Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану және экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 52-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Осы Кодекске өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленетін заңдардың жобаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздемейтін заңмен жүзеге асырылады.";

      2) 7-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Мемлекеттің жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуі осы Кодекспен қатынастары реттелетін лауазымды адамдар мен басқа да қатысушылар қалыптастыратын және ұсынатын мәліметтердің міндетті түрде анық және толық болуына негізделеді.";

      3) 36-бапта:

      2-тармақта:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) жер қойнауын пайдаланушының осы Кодекстің талаптарына сәйкес келетін тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі, оның ішінде көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін басым тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесіне енгізілген тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер түрлері бойынша елішілік құндылық үлесі жөніндегі міндеттемелері;";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шарттардан басқа, сарқылып жатқан кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта осы Кодекстің 153-1-бабында көзделген инвестициялық міндеттеме қамтылуға тиіс.";

      2-1-тармақтың 12) тармақшасы "жағдайда" деген сөзден кейін "тауарлардағы," деген сөзбен толықтырылсын;

      3-тармақта:

      1) тармақшадағы "мөлшері мен мерзімдері" деген сөздер алып тасталсын;

      2) тармақшадағы "жұмсалған шығындарды өтеу, сондай-ақ оған сыйақы төлеу мөлшері мен мерзімдері" деген сөздер "жүргізілген шығындарды өтеу, сондай-ақ оған сыйақы төлеу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 37-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) осы Кодекстің 153-1-бабына сәйкес сарқылып жатқан кен орындары бойынша инвестициялық міндеттемелер туындаған;";

      5) 43-баптың 1-тармағы "(жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті)" деген сөздерден кейін "және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 57-баптың 2-тармағындағы "екінші деңгейдегі банкте" деген сөздер "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде немесе Ұлттық пошта операторында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 60-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-2) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерді орындауын мониторингтеуді, ақпараттық жүйелер арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын беру рәсімін, жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуын немесе кепілін тіркеуді автоматтандыру жөніндегі пилоттық жобаларды ерікті түрде қатысу шарттарымен құзыретті орган айқындайтын тәртіппен іске асыру;";

      8) 64-бап мынадай мазмұндағы 17-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "17-2) пайдалы қатты қазбалар кен орындарын барлау бойынша ең төмен талаптарды әзірлеу және бекіту;";

      9) 72-бап мынадай мазмұндағы 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын:

      "8. Пайдалы қазбаларды мемлекеттік есепке алуға негізгі және олармен тұтасып жатқан пайдалы қазбалардың саны мен сапасы туралы мәліметтерді енгізуді жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстің ережелерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.

      9. Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, минералдық ресурстар және минералдық қорлар туралы жария есептіліктің қазақстандық кодексіне (KAZRC кодексі) сәйкес құзыретті тұлға дайындаған және жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға ұсынылған пайдалы қатты қазбалардың ресурстарын және (немесе) қорларын бағалау туралы есепте қамтылған ресурстар мен қорлар бойынша деректер пайдалы қазбаларды мемлекеттік есепке алуға мынадай тәртіппен енгізілуге жатады:

      1) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен пайдалы қатты қазбалардың ресурстарын және (немесе) қорларын бағалау туралы есеп күнтізбелік отыз күн ішінде қаралады;

      2) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген мерзім ішінде пайдалы қатты қазбалардың ресурстарын және (немесе) қорларын бағалау туралы есепті қабылдау және пайдалы қатты қазбалардың ресурстарын және (немесе) қорларын пайдалы қазбаларды мемлекеттік есепке алуға енгізу туралы немесе пайдалы қатты қазбалардың ресурстарын және (немесе) қорларын бағалау туралы есепті оған уәжді қарсылықпен қайтару туралы шешім қабылдауға тиіс;

      3) егер уәкілетті орган осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген мерзім ішінде пайдалы қатты қазбалардың ресурстарын және (немесе) қорларын бағалау туралы есепті уәжді қарсылықпен қайтарса, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны алуға өтініш беруші немесе жер қойнауын пайдаланушы оны пысықтауға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның қарсылығына шағым жасауға құқылы;

      4) егер пайдалы қатты қазбалардың ресурстарын және (немесе) қорларын бағалау туралы есепте жүргізілген өндіруді және ысырапты ескере отырып, ресурстардың шамасы бұрын бекітілген өнеркәсіптік санаттар қорларына қатысты жиырма бес пайыздан астам азайған болса, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушыны, пайдалы қатты қазбалардың ресурстарын және (немесе) қорларын бағалау туралы есепті дайындаған және тексерген құзыретті тұлғаларды осындай өзгерістердің негізділігі тұрғысынан тыңдауды жүргізеді және пайдалы қазбаларды мемлекеттік есепке алуға қабылдау туралы немесе қабылдаудан бас тарту туралы уәжді қорытынды шығарады. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның қорытындысына мүдделі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасай алады.

      Жер қойнауын пайдаланушыны, пайдалы қатты қазбалардың ресурстары және (немесе) қорлары туралы есепті дайындаған және тексерген құзыретті тұлғаларды тыңдау жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүргізіледі.";

      10) 76-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Қызметінің нәтижесінде пайдалы қатты қазбалардың ресурстарын және (немесе) қорларын бағалау туралы есептер дайындалған жер қойнауын пайдаланушылар олардың көшірмелерін геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру жөніндегі ұлттық операторға ұсынуға міндетті.

