұл туралы жер қойнауын пайдаланушыны жазбаша хабардар етеді.";
35) 203-баптың 1-тармағы "лицензия" деген сөзден кейін "осы Кодекстің 201-бабына сәйкес айрықша құқық тәртібімен берілетін жер қойнауы учаскелерінің аумақтарын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
36) 204-баптың 11-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Берілген өтініш туралы мәліметтер жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында өтініш берілген күні орналастырылады және мыналарды қамтуға тиіс:";
37) 205-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"Хабарлама өтініш берушіге жіберілген күні жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында орналастырылады.";
38) 207-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) өтініш берілген күннің алдындағы бес жыл ішінде өтініш иесі, өтініш иесін тікелей немесе жанама түрде бақылайтын немесе оның бақылауындағы тұлға не ұйым осы Кодекске сәйкес өткізілген аукционның қорытындылары бойынша қол қою бонусын төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаса;";
39) 208-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Елді мекендер жерлерінің аумағында және оларға бір мың метр қашықтықта іргелес жатқан аумақтарда орналасқан техногендік минералдық түзілімдерді орналастыру объектілерінде пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияда қосымша мынадай шарттар қамтылуға тиіс:
1) елді мекендер жерлерінің аумағында және оларға бір мың метр қашықтықта іргелес жатқан аумақтарда орналасқан техногендік минералдық түзілімдерді алу арқылы ғана пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу;
2) алынған техногендік минералдық түзілімдерді елді мекендер жерлері аумағының және оларға бір мың метр қашықтықта іргелес жатқан аумақтардың шегінен тысқары жерге әкету және қайта өңдеу;
3) бұзылған жерлерді рекультивациялау, оларды ластанудан тазарту, түзілімдер алынған жерді қоршаған ландшафтқа сәйкес келтіру арқылы техногендік минералдық түзілімдерді алу салдарын жою;
4) осы Кодекстің 25-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес жасалатын жергілікті халықты әлеуметтік-экономикалық қолдау туралы келісімнің талаптарын сақтау.";
40) 218-баптың 4-тармағы "саламаттылығы саласындағы" деген сөздерден кейін ", жер қойнауын зерттеу жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
41) мынадай мазмұндағы 28-1-тараумен толықтырылсын:
"28-1-тарау. Кең таралған пайдалы қатты қазбалар мен уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын аукцион негізінде беру
221-1-бап. Кең таралған пайдалы қатты қазбалар мен уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскелерін аукцион негізінде беруге арналған аумақтар
1. Кең таралған пайдалы қатты қазбалар мен уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін аукцион негізінде мынадай:
1) кең таралған пайдалы қатты қазбалар мен уранды қоспағанда, пайдалы қазбалардың мемлекеттік есебіне енгізілген және осы Кодекстің 22-бабының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуден бос пайдалы қатты қазбалардың қорлары және (немесе) ресурстары бар жер қойнауы учаскелері бойынша пайдалы қатты қазбаларды өндіруге;
2) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу нәтижелері бойынша анықталған перспективалары бар жер қойнауы учаскелері бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлауға;
3) осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген аумақтарды қоспағанда, жарамсыз, мерзімі ұзартылмаған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған деп танылған пайдалы қатты қазбаларды барлауға, бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшарттардың аумақтары бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлауға жер қойнауы учаскелері беріледі деп белгіленсін.
2. Аукцион негізінде берілетін жер қойнауы учаскелерінің аумағы мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасында айқындалуға жатады және жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қалыптастырылады.
3. Пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін аукцион негізінде берілген жер қойнауы учаскесінің аумағы екі жүз блоктан аспауға тиіс.
221-2-бап. Аукцион өткізу
1. Аукцион конкурстық комиссияның шешімі негізінде өткізіледі, оның құрамын құзыретті орган бекітеді.
Конкурстық комиссия осы Кодекстің 191 және 208-баптарында көзделген міндеттемелерден басқа, берілетін лицензия бойынша қосымша міндеттемелерді, сондай-ақ лицензияны кері қайтарып алудың немесе қосымша міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын төлеудің қосымша негіздерін аукцион шарттарына енгізуге құқылы.
Пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған аукцион өткізу және аукционның қорытындылары бойынша лицензия беру тәртібін құзыретті орган айқындайды.
2. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған аукцион өткізу және аукционның қорытындылары бойынша лицензия беру қағидаларында белгіленетін өзге де талаптарды орындаудан басқа, пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларға жұмсалған ең аз шығыстарды жабу үшін жеткілікті кәсіби және қаржылық мүмкіндіктері бар өтініш берушілер лицензия қолданысының бірінші жылы ішінде аукционға қатысуға жіберіледі.
