2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 14 маусымдағы № 10-VIII ҚРЗ.

      2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы 2021 жылғы 19 қазанда Мәскеуде жасалған хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

  Бейресми ayдарма

2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА

      Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты негізге ала отырып,

      2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарттың ережелерін назарға ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) мәтін бойынша:

      кіріспенің екінші абзацын және қорытынды бөлікті қоспағанда, тиісті септіктегі "Кеден одағының комиссиясы" деген сөздер тиісті септіктегі "Еуразиялық экономикалық комиссия" деген сөздермен ауыстырылсын;

      кіріспені қоспағанда, тиісті түрдегі және септіктегі "кеден одағына мүше мемлекет", "Кеден одағына мүше мемлекет" деген сөздер тиісті түрдегі және септіктегі "мүше мемлекет", "Мүше мемлекет" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақшадағы "кеден одағына мүше мемлекет аумағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет (бұдан әрі тиісінше - Одақ, мүше мемлекет) аумағының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшадағы "(кедендік)" деген сөз алып тасталсын; •

      4) тармақша "қатысушы" деген сөзден кейін ", субъект" деген сөзбен толықтырылсын;

      2-тармақтың күші жойылды деп танылсын;

      3-тармақтағы "2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Кеден одағының Кеден кодексінде (бұдан әрі - Кеден одағының Кеден кодексі)" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде (бұдан әрі - Одақтың Кеден кодексі)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 3-баптың атауындағы "кеден одағының кедендік аумағында" деген сөздер "мүше мемлекеттердің аумақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 5-бапта:

      екінші абзацтағы екінші сөйлем алып тасталсын;

      үшінші абзацтағы "аумағында" деген сөз "аумақтарында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 6-бапта:

      атауы "қатысушыларды", "қатысушылардың" деген сөздерден кейін тиісінше ", субъектілерді", "субъектілердің" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-тармақта:

      бірінші абзац "қатысушыны" деген сөзден кейін ", субъектіні" деген сөзбен толықтырылсын;

      екінші абзацтағы "кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді беру болып табылатыны айқындалуы мүмкін" деген сөздер "порттық немесе логистикалық ЕЭА резиденті міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді беру болып табылатыны айқындалуы мүмкін, сондай-ақ оны беру мен қолданудың мөлшері мен тәртібі белгіленуі мүмкін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтың үшінші абзацындағы "кезеңдік жарияланымын, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып" деген сөздер "Одақтың ресми сайтына орналастырылуын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 7-баптың 2-тармағының бірінші абзацындағы "ЕЭА аумағында қызметті жүзеге асыру (жүргізу) туралы келісімге (ЕЭА-дағы қызметтің шарттары туралы шартқа, инвестициялық декларацияға)" деген сөздер "ЕЭА аумағында қызметті жүзеге асыру (жүргізу) туралы келісімге (шартқа) (ЕЭА-дағы қызметтің талаптары туралы шартқа, инвестициялық декларацияға, кәсіпкерлік бағдарламаға)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"9-бап

      ЕЭА-ның аумағы және онда еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімін қолдану

      1. ЕЭА-ның аумағы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігі болып табылады.

      2. Порттық және логистикалық ЕЭА-ның шектері Одақтың кедендік шекарасы болып табылады.

      3. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын ЕЭА-ның аумағы (барлығы немесе оның бір бөлігі) өзінің аумағында осы ЕЭА құрылған мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалады.

      4. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын ЕЭА аумағында Одақтың Кедендік кодексіне сәйкес еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарлар мен Одақтың тауарлары, сондай-ақ өзінің аумағында ЕЭА құрылған мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын ЕЭА-ның аумағында болуына (орналастырылуына) тыйым салынған шетелдік тауарларды және (немесе) Одақтың тауарларын және (немесе) осындай тауарлардың санаттарын қоспағанда, өзге шетелдік тауарлар мен Одақтың тауарлары бола (орналастырыла) алады және (немесе) пайдаланыла алады.

      5. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі Одақтың Кеден кодексіне сәйкес қолданылады.";

      8) 10-баптың күші жойылды деп танылсын;

      9) 25 және 26-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

"25-бап Өзгерістер енгізу

      Осы Келісімге жеке хаттамалармен ресімделетін және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер енгізілуі мүмкін.

26-бап Дауларды шешу

      Осы Келісімді түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта айқындалған тәртіппен шешіледі.".

      2-бап

      Осы Хаттама мүше мемлекеттердің осы Хаттаманың күшіне енуіне қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күнінен бастап күшіне енеді.

      2021 жылғы "19" қазанда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.

      Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарию бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

Армения Республикасы үшін Беларусь Республикасы үшін Қазақстан Республикасы үшін Қырғыз Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін


      Осымен осы мәтін 2021 жылғы 19 қазанда Мәскеу қаласында қол қойылған 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың толық және дәлме-дәл көшірмесі болып табылатынын куәландырамын:

      Армения Республикасы үшін - Армения Республикасының Премьер-Министрі Н.В.Пашинян;

      Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасының Президенті A.Г.Лукашенко;

      Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев;

      Қырғыз Республикасы үшін - Қырғыз Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Т.Т.Мамытов;

      Ресей Федерациясы үшін - Ресей Федерациясының Президенті B.В.Путин.

      Түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.

      Еуразиялық экономикалық
комиссияның бірінші департаментінің
Директоры
В.И. Тараскин

      Мәскеуде жасалған 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың қазақ тіліндегі аудармасы дәлме-дәл және орыс тіліндегі мәтінге сәйкес келеді.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министірлігінің
Мемлекеттік тілді дамыту
басқармасының басшысы
I. Жүсіпова
      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму вице-министрі
М. Қарабаев