Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 3 қаңтардағы № 406-VI ҚРЗ

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-І, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 21-I, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-І, 47, 49-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат; № 13, 45-құжат; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 72-құжат; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-I, 119-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 10, 39-құжат; № 13, 67-құжат; № 16, 77-құжат):

      1) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;";

      2) 39-3-баптың 3-тармағының 4-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-2) жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беру;".

      2. "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 29-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; 2015 ж., № 19-II, 102-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2017 ж., № 14, 54-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; № 22, 82-құжат; 2020 ж., № 12, 61-құжат):

      1) 7-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 15-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "15-3) Қордың Қоғамдық кеңесі туралы ережені бекіту;";

      2) 2-тарау мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:

      "11-1-бап. Қордың Қоғамдық кеңесі

      Азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру, Қор мен Қордың тобына кіретін ұлттық компаниялар қызметінің есептілігін және ашықтығын арттыру мақсатында Қор консультативтік-кеңесші орган – Қордың Қоғамдық кеңесін құрады.".

      3. "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-І, 120-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 9, 27-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 39-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2020 ж., № 16, 77-құжат):

      1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Заң қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесін, оларды қалыптастыру тәртібін және халық алдында есеп беретін мемлекетті қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың (бұдан әрі – квазимемлекеттік сектор субъектілері) шешімдер қабылдауына коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.";

      2) 1-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп, министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, жергілікті мемлекеттік басқару органдары, квазимемлекеттік сектор субъектілері өздерінің құзыретіндегі мәселелер бойынша құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы органдар қоғамдық кеңестер болып табылады.";

      3, 5, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қоғамдық кеңестер осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңда көзделген тәртіппен қалыптастырылады.";

      "5. Қоғамдық кеңестердің республикалық деңгейіне, осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп, министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері құратын қоғамдық кеңестер жатады.";

      "8. Қоғамдық кеңестердің ұсынымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімдерді қабылдайтын және уәжді жауаптар беретін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарауы үшін міндетті болып табылады.

      9. Тиісті өңірдегі, саладағы, қызмет аясындағы әлеуметтік-экономикалық даму және істердің жай-күйі үшін жауапкершілік Қоғамдық кеңеске жүктелмейді және мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде болады.";

      3) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:

      "2-1-бап. Қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері жөніндегі уәкілетті орган

      1. Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.

      2. Қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:

      1) қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) республикалық және жергілікті деңгейлерде қоғамдық кеңестердің қызметін үйлестіруді және әдістемелік қолдап отыруды жүзеге асырады;

      3) Қазақстан Республикасының қоғамдық кеңестер туралы заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;

      4) Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;

      5) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      6) жыл сайын Қазақстан Республикасындағы қоғамдық кеңестердің қызметі туралы ұлттық баяндаманы дайындауды және кейіннен Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну үшін ағымдағы жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді жүзеге асырады;

      7) қоғамдық кеңестердің құрамын қалыптастыру жөніндегі, сондай-ақ жергілікті деңгейдегі сандық құрам жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдайды;

      8) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";

      4) 3-баптың 2-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) орталық атқарушы органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту;

      3) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және орталық атқарушы органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.";

      5) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бап. Қоғамдық кеңестер қызметінің қағидаттары

      Қоғамдық кеңестер өз қызметін мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырады:

      1) тәуелсіздік;

      2) мүшелерінің қоғамдық негіздегі қызметі;

      3) автономдық;

      4) дербестік;

      5) жариялылық.";

      6) 5-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-бап. Министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару органдары құратын қоғамдық кеңестердің өкілеттіктері";

      1-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару органдары құратын қоғамдық кеңестердің өкілеттіктеріне мыналар жатады:";

      1) және 2) тармақшалардағы "және үкіметтік" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есептерді талқылау;";

      5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою), Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу;

      6) Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік органның немесе өңірдің тиісті қызмет саласының қоғамдық маңызы бар мәселелері бойынша, оның ішінде мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау;";

      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) Қоғамдық кеңес туралы ережені бекіту;";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) қоғамдық бақылауды осы Заңда көзделген нысандарда жүзеге асыру;";

      9) тармақша алып тасталсын;