3. Аукцион өткізу туралы хабарландыру оны өткізу күнінен кемінде екі ай бұрын жариялануға тиіс.
Аукцион шарттарында қол қою бонусының бастапқы мөлшері көзделуге тиіс.
Қол қою бонусының ең көп мөлшерін ұсынған қатысушы аукционның жеңімпазы болып саналады.
Аукционның қорытындыларына аукцион өткізілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасалуы мүмкін.
4. Аукцион жеңімпазының қол қою бонусын төлемеуі құзыретті органның аукцион жеңімпазына және жеңімпазды тікелей немесе жанама түрде бақылайтын тұлғаларға жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия беруден, сондай-ақ аукцион өткізілген күннен бастап бес жыл ішінде оларды жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукциондарға қатысуға жіберуден бас тартуына алып келеді.
Көрсетілген тұлғаларға осы мерзім ішінде жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алған кезде оларды ауыстыруға рұқсат беруге тыйым салынады.
221-3-бап. Аукционды өткізілмеді деп танудың тәртібі мен негіздері
1. Егер аукцион өткізілетін күні ешбір өтініш беруші тіркелмесе, аукцион өткізілмеді деп танылады. Бұл жағдайда аукцион өткізілген күннен бастап екі айдан кейін аукцион қайта өткізілуге тиіс.
2. Осы Кодекстің 221-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жер қойнауы учаскелері бойынша аукцион екі рет өткізілмеді деп танылған жағдайда, аукцион өткізілмеді деп танылған күннен бастап екі айдан кейін пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беруді көздейтін аукцион өткізіледі.
3. Аукцион аумағы мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасынан мынадай:
1) барлауға арналған аукцион осы Кодекстің 221-1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында және осы баптың 2-тармағында көзделген жер қойнауы учаскелері бойынша екі рет өткізілмеді деп танылған;
2) аукцион қорытындылары бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беру кезінде барлау учаскелерінің аумағына енгізілмеген жағдайларда алып тасталуға жатады.
4. Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасынан алып тасталған аукцион аумақтары бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығы осы Кодекстің 189-1-бабында көзделген тәртіппен беріледі.
221-4-бап. Аукционды жарамсыз деп тану
1. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион қатысушының немесе құзыретті органның талап етуі бойынша сот тәртібімен жарамсыз деп танылуы мүмкін.
2. Аукционды жарамсыз деп тануға мыналар негіз болып табылады:
1) осы Кодексте белгіленген аукцион өткізу қағидаларын аукцион жеңімпазын айқындауға әсер еткен бұзушылық;
2) аукцион қорытындылары бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия берілген тұлғаның құзыретті органға оның мұндай тұлғаны аукционға қатысуға жіберу туралы шешіміне ықпал еткен көрінеу анық емес мәліметтерді ұсыну фактісінің анықталуы.
221-5-бап. Аукцион негізінде берілген аумақта жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелер
1. Аукцион қорытындылары бойынша жер қойнауы учаскесінде пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия берілген жағдайда, қолданысы тоқтатылған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының иесі болып табылатын тұлға жаңа жер қойнауын пайдаланушыға қолданысы тоқтатылған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою үшін қалыптастырылған тарату қоры және өзге де мүлік бойынша қаражатты немесе құқықтарды пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған тиісті лицензия берілген күннен бастап бір ай ішінде беруге міндетті.
Тиісті жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелер осы Кодекске сәйкес пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру салдарын жоюды қамтамасыз ету ұсынылғаннан кейін аукцион жеңімпазына толық көлемде ауысады.
Егер барлауға немесе өндіруге арналған лицензия аукцион негізінде берілмесе, қолданысы тоқтатылған келісімшарт немесе лицензия бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының иесі болып табылатын тұлға осы Кодексте көзделген тәртіппен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жоюға міндетті.