      Көрсетілген есептер және онда қамтылған мәліметтер құпия болып табылмайды және осы Кодекске сәйкес ашып көрсетілуге жатады.";

      11) 77-баптың 1-тармағы "мемлекеттік орган" деген сөздерден кейін "тиісті жер қойнауын пайдалану құқығы берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ақпараттық жүйеде" деген сөздермен толықтырылсын;

      12) 79-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Осы Кодекске сәйкес ұсынылатын пайдалы қатты қазбалардың ресурстарын және (немесе) қорларын бағалау туралы есептерде жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы мәліметтерді жасырған немесе көрінеу анық емес (жалған) мәліметтер ұсынған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.";

      13) 94-баптың 1-тармағында:

      1) тармақшадағы "тұрғылықты жері," деген сөздер алып тасталсын;

      2) тармақшадағы "оның тұрған жері," деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) үлесі және иелену тәсілі туралы мәліметтер ашып көрсетілген, өтініш берушіні бақылайтын тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар туралы, сондай-ақ өтініш берушінің қатысу үлестерін, акцияларын иеленетін, бақылайтын тұлғалар болып табылмайтын тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер;";

      мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Осы тараудың мақсаттары үшін жеке тұлғаның, мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның өтініш берушінің қатысу үлестерін, акцияларын және (немесе) өтініш берушінің қатысу үлестерін, акцияларын, оның ішінде басқа заңды тұлғаның және (немесе) өзге ұйымның қатысу үлестерін, акцияларын иелену арқылы иеленетін заңды тұлғаның және (немесе) ұйымның қатысу үлестерін, акцияларын иеленуі қатысу үлестерін, акцияларды иелену деп танылады. Бұл ретте иелену меншік құқығын растайтын немесе акцияларға немесе пайларға айырбасталатын бағалы қағаздарды қоса алғанда, қатысу үлесіне құқықты, акцияларға, пайларға және үлестік қатысудың басқа да нысандарына меншік құқығын білдіреді.

      Осы тармақтың 2-1) тармақшасының өтініш берушінің қатысу үлестерін, акцияларын иеленетін, бақылайтын тұлғалар болып табылмайтын тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер ұсыну туралы талабы мұндай қатысу үлестерін, акцияларды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымда болатын акциялар және (немесе) бағалы қағаздар арқылы иеленетін аталған тұлғаларға, мемлекеттерге, халықаралық ұйымдарға қолданылмайды.";

      14) 95-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігінің 11) тармақшасындағы "жұмыстардағы" деген сөз "тауарлардағы, жұмыстардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтың 1) тармақшасында:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, сенімгерлік басқару шартына сәйкес сенімгерлік басқарушыға жүргізілген шығындарды өтеу, сондай-ақ оған сыйақы төлеу шарты;";

      үшінші абзацтағы "мөлшері мен мерзімдерінің шарттары" деген сөздер "шарты" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "сенімгерлік басқарушы сенімгерлік басқару процесінде сатып алған және (немесе) алған берілетін мүліктің құнын мемлекетке өтеу шарты;";

      15) 96-бапта:

      2-тармақта:

      1) тармақшадағы "тұрғылықты жері," деген сөздер алып тасталсын;

      2) тармақшадағы "оның тұрған жері,", ", өтініш берушіні тікелей және (немесе) жанама бақылайтын барлық (кез келген) заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, мемлекеттер және халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) үлесі және иелену тәсілі туралы мәліметтер ашып көрсетілген, өтініш берушіні бақылайтын тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар туралы, сондай-ақ өтініш берушінің қатысу үлестерін, акцияларын иеленетін, бақылайтын тұлғалар болып табылмайтын тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.

      Осы тармақшаның өтініш берушінің қатысу үлестерін, акцияларын иеленетін, бақылайтын тұлғалар болып табылмайтын тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер ұсыну туралы талабы мұндай қатысу үлестерін, акцияларды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымда болатын акциялар және (немесе) бағалы қағаздар арқылы иеленетін аталған тұлғаларға, мемлекеттерге, халықаралық ұйымдарға қолданылмайды;";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) үлесі және иелену тәсілі туралы мәліметтер ашып көрсетілген, өтініш берушіні бақылайтын тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, сондай-ақ өтініш берушінің қатысу үлестерін, акцияларын иеленетін, бақылайтын тұлғалар болып табылмайтын тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар көрсетіле отырып, өтініш берушіні бақылау құрылымының нотариус куәландырған схемалық сипаттамасы;";

      16) 97-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган өтініш берушіні аукционға қатысуға жібереді, аукционға қатысуға жіберуден бас тартады не анықталған сәйкессіздіктерді жою қажеттілігі туралы хабардар етеді.

      Егер өтінішті қарау нәтижелері бойынша өтініш берушінің осы баптың 3-тармағының 2), 4) 6) және 9) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша аукционға қатысуға жіберілмейтіні белгіленсе, құзыретті орган өтініш берушіні аукционға қатысуға жіберуден бас тартады.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Осы баптың 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, егер белгіленген мерзімде берілген өтінішті қарау нәтижелері бойынша оның осы Кодекстің 96-бабының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталса, құзыретті орган бұл жөнінде өтініш берушіні анықталған сәйкессіздіктерді көрсете отырып, хабардар етеді.

      Өтініш беруші құзыретті органның хабарламасында көрсетілген анықталған сәйкессіздіктерді құзыретті орган хабарлама жіберген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, бірақ аукцион өткізілетін күнге дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей жоюға құқылы.

      Өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін құзыретті органға өтінішті қайта жібереді. Мұндай өтініш осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген сәйкессіздіктерді жою үшін белгіленген мерзім өткенге дейін, бірақ аукцион өткізілетін күнге дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуге тиіс. Осы бөлікке сәйкес қайта берілген өтініш бес жұмыс күні ішінде құзыретті органның қарауына жатады. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган өтініш берушіні аукционға қатысуға жібереді не жіберуден бас тартады.

      Аукционды өткізу туралы хабархатта көрсетілген аукционға қатысуға өтініштер беру мерзімінің аяқталуы, егер ол осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде берілсе, осы тармаққа сәйкес қайта өтініш беруден және оны қараудан бас тартуға негіз болып табылмайды.";

      3-тармақта:

      бірінші абзацтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өтініш беруші құзыретті орган көрсеткен аукционға қатысуға өтініштің анықталған сәйкессіздіктерін белгіленген мерзімде жоймаса;

      2) өтініш аукционға қатысуға өтініштер беру үшін берілген мерзімнен кеш берілсе;";

      3) және 8) тармақшалар алып тасталсын;

      9) тармақшадағы "өтінішті қабылдаудан" деген сөздер "аукционға қатысуға жіберуден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта:

      "3)," және ", 8)" деген цифрлар алып тасталсын;

      "өтінішті қабылдаудан" деген сөздер "аукционға қатысуға жіберуден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтағы "Өтінішті қабылдаудан" деген сөздер "Аукционға қатысуға жіберуден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 103-бапта:

      5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы ретінде көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның елу және одан көп пайыздан асатын мөлшердегі үлестік қатысуы ірі кен орындары бойынша тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын берудің міндетті шарты болып табылады.";

      8-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғаның ірі кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттағы үлестік қатысу мөлшерін азайту көмірсутектер саласындағы ұлттық компания немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлға жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың шешімдер қабылдауына өз бақылауын сақтаған жағдайда жүзеге асырылады.";

      18) 106-баптың 1-1-тармағы 3) тармақшасындағы "бұзылған жағдайларда, біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатады." деген сөздер "бұзылған;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 153-1-бабының 3-тармағына сәйкес сарқылып жатқан кен орны бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша инвестициялық міндеттемені орындамаған жағдайларда, біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатады.";

      19) 107-баптың 9-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы баптың 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мүлік, сондай-ақ сенімгерлік басқарушы сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру процесінде сатып алған және (немесе) алған мүлік жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасалған күннен бастап жаңа жер қойнауын пайдаланушының меншігіне өтеді, ол аукцион өткізу туралы хабархатта көрсетілген мерзімдерде мұндай мүліктің құнын бұрынғы меншік иесіне төлейді. Сенімгерлік басқарушы мұндай мүлікті берілетін мүліктің тізбесі мен оның жай-күйі туралы мәліметтерді қамтитын акт бойынша жаңа жер қойнауын пайдаланушыға береді.";

      20) 109-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "109-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығына және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерге өндіріп алуды қолдану ерекшеліктері";

      1-тармақта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сауда-саттық нәтижелері бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді, оның ішінде кепіл кезінде иеліктен шығару жөнінде мәміле жасасқан кезде сауда-саттықтың жеңімпазы болып табылатын тұлға, осы Кодекстің 44-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 45-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді ауыстыруға құзыретті органның рұқсатын алуға міндетті.";

      үшінші, төртінші, бесінші және жетінші бөліктер алып тасталсын;

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сауда-саттықтың бастамашысы жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді өткізу (сату) жөніндегі сауда-саттық жариялағанға дейін құзыретті органнан сауда-саттыққа шығарылған немесе сауда-саттыққа шығарылуға жататын тиісті объектімен байланысты жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес) туралы мәліметтерді сұратуға міндетті.

      Құзыретті орган сұрау салуды алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде сауда-саттықтың бастамашысына жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес) туралы мәліметтерді жібереді, онда мыналар қамтылады:

      1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың түрі;

      2) жер қойнауын пайдалану құқығының қалған қолданылу мерзімін қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану құқығының мерзімі туралы мәліметтер;

      3) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптарының бұзылғаны туралы хабарламалардың бар-жоғы туралы мәліметтер;

      4) ұсынылған есептілікке сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша талаптардың орындалуы туралы мәліметтер;

      5) жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу талаптарына әсер ететін өзге де мәліметтер.

      Сауда-саттықтың бастамашысы осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген мәліметтерді алғаннан кейін сауда-саттық өткізу туралы хабарландыруда құзыретті органнан алынған жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес) туралы мәліметтерді де жариялайды.

      4. Кепіл ұстаушы жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді өткізу (сату) жөніндегі сауда-саттық өтпеді деп жарияланған кезде кепілге қойылған мүлікті өз меншігіне айналдыруға (жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің иесі болуға) не жаңа сауда-саттық тағайындауды талап етуге құқылы.";

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді өткізу (сату) бойынша осы баптың талаптары бұзыла отырып өткізілген сауда-саттық жарамсыз деп танылады.

      Егер жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді ауыстыру осы баптың талаптары бұзыла отырып жүзеге асырылса, құзыретті орган мұндай ауыстыруға рұқсат беруден бас тартады.";

      21) 113-бапта:

      1-тармақтың 2) тармақшасындағы "сұралатын" деген сөз "жер қойнауы учаскесі көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша сол бір тұлғаның пайдалануында болған жағдайды қоспағанда, сұралатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, егер жер қойнауының барлық кеңейтілетін учаскесі немесе оның бір бөлігі көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша сол бір тұлғаның пайдалануындағы жер қойнауының басқа учаскесінің шекаралары шегінде орналасқан болса, өтінішке жер қойнауы учаскесін мөлшерлес азайтуды көздейтін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру да қоса беріледі.";

      22) 114-баптың 8-тармағы 2) тармақшасындағы "бекітумен байланысты азайту жағдайларына қолданылмайды." деген сөздер "бекітумен;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) осы Кодекстің 113-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жер қойнауы учаскесін ұлғайтумен байланысты азайту жағдайларына қолданылмайды.";

      23) 115-баптың 1-тармағында:

      бірінші абзацтағы және 3) тармақшадағы "немесе өндіруге" деген сөздер алып тасталсын;

      5) тармақшадағы "жағдайларда жүргізіледі." деген сөздер "жағдайларда;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) осы Кодекстің 153-1-бабына сәйкес сарқылып жатқан кен орындарына жататын өндіру учаскесін бөліп шығару жүргізіледі.";

      24) 117-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлаудың бастапқы кезеңі осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес ықтимал ұзарту ескеріле отырып, осы баптың 3-2-тармағында көзделген тәртіппен және шарттарда осы Кодекстің 116-бабының 1-тармағында көзделген мерзімнен артық ұзартылуы мүмкін.";

      мынадай мазмұндағы 2-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "2-1. Табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалау мақсатында күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі осы баптың 3-2-тармағында көзделген тәртіппен және шарттарда осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген мерзімнен артық ұзартылуы мүмкін. Бұл жағдайда күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңінің (кезеңдерінің) ұзақтығы он екі жылдан аспайды.";

      "3-2. Күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі осы Кодекстің 116-бабының 1-тармағында немесе осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген ең жоғары мерзімдерден асатын, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге мынадай шарттар бір мезгілде сақталған:

      1) барлау кезеңінің жұмыс бағдарламасында көзделген сейсмикалық барлау және тәуелсіз ұңғымаларды бұрғылау бойынша жұмыстар толық көлемде орындалған;

      2) құзыретті органның хабарламасында көрсетілген міндеттемелердің жойылмаған бұзушылықтары болмаған;

      3) келісімшарт бойынша барлау мерзімі бұрын осы тармаққа сәйкес ұзартылмаған кезде жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша бір рет ұзартылуы мүмкін.

      Келісімшартқа толықтыруға қоса берілетін жұмыс бағдарламасында мыналар көзделуге тиіс:

      1) ұңғыманы (ұңғымаларды) бұрғылау;

      2) жер қойнауын пайдаланушы жылдар бойынша ұзарту кезеңінде жер қойнауының тиісті учаскесінде орындауға міндеттенетін жұмыстардың көлемдері, сипаттамасы және орындалу мерзімдері.

      Жер қойнауын пайдаланушы барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш бергенге дейін өзінің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіндегі банктік шотында барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш берген күнге республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жеті жүз елу мың еселенген мөлшерінде эскроу-шот шарттарымен ақша орналастырады.

      Көрсетілген қаражатты жұмыс бағдарламасында көзделген барлау жұмыстарын орындауға ғана пайдалануға жол беріледі. Ұзарту кезеңінде жұмыс бағдарламасы орындалмаған жағдайда мұндай банктік шотта орналастырылған ақша Қазақстан Республикасының бюджетіне аударылуға жатады.

      Осы тармаққа сәйкес банктік шотта орналастырылған қаражат ұзарту кезеңіне арналған жұмыс бағдарламасында көзделмеген мақсаттарға пайдаланылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы мұндай сомаларды Қазақстан Республикасының бюджетіне төлеуге міндетті.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Жер қойнауын пайдаланушы мынадай шарттар бір мезгілде сақталған:

      1) барлау кезеңінің жұмыс бағдарламасында көзделген сейсмикалық барлау және тәуелсіз ұңғымаларды бұрғылау бойынша жұмыстар толық көлемде орындалған;

      2) құзыретті органның хабарламасында көрсетілген міндеттемелердің жойылмаған бұзушылықтары болмаған;

      3) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның осы Кодекстің 123-бабының 8-тармағына сәйкес берілген табу туралы растамасы (табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалау мақсатында барлау кезеңін ұзарту кезінде) немесе қорлардың жедел есебі (сынап пайдалану мақсаттары үшін барлау кезеңін ұзарту кезінде) болған;

      4) өтініш барлау кезеңі аяқталғанға дейін берілген кезде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш беру мерзімін алдыңғы барлау кезеңі аяқталған күннен бастап есептелетін он екі айға ұзарту туралы өтініш беруге құқылы.

      Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш беру мерзімін ұзарту туралы өтінішті құзыретті орган он бес жұмыс күні ішінде қарайды.

      Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген шарттар орындалмаса, құзыретті орган барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш беру мерзімін ұзартудан бас тартады.

      Құзыретті орган бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш беру мерзімін он екі айға ұзартады. Осы баптың 6-тармағына сәйкес барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш беру мерзімін ұзарту туралы шешімде көрсетілген мерзім өткенге дейін берілуге тиіс. Барлау кезеңі мұндай ұзартылған кезде барлау кезеңін ұзартудың ең ұзақ мерзімінен барлау кезеңі аяқталғаннан кейін өткен және барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш берілген күнге дейінгі толық айлардың саны алып тасталады.";

      6-тармақ 4) тармақшасындағы "жобасы қоса беріледі." деген сөздер "жобасы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) осы баптың 3-2-тармағында көзделген жағдайда:

      жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған барлау жұмыстарының жобасына толықтыру;

      Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінен жер қойнауын пайдаланушының банктік шотында эскроу-шот шарттарымен тиісті ақшаның бар-жоғы туралы үзінді-көшірме қоса беріледі.";