      12) тармақшадағы "қарау жатады." деген сөздер "қарау;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

      "13) мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, жергілікті деңгейде заңдылықты қамтамасыз ету және адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын сақтау мәселелері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде құқық қорғау органдары басшыларының ақпаратын тыңдау.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 4-1), 6), 7), 8) және 13) тармақшаларында көзделген өкілеттіктердің орындалу қорытындылары бойынша Қоғамдық кеңес тиісті мемлекеттік органға ұсынымдар енгізеді, ол – бір ай ішінде, ал 1) тармақша бойынша он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімдерді қабылдайды және (немесе) тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қоятын уәжді жауапты береді.";

      7) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:

      "5-1-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілері құратын қоғамдық кеңестердің өкілеттіктері

      1. Квазимемлекеттік сектор субъектілері құратын қоғамдық кеңестердің өкілеттіктеріне мыналар жатады:

      1) стратегиялар мен даму жоспарларының жобаларын талқылау;

      2) стратегиялар мен даму жоспарларының іске асырылу есептері мен мониторингін талқылау;

      3) қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижелерін талқылау;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және мемлекеттік органдарға енгізу;

      5) қызмет бағыттары бойынша комиссиялар құру;

      6) Қоғамдық кеңес туралы ережені бекіту;

      7) осы Заңда көзделген нысандарда қоғамдық бақылауды жүзеге асыру.

      2. Осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 7) тармақшаларында көзделген өкілеттіктерді орындау қорытындылары бойынша Қоғамдық кеңес тиісті квазимемлекеттік сектор субъектісіне ұсынымдарды енгізеді, ол – бір ай ішінде, ал 1) тармақша бойынша он жұмыс күні ішінде тиісті квазимемлекеттік сектор субъектісінің бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қоятын уәжді жауапты береді.

      3. Ұлттық әл-ауқат қоры және Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұлттық компаниялар (бұдан әрі – Қор) құратын Қоғамдық кеңестің өкілеттіктері "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілетін Қоғамдық кеңес туралы ережеде (бұдан әрі – Қордың Қоғамдық кеңесі туралы ереже) айқындалады.";

      8) 7-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоғамдық кеңестер мүшелерінің өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негізде және тәртіппен, осы Заңның 1-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес қоғамдық кеңестер құрылмайтын мемлекеттік органдарды қоспағанда, осы Заңның 5-бабының 1-тармағында көзделген мәселелер бойынша – мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына, сондай-ақ осы Заңның 5-1-бабының 1-тармағында көзделген мәселелер бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілеріне кіруге;

      2) осы Заңның 1-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес қоғамдық кеңестер құрылмайтын мемлекеттік органдарды, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтер қаралатын отырыстар мен іс-шараларды қоспағанда, осы Заңның 5-бабының 1-тармағында және 5-1-бабының 1-тармағында көзделген мәселелер бойынша мемлекеттік органдар, жергілікті мемлекеттік басқару органдары, квазимемлекеттік сектор субъектілері өткізетін іс-шараларға қатысуға;

      3) осы Заңда белгіленген өз өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жүгінуге;

      4) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты, Қоғамдық кеңесте қаралуға жататын нормативтік құқықтық актілерді айқындау жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.

      Қоғамдық кеңестердің қарау үшін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын айқындау тәртібі Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеде айқындалады;

      5) мемлекеттік органнан, жергілікті мемлекеттік басқару органынан, квазимемлекеттік сектор субъектісінен Қоғамдық кеңес мүшесінің мәртебесін куәландыратын құжатты алуға;

      6) тиісті мемлекеттік органның құзыретіне жатқызылған мәселелерді талқылау үшін мемлекеттік органдардың өкілдерін Қоғамдық кеңестің отырысына шақыруға;

      7) қажеттілігіне қарай тұрақты және (немесе) уақытша жұмыс органдарын: комитеттер мен сараптама топтарын құруға құқығы бар. Тұрақты және (немесе) уақытша жұмыс органдарын ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу тәртібі Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеде айқындалады;

      8) ерекше тәртіп қолданыла отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуды қоспағанда, тиісті мемлекеттік органның мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық комиссияларына қатысуға;

      9) тиісті квазимемлекеттік сектор субъектісінің сатып алу жөніндегі тендерлік комиссияларына (аукциондық комиссияларына) қатысуға құқығы бар.";