2. Осы Кодекстің 186-бабының 2-тармағы 6) тармақшасының және 203-бабының 2-тармағы 4) тармақшасының ережелері осы бапқа сәйкес аукцион қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияларды беру кезінде қолданылмайды.";
42) 226-баптың 5-тармағы "саласындағы" деген сөзден кейін ", жер қойнауын зерттеу жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
43) 232-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Кең таралған пайдалы қазбаларды кәсіпкерлік мақсатта ғана өндіру мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасында айқындалатын аумақтар бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияның негізінде жүзеге асырылады.";
44) 242-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу бойынша жаңа өндірістер құруды, пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу бойынша осындай өндіріспен тікелей байланысты өндірістік, энергетикалық және (немесе) көліктік инфрақұрылым құруды көздейтін іс-шаралар кешені пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу жобасы болып табылады.";
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жер қойнауын пайдаланушылар үшін пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу бойынша жаңа өндірістер құруды, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуді және (немесе) жаңғыртуды көздейтін іс-шаралар кешені пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу жобасы болып табылады.";
2-тармақтың екінші бөлігіндегі "7000000 еселенген" деген сөздер "70 000 000 еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын;
45) 244-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "және Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына" деген сөздер алып тасталсын;
46) 245-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Инвестициялық преференциялар пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізетін, Қазақстан Республикасында құрылған заңды тұлға болып табылатын жер қойнауын пайдаланушыға Қазақстан Республикасының аумағында пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу жобасын іске асырған кезінде беріледі. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімінде Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда, берілетін инвестициялық преференциялар бойынша тұрақтылық кепілдіктері қамтамасыз етіле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген инвестициялық преференциялар көрсетіледі.";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу бойынша жаңа өндірістер құру, пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу бойынша осындай өндіріспен тікелей байланысты өндірістік, энергетикалық және (немесе) көліктік инфрақұрылым құру жөніндегі;";
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу бойынша жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту және (немесе) жаңғырту жөніндегі;";
4) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылатын тұлғаларға" деген сөздер "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
47) 251-баптың 7-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Берілген өтініш туралы мәліметтер өтініш берілген күні жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында орналастырылады және:";
48) 259-баптың 4-тармағының екінші сөйлеміндегі "уәкілетті мемлекеттік" деген сөздер "уәкілетті" деген сөзбен ауыстырылсын;
49) 265-баптың 7-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Берілген өтініш туралы мәліметтер өтініш берілген күні жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында орналастырылады және:";
50) 277-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы қырық бірінші абзацпен толықтырылсын:
"пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған бірлескен барлау мен өндіруге (өндіру кезеңінде) арналған келісімшарт бойынша және (немесе) пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ие жер қойнауын пайдаланушымен жасалуы мүмкін екендігі ескеріле отырып, 32-тарауда;";
51) 278-бапта:
3-1-тармақтың бірінші бөлігіндегі "2026" деген цифрлар "2029" деген цифрлармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1 және 7-2-тармақтармен толықтырылсын:
"7-1. Осы баптың 7-тармағына сәйкес өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі жер қойнауын пайдалану құқығын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі болып табылатын тұлғаға мынадай:
1) өнеркәсіптік-инновациялық жоба бойынша тиісті құрылыс объектісіне және (немесе) объектіні жаңғыртуға құқықтар ауысқан;
2) осы баптың 7-тармағы төртінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында және бесінші бөлігінде көзделген міндеттемелер ауысқан жағдайда беруге құқылы.
Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган өнеркәсіптік-инновациялық жобаның іске асырылуын мониторингтеуді көзделген мерзімдерде жүргізеді және мониторингтеу қорытындылары бойынша мәліметтерді құзыретті органға жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың отызыншы сәуірінен кешіктірмей ұсынады.
Осы тармаққа сәйкес берілген барлауға немесе өндіруге арналған лицензия осы Кодекстің 200 немесе 221-баптарында көзделген негіздерден басқа, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайда кері қайтарып алынуы мүмкін.
7-2. Құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 500 000 еселенген мөлшерінен асатын өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын, "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген, өндірістік қызметі (технологиялық процесі) жер қойнауын пайдаланумен байланысты өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері осы тармақта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, уранды немесе көмірді қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін осы Кодекстің 70-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген аумақ шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесін алуға құқылы деп белгіленсін.
Бұл құқықты өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері осы тармақ қолданысқа енгізілген күннен бастап бес жыл бойы іске асыра алады.
Көрсетілген аумақ бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензияны беру туралы өтініш аукцион өткізілетіні хабарланғанға дейінгі кез келген уақытта берілуі мүмкін. Бұл жағдайда көрсетілген аумақ бойынша аукцион өткізілмейді.
