"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 244-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      1) 3-баптың 3-тармағындағы "1" деген цифр "31" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      2) 225-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 30) тармақшамен толықтырылсын:

      "30) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервінен бөлінген субсидиялар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, коммуналдық меншіктегі және бір мезгілде электр энергиясын, суды (дистиллятты) және жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдар үшін гранттардың немесе басқа да өтеусіз көмектің алынуы.";

      2) 264-бап мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:

      "24) Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервінен бөлінген субсидиялар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, коммуналдық меншіктегі және бір мезгілде электр энергиясын, суды (дистиллятты) және жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдар үшін гранттар немесе басқа да өтеусіз көмек есебінен жүргізілген шығындар шегерімге жатпайды.".

      2-бап. Осы Заң 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2) және 3) тармақшаларын қоспағанда, 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