      2-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) өз қызметі туралы жылдық есепті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға және (немесе) тиісті мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, квазимемлекеттік сектор субъектісінің интернет-ресурсында орналастыруға;";

      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қол жеткізуге шектеу қойылмайтын ақпаратты қоспағанда, мемлекеттік органнан, жергілікті өзін-өзі басқару органынан немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінен алынған дербес деректерді дербес деректер субъектісінің келісімінсіз таратпауға, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге міндетті.";

      9) 8-бапта:

      1, 2, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Республикалық және жергілікті деңгейлердегі қоғамдық кеңестер мен олардың құрамдарын жетекшілері азаматтық қоғамнан өкілдік ететін жұмыс топтарының мүшелері арасынан дауыс беру арқылы сайланатын жұмыс топтары қалыптастырады.

      2. Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан, квазимемлекеттік сектор субъектісінен өкілдік ету жұмыс тобы мүшелері жалпы санының үштен бірінен аспайды. Осы өкілдіктің дербес құрамын мемлекеттік органның басшысы, квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының басшысы өз бетінше айқындайды.";

      "4. Жұмыс тобының құрамын республикалық деңгейде – тиісті мемлекеттік органның басшысы, квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының басшысы, жергілікті деңгейде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік мәслихатының хатшысы бекітеді.

      5. Азаматтық қоғамнан жұмыс тобының мүшелерін іріктеу тәртібі, отырыстарын өткізу мерзімдері, құжаттар тізбесі, өкілеттіктер және жұмыс тобы қызметінің өзге де мәселелері Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеде немесе Қордың Қоғамдық кеңесі туралы ережеде көзделген тәртіппен айқындалады.

      6. Жұмыс тобы Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің негізінде әзірлейді.

      Осы тармақтың талаптары Қордың Қоғамдық кеңесі туралы ережені әзірлеу кезінде қолданылмайды.";

      10) 9, 10 және 11-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-бап. Қоғамдық кеңестерді қалыптастыру тәртібі

      1. Жұмыс тобы қоғамдық кеңестердің құрамын мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдері арасынан және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтардан қалыптастырады.

      2. Қоғамдық кеңестердің жаңа құрамын қалыптастыру рәсімі осы тарауда белгіленген тәртіпке сәйкес қоғамдық кеңестердің жұмыс істеп тұрған құрамының өкілеттіктер мерзімі өткенге дейін екі ай бұрын басталады.

      Қоғамдық кеңестердің жұмыс істеп тұрған мүшелері осы Заңның 10-бабында көзделген жалпы негіздерде конкурсқа қатысу үшін өз өтініштерін беруге құқылы.

      3. Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын жұмыс тобы:

      1) республикалық деңгейде:

      министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар құратын қоғамдық кеңестерде – он бестен отыз мүшеге дейін;

      квазимемлекеттік сектор субъектілері құратын қоғамдық кеңестерде – оннан он бес мүшеге дейін;

      2) жергілікті деңгейде осы Заңның 2-1-бабының 2-тармағы 7) тармақшасының ережелерін ескере отырып айқындайды.

      4. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады. Республикалық деңгейдегі қоғамдық кеңестерді қалыптастыру кезінде сол бір адам бір Қоғамдық кеңестің ғана мүшесі болып сайлана алады.

      5. Сол бір адам қатарынан екі реттен артық Қоғамдық кеңестің мүшесі болып сайлана алмайды.

      6. Жұмыс тобы конкурс туралы хабарландыруды олардың атауын, пошталық мекенжайын, құжаттарды беру мерзімдерін, конкурсқа қатысу үшін осы Заңның 10-бабына сәйкес құжаттар мен өзге де мәліметтер жіберілетін электрондық поштаның мекенжайын көрсете отырып, республикалық және (немесе) жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, квазимемлекеттік сектор субъектісінің интернет-ресурсында орналастырады.

      7. Жұмыс тобы конкурсты Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге немесе Қордың Қоғамдық кеңесі туралы ережеге сәйкес өткізеді және Қоғамдық кеңестің құрамын қалыптастырады, сондай-ақ осы органның мүшелері шығып қалған жағдайда Қоғамдық кеңеске кандидаттардың резервтік тізімін айқындайды.

