Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне органикалық өнім өндірісі және айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 10 маусымдағы № 90-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:

      138-баптың 111) тармақшасындағы "өндіру" деген сөз "өндірісі және айналымы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексіне:

      47-бапта:

      2-тармақтағы "Осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, экологиялық" деген сөздер "Экологиялық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақ алып тасталсын.

      3. "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 3-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "өндіруді" деген сөз "өндірісін және айналымын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 5-баптың 2-1) тармақшасындағы "өндіру" деген сөз "өндірісі және айналымы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 6-баптың 1-тармағында:

      2-1) тармақшадағы "өндіру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыру және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастыру" деген сөздер "өндірісі және айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      41) тармақшада:

      тоғызыншы абзац алып тасталсын;

      он екінші абзацтағы "құнын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту" деген сөздер "құнын" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      4) 7-баптың 2-тармағында:

      12-9) тармақшадағы "(органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда)" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 17-16) тармақшамен толықтырылсын:

      "17-16) органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асыру;";

      5) 11-баптың 2-тармағында:

      5-1) тармақшадағы "(органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда)" деген сөздер алып тасталсын;

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау;".

      2-бап. Осы Заң:

      1) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 3) тармақшасының үшінші – алтыншы абзацтарын, 4) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 5) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын;

      2) 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 4) тармақшасының екінші абзацын және 5) тармақшасының екінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