"Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 78-VIII ҚРЗ

      1-бап. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      14-бапта:

      екінші бөліктің екінші, үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "- Сағадат Нұрмағамбетов атындағы I дәрежелі "Айбын";

      - Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі "Айбын";

      - Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі "Айбын".";

      үшінші бөліктегі "I және II дәрежелі" деген сөздер "Сағадат Нұрмағамбетов атындағы I дәрежелі және Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші бөлік "III дәрежелі" деген сөздердің алдынан "Рахымжан Қошқарбаев атындағы" деген сөздермен толықтырылсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