      8. Қоғамдық кеңестің қалыптастырылған құрамын республикалық деңгейде – тиісті мемлекеттік органның басшысы, тиісті квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының басшысы, жергілікті деңгейде мәслихат бекітеді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) тиісті органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.

      Қоғамдық кеңестің сайланған құрамының өкілеттіктер мерзімі үш жылды құрайды.

      9. Қоғамдық кеңес:

      1) азаматтық қоғамнан өкілдік ететін Қоғамдық кеңес мүшесінің өкілеттіктері тоқтатылған;

      2) осы баптың 3-тармағына сәйкес ұсынылатын сандық құрамды ескере отырып, Қоғамдық кеңестің санын ұлғайту қажет болған жағдайларда, өз құрамына кандидаттарды Қоғамдық кеңеске кандидаттардың резервтік тізімінен іріктеу туралы шешім қабылдайды.

      Қоғамдық кеңеске кандидаттардың резервтік тізіміндегі кандидат Қоғамдық кеңеске мүше болудан бас тартқан және Қоғамдық кеңеске кандидаттардың резервтік тізімінде басқа кандидаттар болмаған жағдайларда, Қоғамдық кеңес Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеде немесе Қордың Қоғамдық кеңесі туралы ережеде көзделген тәртіппен Қоғамдық кеңестің құрамына қосымша конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды.

      10. Мемлекеттік органнан, квазимемлекеттік сектор субъектісінен өкілдік ететін Қоғамдық кеңес мүшесінің өкілеттіктері тоқтатылған кезде Қоғамдық кеңестің өкілеттігін тоқтатқан мүшесінің орнына жаңа мүшесін қосу туралы шешімді тиісті мемлекеттік органның басшысы, тиісті квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының басшысы қабылдайды.

      10-бап. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар

      1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес жергілікті деңгейде қалыптастырылған жағдайда – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

      Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

      2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

      3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

      2. Конкурсқа қатысу үшін:

      1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

      2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

      3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

      4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.

      Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.

      Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

      3. Кандидаттар мынадай жағдайлардың бірі болған кезде:

      1) осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

      2) осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаса;

      3) анық емес ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынса, сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

      4. Қордың Қоғамдық кеңесі туралы ережеде Қордың Қоғамдық кеңесі мүшелігіне кандидаттарға қосымша талаптар көзделуі мүмкін.

      11-бап. Қоғамдық кеңестің ұйымдық құрылымы және оның төралқасының өкілеттіктері

      1. Отырыс Қоғамдық кеңестің жоғары органы болып табылады.

      2. Қоғамдық кеңестің қызметіне басшылықты жедел жүзеге асыру үшін оның отырыстарының арасындағы кезеңде Қоғамдық кеңес төралқасы сайланады. Қоғамдық кеңес төралқасының құрамына Қоғамдық кеңестің төрағасы, өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің уәкілетті өкілі, Қоғамдық кеңес комиссияларының төрағалары, жекелеген мүшелері кіреді.

      3. Қоғамдық кеңес төралқасының отырыстарына Қазақстан Республикасы Парламентінің осы Қоғамдық кеңестің мүшелері болып табылмайтын депутаттары қатыса алады.

      4. Қоғамдық кеңестің төралқасы:

      1) Қоғамдық кеңес комиссияларының жұмысын үйлестіреді;

      2) Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізуге дайындықты ұйымдастырады;

      3) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді;

      4) Қоғамдық кеңес ұсынымдарының орындалуына мониторингті жүзеге асырады.";

      11) 12-бапта:

      1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) республикалық мемлекеттік органның, жергілікті мемлекеттік басқару органының, квазимемлекеттік сектор субъектісінің отырыстарына кеңесші дауыс беру құқығымен қатысады;";

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Қоғамдық кеңестің хатшысы Қоғамдық кеңес мүшесі болып табылмайды.";

      12) 13-бапта:

      2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Республикалық деңгейде Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған тиісті мемлекеттік орган немесе квазимемлекеттік сектор субъектісі жүзеге асырады.

      Жергілікті деңгейде Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мәслихаты жүзеге асырады.

      Өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған тиісті мемлекеттік органның басшысы, тиісті квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының басшысы, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік мәслихатының хатшысы Қоғамдық кеңес төрағасымен келісу бойынша Қоғамдық кеңес хатшысының міндеттерін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарты бойынша тартылатын жұмыскерге жүктейді.";

      13) 14-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоғамдық кеңес халыққа:

      1) өзінің азаматтық қоғаммен және мемлекеттік органдармен, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерімен іс-қимыл жасау нәтижелері;

      2) Қоғамдық кеңестің құрамы;

      3) отырыстардың күн тәртібі;

      4) қабылданған шешімдер;

      5) қоғамдық маңызы бар басқа да мәселелер туралы хабар береді.";

      14) 15-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қоғамдық кеңестің мүшесі денсаулық жағдайына байланысты оның жұмысына қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайда не мынадай негіздер бойынша:

      1) ол қайтыс болған жағдайда;

      2) сот хабарсыз кетті деп танығанда;

      3) сот қайтыс болды деп жариялағанда;

      4) сот Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танығанда;

      5) Қоғамдық кеңестің отырыстарына дәлелсіз себептермен бір жыл ішінде үш реттен артық қатыспағанда;

      6) Қоғамдық кеңестің азаматтық қоғамнан сайланған мүшесі мемлекеттік қызметке кіргенде;

      7) Қоғамдық кеңеске өкілі сайланған коммерциялық емес ұйым таратылған жағдайда;

      8) осы Заңның 10-бабының 1-тармағында көзделген негіздер басталған жағдайда, Қоғамдық кеңестің шешімімен оның құрамынан мерзімінен бұрын шығарылуы мүмкін.

      3. Қоғамдық кеңес осы Заңның 9-бабының 9 және 10-тармақтарында айқындалған тәртіппен Қоғамдық кеңестің құрамына шығып қалған мүшесінің орнына оның өкілеттіктерінің қалған мерзіміне жаңа мүшесін қосу туралы шешім қабылдайды.";

      15) 3-тарау мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:

      "15-1-бап. Қоғамдық кеңестің қызметін тоқтату

      1. Қоғамдық кеңес осы Заңның 9-бабы 8-тармағының екінші бөлігінде көзделген өкілеттіктер мерзімі өткеннен кейін немесе өзінің құрылуына қатысқан мемлекеттік орган, квазимемлекеттік сектор субъектісі таратылған жағдайда өз қызметін тоқтатады.

      Қоғамдық кеңес өзнің құрылуына қатысқан мемлекеттік орган, квазимемлекеттік сектор субъектісі қайта ұйымдастырылған жағдайда, қайта ұйымдастырылған мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз қызметін жалғастырады.

      2. Қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде Қоғамдық кеңесті қалыптастыру осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.";

      16) 16-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоғамдық кеңес қоғамдық бақылауды мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шешімдер қабылдау процесіне азаматтық қоғамның қатысу мүмкіндігін кеңейту мақсатында жүзеге асырады.";

      2-тармақтың 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің тиімділігін, ашықтығын және бүкпесіздігін арттыру;";

      "3) азаматтардың мемлекет пен оның органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне сенім деңгейін арттыру, қоғам мен мемлекет арасында кері байланысты қамтамасыз ету, әлеуметтік жанжалдардың алдын алу және оларды шешу;";

      17) 17-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоғамдық бақылау субъектілерінің қоғамдық мониторинг, қоғамдық тыңдау, қоғамдық сараптама және мемлекеттік орган, квазимемлекеттік сектор субъектісі жұмысының нәтижелері туралы есепті тыңдау нысандарында жүзеге асырылатын, қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған қызметі қоғамдық бақылау деп түсініледі.

      2. Республикалық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының қызметі, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметі қоғамдық бақылау объектісі болып табылады.";

      18) 18-баптың 1, 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоғамдық бақылау субъектілері тарапынан мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін байқауды білдіретін қоғамдық бақылау рәсімі қоғамдық мониторинг болып табылады.