      7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы баптың 4-тармағына сәйкес барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш беру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған жағдайда көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың қолданысы – барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш беру мерзімі өткенге дейін, ал барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш берілген жағдайда мұндай өтінішті қарау мерзімі ішінде де жалғасады. Бұл ретте көрсетілген мерзім ішінде жер қойнауын пайдаланушыға өтініште көрсетілген жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынады.";

      мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:

      "12. Осы баптың 3-2-тармағына сәйкес барлау кезеңі ұзартылған жағдайда барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндіру кезеңінің ең ұзақ мерзімі барлау кезеңі ұзартылған мерзімге азайтылады.";

      25) 118-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігіндегі "Көмірсутектерді" деген сөз "Күрделі жобаларға жатпайтын көмірсутектерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) кен орнын әзірлеудің бекітілген жобасы негізінде мұндай кен орнын сынап пайдалану кезіндегі өндірудің жобалық орташа тәуліктік көлемінен аспайтын деңгейде көмірсутектер өндіруді, ұңғымаларды бұрғылауды, консервациядан шығаруды, объектілерді сынақтан өткізу мен сынауды жүзеге асыруға құқылы.";

      26) 119-баптың 7-тармағының екінші бөлігіндегі "Күрделі" деген сөз "Осы Кодекстің 36-бабы 1-2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген күрделі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      27) 120-бапта:

      2-тармақта:

      "алты ай" деген сөздер "бір ай" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "ұзартылатын өндіру кезеңі аяқталарға дейін жиырма төрт айдан" деген сөздер "жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін алты айдан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      9-тармақтағы "және жер қойнауын пайдаланушының осы баптың 4-тармағында 1) тармақшасында көрсетілген және келісімшартқа оның ажырамас бөлігі ретінде қоса берілетін жұмыс бағдарламасын орындау жөніндегі міндетін" деген сөздер алып тасталсын;

      28) 121-баптың 14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Осы Кодексте тыйым салынбаған, көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлеске) ауыртпалық салу, сондай-ақ көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ие тұлғаны тікелей немесе жанама түрде бақылайтын ұйымдардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) ауыртпалық салу жер қойнауын пайдаланушының немесе ауыртпалық салуға жататын акциялар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) иесінің өтініші бойынша құзыретті органның рұқсатымен жүзеге асырылады.

      Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлеске), көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ие тұлғаны тікелей немесе жанама түрде бақылайтын ұйымдардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) ауыртпалық салуға рұқсат беру туралы өтініште мыналар қамтылуға тиіс:

      1) өтініш беруші және пайдасына ауыртпалық салу жүргізілетін тұлға (тұлғалар) туралы мәліметтер:

      жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), азаматтығы, жеке басын куәландыратын құжаттары туралы мәліметтер;

      заңды тұлғалар үшін – атауы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді-көшірме немесе өтініш берушінің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжат), мұндай заңды тұлғаны бақылайтын тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер;

      2) жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) туындауы және (немесе) сатып алынуы туралы мәліметтер;

      3) ауыртпалық салуға жататын акциялар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) туралы мәліметтер;

      4) ауыртпалықтың туындау негізі;

      5) егер ауыртпалық ақшалай талапқа байланысты туындаса – талап ету сомасын, өзге талапқа байланысты туындаса – мұндай талаптың сипатын көрсету.

      Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлеске), көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ие тұлғаны тікелей немесе жанама түрде бақылайтын ұйымдардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) ауыртпалық салуға рұқсат беру туралы өтінішке ауыртпалықтың туындауына негіз болған құжаттың түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі қоса беріледі.

      Өтініш пен оған қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға берсе, оған қоса берілетін құжаттар өзге тілде жасалуы мүмкін, әрбір құжатқа оның дұрыстығын нотариус куәландырған қазақ және орыс тілдеріне аудармасы міндетті түрде қоса беріледі.

      Өтініш он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Құзыретті орган жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлеске), жер қойнауын пайдалану құқығына ие тұлғаны тікелей немесе жанама түрде бақылайтын ұйымдардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) ауыртпалық салуға рұқсат беруден мынадай негіздер бойынша:

      өтініште осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген мәліметтер болмаса;

      өтінішке осы тармақтың үшінші және (немесе) төртінші бөліктерінде көзделген құжаттар қоса берілмесе;

      егер ауыртпалық өзінің талаптары осы баптың 15-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдалану мақсатына не Қазақстан Республикасының аумағында кейіннен қайта бөлуді ұйымдастыру үшін пайдалануды көздемейтін, қарыз бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) кепіл шарты негізінде туындаса;

      егер жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлеске) ауыртпалық салу және (немесе) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ие тұлғаны тікелей немесе жанама түрде бақылайтын ұйымдардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) ауыртпалық салу ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталмауына, оның ішінде жер қойнауын пайдалану құқықтарының шоғырлануына алып келсе бас тартады.";

      29) 123-бап мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:

      "13-1. Жер қойнауын пайдаланушы күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламасында көзделген ұңғыманы бұрғылаудан мынадай шарттар бір мезгілде сақталған:

      1) жер қойнауы учаскесінде барлау жұмыстарының жобасына және жұмыс бағдарламасына сәйкес сейсмикалық барлау жұмыстары жүргізілген;

      2) бас тарту туралы өтініш барлауға және өндіруге арналған келісімшарт жасалған күннен бастап үш жылдан кешіктірілмей берілген кезде бас тартуға құқылы.

      Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 126-бабында көзделген тәртіппен және шарттарда жер қойнауының барлық учаскесін қайтаруды жүзеге асыруға міндетті.

      Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес бұрғылаудан бас тартылған және жер қойнауы учаскесі қайтарылған жағдайда бұрғылау жөніндегі міндеттеме тоқтатылды деп есептеледі.";

      30) 126-бапта:

      2-тармақ 2) тармақшасындағы "(оның бөліктерінде) жүргізіледі." деген сөздер "(оның бөліктерінде);" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) осы Кодекстің 123-бабының 13-1-тармағына сәйкес жер қойнауының барлық учаскесі қайтарылған жағдайда, жер қойнауы учаскесінде жүргізіледі.";

      3-тармақта:

      бірінші абзац "тұлға" деген сөзден кейін ", сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жер қойнауының барлық учаскесін қайтаратыны туралы мәлімдеген жер қойнауын пайдаланушы" деген сөздермен толықтырылсын;

      1) тармақша "тоқтатылған" деген сөзден кейін "немесе жер қойнауының барлық учаскесінен бас тарту туралы өтініш берілген" деген сөздермен толықтырылсын;

      31) 129-бапта:

      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:

      "Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушының сарқылып жатқан кен орны бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша инвестициялық міндеттемесі орындалған жағдайда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын және оның инфрақұрылымын дамытуды қаржыландыру мұндай сарқылып жатқан кен орнын әзірлеуге қосымша инвестицияларды жүзеге асыруға көзделген соманың пайдаланылмаған қалдығы мөлшерінде жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Осы Кодекстің 120-бабының 10-тармағына сәйкес көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген жаңа редакциядағы көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар үшін осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттеме өндiру кезеңiнiң алғашқы жылынан бастап қолданылады.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Сарқылып жатқан кен орны бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша инвестициялық міндеттеме шеңберінде жүзеге асырылатын, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстарды қаржыландыруға жер қойнауын пайдаланушының осы мақсаттар үшін мемлекеттік бюджетке аударатын қаражаты жатады.";

      32) 130-баптың 1-тармағының төртінші бөлігі алып тасталсын;

      33) 138-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Көмірсутектерді барлаудың салдарын жою жобасы осы Кодекстің 126-бабында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жасалады.";

      34) 139-бапта:

      2-тармақтағы "Ұңғымалардың бұрғылануын және (немесе) сыналуын көздемейтін" деген сөздер "Бағалау бойынша барлау жұмыстарын, теңіздегі барлау жұмыстарын, осы Кодекстің 113-бабына сәйкес жер қойнауы учаскесін ұлғайтуды көздейтін жобаны қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      "Ұңғымалардың бұрғылануын және (немесе) сыналуын" деген сөздер "Бағалау бойынша барлау жұмыстарын, теңіздегі барлау жұмыстарын, осы Кодекстің 113-бабына сәйкес жер қойнауы учаскесін ұлғайтуды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "тиісті экологиялық рұқсат" деген сөздер "қоршаған ортаға әсер етуге міндетті бағалау жүргізу қажеттілігінің жоқ екені туралы тұжырымы бар қоршаған ортаға әсер етуді бағалаудың қамту аясын және (немесе) белгіленіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды немесе қоршаған ортаға әсер етуді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      35) 140-баптың 2-тармағында:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тәуелсіз сарапшыларды тарту және біліктілік тұрғысынан іріктеу, сондай-ақ тәуелсіз сараптамаға ақы төлеу тәртібін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган айқындайды.";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жер қойнауын пайдалану саласындағы базалық жобалау құжаттарының және әзірлеме талдауларының тәуелсіз сараптамасына жер қойнауын пайдаланушы ақы төлейді.";

      36) 142-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жобалау құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды талап етпейтін жобалау көрсеткіштерін түзету жобалау ұйымының авторлық қадағалау жүргізуі шеңберінде жүзеге асырылады.

      Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда жобалау көрсеткіштерін түзету талап етілетін жағдайлар белгіленеді.

      Жобалау шешімдерінің іске асырылуын авторлық қадағалау жөніндегі есеп базалық жобалау құжаттарының мемлекеттік сараптамасына жатпайды және оны жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға хабарлама жасау тәртібімен электрондық түрде жібереді.";

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) авторлық қадағалау;";

      4-тармақтағы "жыл сайынғы" деген сөздер алып тасталсын;

      5-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "жыл сайынғы" деген сөздер алып тасталсын;

      37) 147-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекіткен шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасында көзделген көлемдерде өзінің технологиялық қажеттіліктеріне пайдаланатын;";

      38) 21-тараудың тақырыбы "көмірсутектерді барлау мен өндіруді" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ сарқылып жатқан кен орындарында көмірсутектер өндіруді" деген сөздермен толықтырылсын;

      39) мынадай мазмұндағы 153-1-баппен толықтырылсын:

      "153-1-бап. Сарқылып жатқан кен орындарында көмірсутектерді өндіру

      1. Сарқылып жатқан кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде көмірсутектер өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы бір мезгілде мынадай шарттарды сақтауға міндетті:

      1) кен орнының осы баптың 2-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес болуы. Бұл ретте мұндай сәйкестік осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған кен орнын әзірлеу жобасында көрсетіледі;

      2) жер қойнауын пайдаланушының осы баптың 3-тармағында көзделген инвестициялық міндеттемені орындауы.

      Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жер қойнауын пайдаланушының осы баптың 3-тармағында көзделген инвестициялық міндеттемесін орындау жөніндегі міндеттеме енгізілген кезде сарқылып жатқан кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт деп танылады.

