2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссияның және Еуразиялық экономикалық одақ сотының лауазымды адамдары мен қызметкерлерін зейнетақымен қамсызданды

Қазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 2 қарашадағы № 151-VII ҚРЗ

      2022 жылғы 24 наурызда Мәскеуде жасалған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссияның және Еуразиялық экономикалық одақ сотының лауазымды адамдары мен қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

  Бейресми аударма

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссияның және Еуразиялық экономикалық одақ сотының лауазымды адамдары мен қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бөлігінде өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА

      Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 115-бабын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) XXVII бөлім мынадай мазмұндағы 106-баппен1 толықтырылсын:

"106-бап1 XXVIII бөлімге қатысты өтпелі ережелер

      Еуразиялық экономикалық одақтағы әлеуметтік кепілдіктер, артықшылықтар мен иммунитеттер туралы ереженің (осы Шартқа № 32 қосымша) 53-тармағында көзделген тәртіппен 2022 ж. 24 наурызда қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссияның және Еуразиялық экономикалық одақ сотының лауазымды адамдары мен қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттамамен (бұдан әрі - Өзгерістер енгізу туралы Хаттама) енгізілген мемлекеттік азаматтық қызмет өтілінің ұзақтығы бөлігіндегі өзгерістерді есепке алмағанда, еңбек сіңірген жылдары үшін мыналарға:

      Еуразиялык экономикалық одақтағы әлеуметтік кепілдіктер, артықшылықтар мен иммунитеттер туралы ереженің (осы Шартқа № 32 қосымша) 53-тармағына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алу құқығына ие болған және Өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енген күнге дейін Комиссияда немесе Одақтың Сотында атқаратын лауазымдарынан босатылған адамдар үшін;

      Өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енген күнге Комиссияда немесе Одақтың Сотында лауазымды атқаратын және осы күнге еңбек сіңірген жылдарына зейнетақы тағайындау үшін кемінде 20 жыл мемлекеттік азаматтық қызмет өтілі бар адамдар үшін;

      Өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енген күнге Комиссияда немесе Одақтың Сотында лауазымды атқаратын, осы күнге еңбек сіңірген жылдарына зейнетақы тағайындау үшін кемінде 15 жыл мемлекеттік азаматтық қызмет өтілі бар және Өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енген күнге дейін Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес қарттығына (мүгедектігіне) байланысты сақтандыру зейнетақысына құқық алған адамдар үшін зейнетақы алу қүқығы сақталады.

      Аталған адамдар санатына еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы 2016 ж. 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қолданыста болған, федералдық мемлекеттік азаматтық қызметшілер үшін Ресей Федерациясының заңнамасында айқындалған шарттарға сәйкес және тәртіппен тағайындалады.";

      2) Еуразиялық экономикалық одақтағы әлеуметтік кепілдіктер, артықшылықтар мен иммунитеттер туралы ереженің (көрсетілген Шартқа № 32 қосымша) 53-тармағы бірінші абзацының бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: "Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын, Комиссияда және Одақтың Сотында жұмыс істегенге дейін Ресей Федерациясының мемлекеттік қызмет лауазымын атқарған, Комиссияда және Одақтың Сотында атқарған лауазымдардан босатылған (кінәлі әрекеттеріне байланысты босатылған жағдайларды қоспағанда) және тиісті жылы федералдык мемлекеттік азаматтық қызметшілерге еңбек сіңірген жылдарына зейнетақы тағайындау үшін Ресей Федерациясының заңнамасында белгіленген ұзақтығымен мемлекеттік азаматтық қызмет өтілі бар Комиссияның және Одақ Сотының лауазымды адамдары мен қызметкерлері, егер олар Комиссиядан немесе Одақтың Сотынан босатылудың алдында кемінде 3 жыл соларда лауазымды атқарса, федералдық мемлекеттік азаматтық қызметшілер үшін Ресей Федерациясының заңнамасында айқындалған шарттарға сәйкес және тәртіппен тағайындалатын еңбек сіңірген жылдарына зейнетақы алуға құқығы бар.".

2-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.

      2022 жылғы 24 наурызда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.

      Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

Армения Республикасы үшін Беларусь Республикасы үшін Қазақстан Республикасы үшін Қырғызстан Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін

      Осымен қазақ тіліндегі осы мәтін 2022 жылғы 24 наурызда Мәскеу қаласында қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссияның және Еуразиялық экономикалық одақ сотының лауазымды адамдары мен қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманың толық және теңтүпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын куәландырамын:

      Армения Республикасы үшін - Армения Республикасының Премьер-Министрі Н.В.Пашинян;

      Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасының Президенті A.Г.Лукашенко;

      Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев;

      Қырғыз Республикасы үшін - Қырғыз Республикасының Президенті С.Н.Жапаров;

      Ресей Федерациясы үшін - Ресей Федерациясының Президенті B.В.Путин.

      Түпнұсқа данасы орыс тілінде Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.

      Еуразиялық экономикалық
комиссияның Құқықтық
департаментінің директоры
В. И. Тараскин