      2. Осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 1), 5) және 6) тармақшаларында, 5-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген мәселелерді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қоғамдық маңызы бар шешімдерін олардың қоғамдық мүдделерге сәйкестігі мәселесі бойынша жария талқылау үшін жиналыс өткізу арқылы жүзеге асырылатын қоғамдық бақылау рәсімі қоғамдық тыңдау деп түсініледі.";

      "4. Мемлекеттік орган, квазимемлекеттік сектор субъектісі жұмысының нәтижелері туралы есепті тыңдау қоғамдық бақылау рәсімі болып табылады және Қоғамдық кеңестің отырысында осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген мәселелер бойынша – мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, осы Заңның 5-1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген мәселелер бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметі нәтижелерін жария талқылауды білдіреді.";

      19) 20-бапта:

      2 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қоғамдық мониторинг мемлекеттік органдардың – мемлекеттік қызметтер көрсетуі, мемлекеттік бағдарламаларды, стратегиялық жоспарларды және бюджеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыруы, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің стратегияларды және даму жоспарларын іске асыруы, мемлекеттік қызметтер көрсетуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қолдану нәтижесінде азаматтар үшін теріс салдарларды және қоғамдық мүдделерге қысым жасалуын анықтау мақсатында жүзеге асырылады.";

      "4. Қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде Қоғамдық кеңестің мүшелері мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарынан, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінен Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша, мониторингтің нысанасына жататын қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.";

      5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) нормативтік құқықтық актілерге, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ішкі құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар қамтылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қоғамдық мониторингтің қорытындысы негізінде Қоғамдық кеңес ұсынымдарды қабылдайды және тиісті мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жібереді.";

      20) 21-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоғамдық кеңес қоғамдық тыңдауды осы Заңның 1-бабының 5 және 6-тармақтарында айқындалған республикалық немесе жергілікті мемлекеттік басқару органымен, квазимемлекеттік сектор субъектісімен келісілген мерзімдерде өткізеді.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      8-тармақтың 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бақыланатын мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы туралы ақпарат;";

      "3) нормативтік құқықтық актілерге, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ішкі құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар қамтылады.";

      9-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, қоғамдық бақылау субъектілеріне;

      2) зерделеу және шаралар қолдану үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін бақылауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға;";

      мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:

      "10. Осы баптың талаптары Қордың Қоғамдық кеңесінің қызметіне байланысты қатынастарға қолданылмайды.";

      21) 22-бапта:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоғамдық сараптаманы Қоғамдық кеңестің өз отырысында қабылдаған тапсырмасы бойынша қоғамдық бірлестіктер құратын сараптама комиссиялары жүзеге асырады.

      Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау, сондай-ақ жеке тұлғалардың, елді мекендердің және өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге теріс әсер ететін факторларды жою тұрғысынан мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қабылданатын шешімдерінің жобалары қоғамдық сараптама объектілері болып табылады.

      2. Қоғамдық кеңеске тиісті өтінішхат жіберетін жеке тұлғалар және (немесе) халықаралық және шетелдік ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдар қоғамдық сараптаманың бастамашылары бола алады.";

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Осы баптың талаптары Қордың Қоғамдық кеңесінің қызметіне байланысты қатынастарға қолданылмайды.";

      22) 23-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Заңның 18-бабы 4-тармағының ережелеріне сәйкес жұмыс нәтижелері туралы есепті тыңдау республикалық деңгейдегі мемлекеттік органның бірінші басшысының, квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органы басшысының баяндамасын және Қоғамдық кеңес төрағасының қосымша баяндамасын, ал аумақтарда – әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің баяндамасын және мәслихат хатшысының, Қоғамдық кеңес төрағасының қосымша баяндамаларын қамтиды.";

      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қамтылуға тиіс.".

      4. "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-I, 46-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53, 55-құжаттар; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; 2020 ж., № 10, 42-құжат; № 13, 67-құжат; № 16, 77-құжат):

      1) 20-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Орталық мемлекеттік орган, жергілікті өкілді немесе жергілікті атқарушы орган Қоғамдық кеңестің ұсынымдарымен келіскен кезде нормативтік құқықтық актінің жобасына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді және он жұмыс күні ішінде Қоғамдық кеңеске тиісті хат жібереді.";

      2) 44-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты болса және осы Заңның 20-бабы 2-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қоғамдық кеңестің ұсынымдарынсыз, сондай-ақ 20-баптың 3-тармағының талаптары бұзыла отырып қабылданса;".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