      2. Көмірсутектер кен орны оны әзірлеу барысында мынадай көрсеткіштердің кемінде біреуіне қол жеткізілген жағдайда сарқылып жатқандар санатына жатады:

      көмірсутектердің ірі кен орындары үшін қорлардың игерілуі бекітілген алынатын қорлардың жетпіс және одан көп пайызын және кен орнының су басуы сексен бес және одан көп пайызды құрауға тиіс;

      мұнай алудың ағымдағы коэффициенті бірліктің 0,4 және одан көп үлесін құрауға тиіс.

      3. Осы баптың 4-тармағында белгіленген инвестициялау коэффициентінің және өткен жылдың қорытындысы бойынша "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 723-бабына сәйкес салықтық есепке алу саясатында бекітілген жер қойнауын пайдаланушының бөлек салықтық есепке алуды жүргізу әдістемесіне сәйкес есептелген, сарқылып жатқан кен орны бойынша жылдық жиынтық кіріс сомасының көбейтіндісі ретінде есептелетін сомадан кем болмайтын мөлшерде мұндай сарқылып жатқан кен орнын әзірлеуге қосымша инвестицияларды жүзеге асыру және (немесе) осы Кодекстің 129-бабында белгіленген тәртіппен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қосымша қаржыландыру жер қойнауын пайдаланушының мұндай кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша инвестициялық міндеттемесі болып табылады.

      4. Сарқылып жатқан кен орны бойынша инвестициялау коэффициенті мұндай кен орны бойынша көмірсутектерді өндірудің нақты жылдық көлемі негізге алына отырып белгінеді және мыналарды құрайды:

Р/с

Жылдық өндіру көлемі

Инвестициялау коэффициенті, %-бен

1

2

3

1.

250 000 тоннаны қоса алғанға дейін

1,0

2.

250 000 тоннадан жоғары және 500 000 тоннаны қоса алғанға дейін

2,0

3.

500 000 тоннадан жоғары және 1 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін

3,0

4.

1 000 000 тоннадан жоғары және 2 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін

4,0

5.

2 000 000 тоннадан жоғары және 3 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін

5,0

6.

3 000 000 тоннадан жоғары және 4 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін

5,5

7.

4 000 000 тоннадан жоғары және 5 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін

6,5

8.

5 000 000 тоннадан жоғары және 7 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін

7,0

9.

7 000 000 тоннадан жоғары және 10 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін

8,0

10.

10 000 000 тоннадан жоғары

8,5

  .";

      40) 187-баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы "екінші деңгейдегі банкіндегі" деген сөздерден кейін "немесе Ұлттық пошта операторындағы" деген сөздермен толықтырылсын;

      41) 204-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы "екінші деңгейдегі банкіндегі" деген сөздерден кейін "немесе Ұлттық пошта операторындағы" деген сөздермен толықтырылсын;

      42) 214-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Пайдалы қатты қазбаларды өндіру пайдалы қазбаларды мемлекеттік есепке алуға енгізілген қорлары және (немесе) ресурстары бар және жер қойнауын пайдаланушы үшін коммерциялық қызығушылық тудыратын жер қойнауы учаскесінде жүргізіледі.";

      43) 277-бапта:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы жиырма екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар құзыретті органның рұқсатымен көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі қамтамасыз етудің тарату қоры түрінде қалыптастырылған барлық сомасын тарату қорының қаражатын тиісті кепілді қамтамасыз ету болып табылатын банктік салымға аудару жолымен банктік салымның кепіліне ауыстыруға құқылы.";

      мынадай мазмұндағы 3-2 және 5-1-тармақтармен толықтырылсын:

      "3-2. Жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарттың қолданылу мерзімі өткеннен кейін 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісім, Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған келісімшарт бойынша өндіру жүзеге асырылған көмірсутектердің ірі кен орындарына қатысты осы Кодекстің 28-бабының 1-тармағы төртінші бөлігінің, 2-тармағы үшінші бөлігінің, 36-бабының 1-1-тармағы 1) және 2) тармақшаларының, 1-2 және 2-1-тармақтарының, 4-тармағы екінші және төртінші бөліктерінің, 5-1-тармағының, 78-бабы 2-тармағының, 95-бабы 2-1-тармағының, 116-бабы 2 – 8, 11-тармақтарының, 119-бабы 1-1-тармағының, 7-тармағы екінші бөлігінің, 8-тармағы үшінші бөлігінің, 18-1 – 18-4-тармақтарының, 121-бабының 16-тармағы үшінші бөлігінің, 123-бабы 15-тармағының, 126-бабы 6-1 – 6-4-тармақтарының, 7-тармағы үшінші бөлігінің, 130-бабының 1-тармағы үшінші бөлігінің, 131-бабы 8-тармағының ережелері қолданылмайды деп белгіленсін.";

      "5-1. Осы Кодекстің 64-бабының 16-1) тармақшасы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.";

      6-тармақта:

      бірінші абзацтағы "2024" деген цифрлар "2026" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтар алып тасталсын;

      12-тармақтың бірінші абзацындағы "2024" деген цифрлар "2026" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      14-тармақта:

      бірінші абзац "тиісті қатынастарға мынадай" деген сөздер "тиісті қатынастарға, сондай-ақ осы Кодексте көзделген өзге де жағдайларда мыналар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1) тармақшадағы "2024" деген цифрлар "2026" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) көмірсутектер және уран өндіру бойынша осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру тәртібі осы Кодекстің 129-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және 178-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалатыны ескеріле отырып қолданылатын 76-баптың 1-тармағы 12) тармақшасының;";

      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-1) көмірсутектер және уран өндіру бойынша осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі осы Кодекстің 129-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 178-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес айқындалатыны ескеріле отырып қолданылатын 76-баптың 1-тармағы 12-1) тармақшасының;";

      16) тармақшадағы "2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 121 және 122-баптарының қолданысы осы Кодекстің 278-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларда жалғасады.";

      44) 278-бапта:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін жасалған пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар не берілген өндіруге арналған лицензиялар қолданылатын жер қойнауы учаскелерінің аумақтарына және (немесе) кен орындарына қатысты 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жер қойнауын пайдаланушылар "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 121-бабына сәйкес пайдалы қатты қазбалардың қорларын есептеуді жүзеге асыруға құқылы деп белгіленсін.

      Өтініш берушілер осы Кодекстің 204-бабына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия алуға өтініш берген кезде құзыретті органға "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 121-бабына сәйкес пайдалы қатты қазбалардың қорларын есептеу жөніндегі есепті ұсынуға құқылы.";

      11-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансынан мәліметтерді жүргізу 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап осы Кодекстің 72-бабына сәйкес мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу шеңберінде пайдалы қазбаларды мемлекеттік есепке алуда жүзеге асырылады.";

      12-тармақтың он бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақ көмірсутектер бойынша және уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:

      "12-1. Көмірсутектер, уран бойынша осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға тараптардың келісуі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында немесе келісімшарттарда көзделген жағдайларда өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру осы баптың 13 және 16-тармақтарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы тармақта белгіленген тәртіппен жасалады.

      Көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру жасасуға ниеті бар жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға өтініш жібереді, онда көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар, олардың негіздемелері және өтініш бойынша шешім қабылдау үшін қажетті өзге де мәліметтер жазылуға тиіс.

      Құзыретті орган келіп түскен өтінішті бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде осы Кодекстің 45-бабына сәйкес құрылатын жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының қарауына шығарады. Сараптама комиссиясы жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша өтініштерін қарау кезінде ұсынымдар әзірлеу мақсатындағы құзыретті орган жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Сараптама комиссиясы өтінішті келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды және құзыретті органға өз ұсынымдарын жібереді.

      Құзыретті орган сараптама комиссиясы ұсынымдарының негізінде сараптама комиссиясының ұсынымдары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сараптама комиссиясының ұсынымдарын ескере отырып, көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуден бас тарту туралы немесе көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде келіссөздер бастау туралы шешім шығарады.

      Құзыретті органның келіссөздерді бастау туралы шешімінде оның қолданылу мерзімі көрсетіледі.

      Көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі келіссөздерді құзыретті органның жұмыс тобы жүргізеді. Жұмыс тобы туралы ережені және оның құрамын құзыретті орган бекітеді.

      Келіссөздер жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтырудың жобасын және өзге де қажетті құжаттарды жұмыс тобының қарауына ұсынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Бұл мерзім тараптардың келісуі бойынша ұзартылуы мүмкін. Келіссөздер нәтижелері хаттамамен ресімделеді.

      Көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа жұмыс тобы мақұлдаған толықтырудың жобасына құзыретті орган оны жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға ұсынған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қол қояды.

      Көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар шарттарының жер қойнауын пайдалану құқығы берілген шарттарға қарағанда Қазақстан Республикасы үшін тиімділігі аз болмайды.

      Осы тармаққа сәйкес көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа мұндай келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзартуды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.";

      13-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзацтағы "12-тармағына" деген сөздер "12 немесе 12-1-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1) тармақшадағы "және оған түсіндірме жазба" деген сөздер алып тасталсын;

      2) тармақшадағы "ұсынылатын" деген сөз "жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа ұсынылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құзыретті орган (келісімшарт тарапы болып табылатын мемлекеттік орган) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде келіссөздер жүргізу туралы шешім қабылдаған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа, құзыретті органға (келісімшарт тарапы болып табылатын мемлекеттік органға):

      1) уранды, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттар бойынша – осы Кодекске сәйкес әзірленген, келісілген, бекітілген және сараптамалардың оң қорытындыларын алған жобалау құжаттарын және жою жоспарын (жобасын);

      2) көмірсутектерді, уранды барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттар бойынша – осы Кодекске сәйкес әзірленген, келісілген, бекітілген және сараптамалардың оң қорытындыларын алған жобалау құжаттарын жұмыс тобының қарауына ұсынуға тиіс.";

      14-1-тармақтың екінші бөлігіндегі "12" деген цифрлар "12-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      16-тармақтың бірінші бөлігіндегі "Осы" деген сөз "Уранды қоспағанда, осы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      38-тармақтың сегізінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) жер қойнауын пайдаланушының осы Кодекстің талаптарына сәйкес келетін тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі, оның ішінде көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін басым тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесіне енгізілген тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер түрлері бойынша елішілік құндылық үлесі бойынша міндеттемелері;".

      2. 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексіне:

      149-бапта:

      2-тармақ "екінші деңгейдегі банкінде" деген сөздерден кейін "немесе Ұлттық пошта операторында" деген сөздермен толықтырылсын;

      6-тармақтың екінші бөлігіндегі "екінші деңгейдегі банктің банктік салымның бар-жоғы туралы анықтамасын" деген сөздер "банктік салымның бар-жоғы туралы анықтаманы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақтағы "екінші деңгейдегі банк" деген сөздер "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі немесе Ұлттық пошта операторы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң:

      1) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 34) тармақшасының бесінші абзацын;

      2) 2023 жылғы 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 42) тармақшасын, 43) тармақшасының жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он екінші, он үшінші, он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтарын, 44) тармақшасының екінші – алтыншы абзацтарын;

      3) 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