Осы тармаққа сәйкес берілген, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензияны беру туралы өтінішке осы Кодекстің 187 немесе 204-баптарында көзделген құжаттардан басқа, қосымша түрде мыналар қоса беріледі:
өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Қазақстан Республикасының Президентімен келісілген және өтініш иесінің өндірістік қызметі (технологиялық процесі) жер қойнауын пайдаланумен байланысты екенін растайтын шешімі;
өтініш иесінің ұсынылған өнеркәсіптік-инновациялық жобаны мәлімделген құнында іске асыру бойынша қаржылық мүмкіндіктерінің бар екенін растайтын мынадай құжаттардың кез келгені:
шетелдік банктің, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің, Қазақстан Республикасының ұлттық даму институтының және (немесе) Standard and Poor's шәкілі бойынша "BB-"-тан немесе Moody's, FitchRatings рейтингтік агенттіктерінің шәкілдері бойынша ұқсас деңгейден төмен емес шетелдік валютада жыл сайын расталатын ең төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтінгі бар ұйымның кепілдігі;
ұсынылған өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыруға берілетін қарыз нысаналы пайдаланыла отырып, осы бөліктің төртінші абзацында айқындалған кез келген ұйыммен жасалған қарыз шарты;
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіндегі немесе Ұлттық пошта операторындағы банктік шот бойынша ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді көшірме.
Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты өндірістік қызмет (технологиялық процесс) деп тану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Өнеркәсіптік-инновациялық жобаның негізінде және оны іске асыру үшін берілген жер қойнауын пайдалану құқығы онымен ортақ мақсатпен байланысты және осындай жоба бойынша құрылыс және (немесе) жаңғырту объектісімен қатар жүреді.
Осы тармаққа сәйкес берілген, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензияның талаптарында осы Кодекстің 191 немесе 208-баптарында көзделген талаптардан басқа, мыналар көзделуге тиіс:
1) міндеттеме ретінде іске асырылуға жататын және қайта бөлудің орташа деңгейінен кем емес тауар өндіруді көздейтін жаңа өнеркәсіптік-инновациялық жобаның параметрлерін көрсету;
2) жобаны іске асыру жылдары мен мерзімі бойынша жиынтығында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және лицензия берілген жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 500 000 еселенген мөлшерінен астам соманы құрайтын өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыруға арналған қосымша жыл сайынғы ең төмен шығыстарды көрсету;
3) өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асырудың аралық және шекті мерзімі;
4) тиісті өңірдің есепті жылдың алдындағы жыл үшін орташа айлық жалақының статистикалық көрсеткішінен жоғары деңгейде орташа айлық жалақы төлеу жөніндегі міндеттемелер;
5) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының ішкі нарығының қажеттіліктерін өнеркәсіптік-инновациялық жоба өнімімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер;
6) өнеркәсіптік-инновациялық жоба шеңберінде барлық өндірілген пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу жөніндегі міндеттемелер;
7) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу және өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыру кезінде пайдаланылатын тауарлардағы елішілік құндылықтың ең аз үлесін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер;
8) осы бөліктің 1) – 7) тармақшаларында көзделген шарттар орындалмаған жағдайда, лицензияны кері қайтарып алу бойынша қосымша негіз.
Осы тармаққа сәйкес өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Қазақстан Республикасының Президентімен келісілген шешімі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі болып табылатын тұлғаға мынадай:
1) өнеркәсіптік-инновациялық жоба бойынша тиісті құрылыс объектісіне және (немесе) объектіні жаңғыртуға құқықтар ауысқан;
2) осы тармақтың жетінші бөлігінде көзделген міндеттемелер ауысқан жағдайда беруге құқылы.
Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган өнеркәсіптік-инновациялық жобаның іске асырылуын мониторингтеуді көзделген мерзімдерде жүргізеді және мониторингтеу қорытындылары бойынша мәліметтерді құзыретті органға жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың отызыншы сәуірінен кешіктірмей ұсынады.
Жер қойнауын пайдаланушы осы тармақтың ережелеріне сәйкес берілген жер қойнауы учаскесінде өнеркәсіптік-инновациялық жоба бойынша өндірістік объектіні пайдалану басталғанға дейін пайдалы қазбаларды өндіруді бастауға құқылы емес.
Осы тармаққа сәйкес берілген барлауға немесе өндіруге арналған лицензия осы Кодекстің тиісінше 200 немесе 221-баптарында көзделген негіздерден басқа, осы тармақтың жетінші және оныншы бөліктерінде көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайда, кері қайтарып алынуы мүмкін.".
2-бап. Осы Заң:
1) 2025 жылғы 2 мамырдан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1) және 39) тармақшаларын;
2) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 44), 45), 46) және 50) тармақшаларын, 51) тармақшасының бірінші және екінші абзацтарын;
3) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6) тармақшасының он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші және он алтыншы абзацтарын, 13) тармақшасының төртінші абзацын, 22) және 23) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |