ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі):
1) 1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 57-1) және 61-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"57-1) салық төлеушінің паспорты – кәсіпкерлік субъектісінің салықтық құпия болып табылмайтын және салық органы қалыптастыратын штрих-кодта қамтылатын ақпараттық картасы;";
"61-1) салықтық мобильдік қосымша – ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында орнатылған және іске қосылған және салық төлеушілер үшін электрондық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділік беретін бағдарламалық өнім;";
2) 24-баптың бірінші бөлігінде:
18) тармақша алып тасталсын;
бірінші бөлік "төлем карточкаларын" деген сөздерден кейін "және мобильдік төлемдерді" деген сөздшоғырермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі "санаттары мен тізімін" деген сөздер "санаттарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
20) тармақшадағы "ұсынуға міндетті." деген сөздер "ұсынуға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 21), 22) және 23) тармақшалармен толықтырылсын:
"21) осы Кодекстің 686-1-бабы 4-тармағының ережелеріне сәйкес мәліметтері арнаулы мобильдік қосымшаның чектері бойынша осындай қосымшаға түсетін төлемдер сомаларын қоспағанда, жекелеген арнаулы салық режимдерін қолданатын және арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушылар болып табылатын дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер-жеке тұлғалар бойынша уәкілетті органға күнтізбелік ай үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған шотқа түскен төлемдердің жиынтық сомалары жөніндегі мәліметтерді ұсынуға міндетті.
Мәліметтерді ұсыну тәртібін, нысаны мен мерзімдерін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейді;
22) осы Кодекстің 779-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде жүзеге асырылған, күнтізбелік жыл үшін төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы ақпаратты уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей беруге міндетті.
Уәкілетті орган ақпарат алу мақсатында осы Кодекстің 778-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға есепті жылдан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей жібереді.
Осы тармақшаның бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген ақпарат пен мәліметтер уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілеген тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде беріледі;
23) белгілі бір өлшемшарттар бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар анықталған операциялар бойынша дара кәсіпкерлер немесе жеке практикамен айналысатын адамдар ретінде тіркеу есебінде тұрмаған жеке тұлғалар бойынша мәліметтерді уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
Жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарын, мәліметтерді ұсыну тәртібін, нысаны мен мерзімдерін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейді.";
3) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:
"24-1-бап. Төлем ұйымдарының уәкілетті органға ақпарат беру жөніндегі міндеті
Төлем ұйымдары осы Кодекстің 779-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде жүзеге асырылған, күнтізбелік жыл үшін төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы ақпаратты уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей беруге міндетті.
Уәкілетті орган ақпарат алу мақсатында осы Кодекстің 778-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді төлем ұйымдарына есепті жылдан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей жібереді.
Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген ақпарат пен мәліметтер уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілеген тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде беріледі.";
4) 30-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
"11-1) осы Кодекстің 779-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген шетелдік компаниялардың пайдасына жеке тұлғалар жүзеге асырған төлемдер мен аударымдардың сомаларына қатысты ақпаратты уәкілетті органның алуы мақсатында осы Кодекстің 778-бабында көрсетілген мәліметтер бөлігінде екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, төлем ұйымдарына;";
5) 48-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жасалған инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің қолданылу кезеңі үшін осындай келісімнің қолданылу кезеңі ішінде және инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің қолданылу мерзімі өткен немесе қолданысы өзгедей тоқтатылған күннен кейін бес жыл ішінде, осындай келісімнің қолданысы тоқтатылған жылдан кейінгі жылдың бірінші қаңтарынан бастап салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің сомасын есептеуге, ал салық органы есептеуге және есепке жазуға құқылы.";
6) 49-баптың 9-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасындағы "осы Кодекстің 136-бабының 4-тармағына сәйкес" деген сөздер алып тасталсын;
7) 51-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын тең үлестермен ай сайын немесе тоқсан сайын төлей отырып, мерзімін ұзарту үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі. Бұл ретте салықтарды және (немесе) төлемақыларды бір жылдан астам мерзімге төлеу бойынша мерзімін ұзарту салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның жылжымайтын мүлкін кепілге қоюмен және (немесе) банк кепілдігімен ғана берілуі мүмкін.";
8) 52-баптың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
"жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның жалғыз тұрғынжайы;";
9) 59-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған күннен бастап қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асырмайтын қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын не қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын;";
10) 66-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған күннен бастап қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асырмайтын қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын не қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын;";
11) 69-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) тауарлардың айналымын қадағалап отыру жүзеге асырылады.";
12) 73-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі 4) тармақшасындағы "жіберу жолымен ұсынады." деген сөздер "жіберу;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) салықтық мобильдік қосымша арқылы жіберу жолымен ұсынады.";
13) мынадай мазмұндағы 75-1-баппен толықтырылсын:
"75-1-бап. Салық төлеушінің паспорты
1. Салық төлеушінің паспортын қоғамдық тамақтандыру және сауда салаларында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер тікелей бақылау-касса машиналары тұрған және халыққа хабар беру үшін жалпыға бірдей қолжетімді орындарда орналастырады.
2. Салық төлеушінің паспортында мынадай мәліметтер қамтылады:
1) сәйкестендіру нөмірі;
2) дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның атауы;
3) дара кәсіпкердің, заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
4) салық төлеушінің мәртебесі – әрекет ететін, әрекет етпейтін, салықтық есептілікті ұсынуды тоқтатқан;
5) тiркеу есебiне қойылған күн, тiркеу есебiнен шығарылған күн;
6) бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі, бақылау-касса машинасын пайдалану орны;
7) алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияның болуы немесе болмауы.
3. Салық төлеуші паспортының мәліметтерін салық органы айына бір рет есепті айдан кейiнгi екінші айдың 15-інен кешiктiрілмейтін мерзімде қалыптастырады және ол уәкілетті органның сайтында жариялануға жатады.";
14) 104-баптың 1 және 2-тармақтарындағы ", 433" деген цифрлар алып тасталсын;
15) 115-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші абзацтармен толықтырылсын:
"хабарлама салықтық мобильдік қосымшаға жеткізілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Бұл тәсіл осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, есепті салықтық кезең үшін есептелген салықтардың сомасы туралы хабарламаға қолданылады;";
16) 136 және 137-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"136-бап. Жалпы ережелер
1. Тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдердің дәрежесін (деңгейін) бағалауға негізделген және тәуекелді анықтау мен оның алдын алу мақсатында салық органдары әзірлейтін және (немесе) қолданатын шараларды қамтиды.
2. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық міндеттемені мемлекетке нұқсан келтіре алатын және (немесе) нұқсан келтіруі мүмкін орындамау және (немесе) толық орындамау ықтималдығы тәуекел болып табылады.
3. Тәуекелдерді басқару жүйесін қолданудың мақсаттары:
1) назарды тәуекелі жоғары салаларға шоғырландыру және қолда бар ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
2) орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының салық және өзге де заңнамасын бұзушылықтарды анықтау бойынша мүмкіндіктерді ұлғайту;
3) тәуекел дәрежесі төмен деп айқындалған салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты салықтық бақылауды барынша азайту;
4) тәуекел дәрежесіне қарай салықтық әкімшілендіру шаралары мен тәсілдерін саралап қолдану.
4. Тәуекелдердің дәрежесін (деңгейін) бағалау салық төлеушілер (салық агенттері) ұсынған салықтық есептілік деректерін, уәкілетті мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, жергілікті атқарушы органдардан, уәкілетті тұлғалардан алынған мәліметтерді, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа да құжаттарды және (немесе) мәліметтерді талдау негізінде жүзеге асырылады.
5. Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану салалары:
1) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексеру субъектілерін (объектілерін) іріктеу;
2) осы Кодексте белгіленген жағдайларда салық төлеушілерді (салық агенттерін) тәуекелдің төмен, орташа немесе жоғары дәрежелі санаттарына жатқызу арқылы оларды санаттарға бөлу;
3) қосылған құн салығының асып кету сомасының анықтығын растау;
4) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтың тәуекел дәрежесін айқындау;
5) салықтық әкімшілендірудің өзге де нысандары.
6. Тәуекелдерді басқару жүйесі ақпараттық жүйелер қолданыла отырып жүзеге асырылады.
137-бап. Тәуекел өлшемшарттары
1. Тәуекел дәрежесін (деңгейін) бағалау жүргізілетін белгілердің жиынтығы тәуекел өлшемшарттары болып табылады.
Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, тәуекел өлшемшарттарын және тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін салық органы айқындайды және ол жария етуге жатпайтын (оның ішінде тәуекел дәрежесін (деңгейін) бағалау жүргізілген салық төлеушіге) құпия ақпарат болып табылады.
2. Осы Кодекстің 136-бабының 5-тармағы 3) тармақшасының мақсатында тәуекел өлшемшарттарын және тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
3. Осы Кодекстің 136-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларын іске асыру мақсатында құпия өлшемшарттармен қатар құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар қолданылады. Мұндай өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін уәкілетті орган айқындайды. Бұл ретте осы Кодекстің 136-бабының 5-тармағы 1) тармақшасының мақсатында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітіледі.";
17) 142-баптың 1-тармағының 17) тармақшасындағы "акциздік" деген сөз "сәйкестендіру құралдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 146-баптың 7-тармағындағы "431 және 433-баптарында" деген сөздер "431-бабында" деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 152-бапта:
7-тармақтың сегізінші бөлігінің үшінші абзацы алып тасталсын;
17-тармақтағы "433 және (немесе) 434-баптарына" деген сөздер "434-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 165-баптың 1) тармақшасы "төлем карточкаларын" деген сөздерден кейін "және (немесе) мобильдік төлемдерді" деген сөздермен толықтырылсын;
21) 172-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"172-бап. Қазақстан Республикасында өндірілген немесе Қазақстан Республикасына импортталған акцизделетін тауарларды бақылау
1. Акцизделетін тауарларды бақылауды салық органдары өндірушілердің, акцизделетін тауарлар айналымын жүзеге асыратын тұлғалардың, борышкердің мүлкін (активтерін) өткізу кезінде банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың осы бапта айқындалған, акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау, акцизделетін тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағында орын ауыстыру тәртібін сақтауы бөлігінде, сондай-ақ акциздік бекеттерді орнату арқылы жүзеге асырады.
2. Толысылған шарапты және сыра қайнату өнімін қоспағанда, алкоголь өнімі – есепке алу-бақылау маркаларымен, темекі бұйымдары сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жатады.
3. Таңбалауды акцизделетін тауарларды өндірушілер мен импорттаушылар, борышкердің мүлкін (активтерін) өткізу кезінде банкроттықты және оңалтуды басқарушылар жүзеге асырады.
4. Мынадай алкоголь өнімі – есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдары сәйкестендіру құралдарымен мiндеттi таңбалануға жатпайды:
1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспортталатын;
2) бажсыз сауда дүкендерінің иелері Қазақстан Республикасының аумағына әкелетін, бажсыз сауданың кедендік рәсімімен орналастыруға арналған;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына уақытша әкелудің (рұқсат берудің) және уақытша әкетудің кедендік рәсімдерінде әкелінетін, оның ішінде санаулы даналарда жарнама жасау және (немесе) демонстрациялау мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінетін;
4) кедендік транзиттің кедендік рәсімінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы өткізілетін, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізілетін;
5) Қазақстан Республикасының аумағына жиырма бір жасқа толған жеке тұлға – үш литрден аспайтын шекте әкелетін (жөнелтетін) алкоголь өнiмi, сондай-ақ он сегiз жасқа толған жеке тұлға екі жүз сигареттен немесе елу сигарадан (сигарилладан) немесе темекiнiң екі жүз елу грамынан аспайтын шекте не көрсетілген бұйымдарды жалпы салмағы екі жүз елу грамнан аспайтын ассортиментте әкелетiн (жөнелтетін) темекi мен темекi бұйымдары.
5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардан басқа, сәйкестендіру құралдарымен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарлардың сәйкестендіру құралдарынсыз және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларынсыз, сондай-ақ белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін сәйкестендіру құралдары және (немесе) есепке алу-бақылау маркалары бар акцизделетін өнімді сақтау, өткізу және (немесе) тасу түріндегі айналымына тыйым салынады.
6. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген акцизделетін тауарларды жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау маркаларымен қайта таңбалау уәкілетті орган айқындайтын мерзімдерде жүзеге асырылады.
7. Алкоголь өнімін өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттауды жүзеге асыратын тұлға алкоголь өнімін өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемені ұсынады.
8. Өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнімін өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесі облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне есепке алу-бақылау маркалары алынғанға дейін ұсынылады.
9. Өндіруші және (немесе) импорттаушы алкоголь өнімін өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемені ұсынбаған жағдайда есепке алу-бақылау маркалары берілмейді.
10. Өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнімін өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесі облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің ақшаны уақытша орналастыру шотына ақша салу арқылы, сондай-ақ импорттаушының таңдауы бойынша мынадай тәсілдердің кез келгені:
1) банк кепілдігі;
2) кепілгерлік;
3) мүлік кепілі арқылы қамтамасыз етіледі.
11. Ақшаны уақытша орналастыру шотын облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ашады.
12. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның ақшаны уақытша орналастыру шоты алкоголь өнімін өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттауды жүзеге асыратын тұлғаның ақша салуына арналған.
Ақшаны уақытша орналастыру шотына ақша салу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі.
13. Өндіруші және (немесе) импорттаушы ақшамен қамтамасыз етілген, алкоголь өнімін өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемені орындамаған кезде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі бес жұмыс күні өткен соң ақшаны уақытша орналастыру шотынан ақшаны бюджет кірісіне аударады.
14. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның ақшаны уақытша орналастыру шотына салынған ақшаны қайтару (есепке жатқызу) өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнімін өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін орындағаны туралы есеп ұсынылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
15. Осы бапқа сәйкес:
1) толысылған шарапты және сыра қайнату өнімін қоспағанда, алкоголь өнiмiн – есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ есепке алу-бақылау маркаларының нысандарын, мазмұнын және қорғау элементтерiн уәкілетті орган бекiтедi;
2) есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнiмiн өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу тәртiбi мен қамтамасыз ету мөлшерiн уәкілетті орган бекiтедi;
3) акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды;
4) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесі, сондай-ақ оларды ресімдеу тәртібі мен олардың құжат айналымы осы Кодекстің 176-бабына сәйкес белгіленеді.
16. Салық органдары этил спирті мен алкоголь өнімін (сыра қайнату өнімінен басқа), бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны мен темекі бұйымдарын өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағында акциздік бекеттер орнатады.
17. Акциздік бекеттің тұрған жерін және жұмыскерлерінің құрамын, оның жұмыс регламентін салық органы айқындайды.
Акциздік бекет жұмыскерлерінің құрамы салық органының лауазымды адамдарының арасынан қалыптастырылады.
18. Салық органының акциздік бекеттегі лауазымды адамы:
1) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының акцизделетін тауарлардың өндірісі мен айналымын реттейтін заңнамасының талаптарын сақтауын;
2) акцизделетін тауарлардың тек қана өлшеуіш аппараттары арқылы бөлінуін және (немесе) босатылуын немесе есепке алу аспаптары арқылы өткізілуін (құйылуын), сондай-ақ осындай есепке алу аспаптарының пломбаланған түрде пайдаланылуын;
3) салық төлеушінің акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау тәртібін сақтауын;
4) дайын өнімнің, есепке алу-бақылау маркаларының немесе сәйкестендіру құралдарының қозғалысын бақылауды жүзеге асырады.
19. Салық органының акциздік бекеттегі лауазымды адамы:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, салық төлеушінің акцизделетін тауарларды өндіру, сақтау және өткізу үшін пайдаланатын әкімшілік, өндірістік, қойма, сауда, қосалқы үй-жайларын зерттеп-қарауға;
2) акцизделетін тауарларды өткізу кезінде қатысуға;
3) салық төлеушінің аумағынан (аумағына) шығып бара жатқан (кіріп келе жатқан) жүк көлік құралдарын қарап-тексеруге құқылы.
20. Салық органының акциздік бекеттегі лауазымды адамының акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру тәртібінде көзделген өзге де құқықтары бар.";
22) 20-тарау мынадай мазмұндағы 176-1-баппен толықтырылсын:
"176-1-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлардың айналымын қадағалап отыру
1. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлардың айналымын қадағалап отыру Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес ұлттық қадағалап отыру жүйесі пайдаланыла отырып, қадағалап отыруға жататын тауарларды және осындай тауарлардың айналымына байланысты операцияларды есепке алу жүйесін ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта айқындалған тәртіппен және мерзімдерде, қадағалап отыруға жататын тауарлар және осындай тауарлардың айналымына байланысты операциялар туралы мәліметтерді жинауды, есепке алуды және сақтауды қамтамасыз ететін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі ұлттық қадағалап отыру жүйесі болып табылады.
3. Қадағалап отыруға жататын тауарлардың айналымын жүзеге асыратын салық төлеушілер:
электрондық құжаттар түрінде ресімдеу техникалық іркілістерден болған ақпараттық жүйелердің жарамсыздығына, байланыс құралдарының (телекоммуникация желілерінің және Интернет ақпараттық-телекоммуникациялық желісінің) жұмысының бұзылуына, электр энергиясының өшіп қалуына байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта белгіленген тәртіппен айқындалған өзге де жағдайларда мүмкін болмайтын жағдайды қоспағанда, ілеспе құжаттарды электрондық құжаттар түрінде ресімдеуге;
ұлттық қадағалап отыру жүйесіне енгізілуге жататын толық және анық мәліметтерді ұсынуға міндетті.
Электрондық шот-фактура ұлттық қадағалап отыру жүйесінің ілеспе құжаты болып табылады.
4. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттан туындайтын тауарлардың айналымын қадағалап отыру жөніндегі міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін салық төлеушілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
5. Уәкілетті орган:
1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес қадағалап отыруға жататын тауарлардың айналымын қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеуін;
2) ұлттық қадағалап отыру жүйесінде қамтылған қадағалап отыруға жататын тауарлар және осындай тауарлардың айналымына байланысты операциялар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше тиісті мемлекетке жіберуді қамтамасыз етеді.
6. Тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеу қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.";
23) 208-баптың 9-тармағы сегізінші абзацындағы "төлемдер бойынша салықтық есептілік ұсынылмайды." деген сөздер "төлемдер;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
"бейрезидент кірісінен төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық есептілік ұсынылмайды.";
24) 232-баптың 5-тармағының 7) тармақшасындағы "кредиттік серіктестік пен" деген сөздер алып тасталсын;
25) 250-баптың 6-тармағының бірінші бөлігіндегі "кредиттік серіктестікті және" деген сөздер алып тасталсын;
26) 293-баптың 4-3-тармағында:
бірінші бөліктегі "Астана Хаб" деген сөздер "Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, "Астана Хаб" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы бөліктегі "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушы ретінде тіркелген" деген сөздер "бұзушылыққа жол берілген салықтық кезең басталған" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
"Есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту қолданылатын, зияткерлік меншік объектілерінен және ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуден түсетін кірісті айқындау тәртібін уәкілетті орган ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.";
27) 299-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Осы Кодекстің 293-бабының 4-3-тармағында және 709-бабының 4-тармағында көрсетілген зияткерлік меншік объектісі бойынша залал деп осы Кодекстің 241-бабында көрсетілген түзетулер ескеріле отырып, осы бөлімде көзделген шегерімдердің жылдық жиынтық кірістен асып кетуі танылады. Залал әрбір зияткерлік меншік объектісі бойынша айқындалады.";
5-тармақтағы "2, 3 және 4" деген сөздер "2, 3, 4 және 4-1" деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 300-бап мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:
"15. Осы Кодекстің 293-бабының 4-3-тармағында және 709-бабының 4-тармағында көрсетілген зияткерлік меншік объектісі бойынша залалдар талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде әрбір зияткерлік меншік объектісі бойынша салық салынатын кіріс есебінен кейінгі салықтық кезеңдерде өтеледі.";
29) 345-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"345-бап. Зейнетақы төлемдері және жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша салықтық шегерім
1. Салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі кіріске салықтық шегерім мынадай мөлшерлерде қолданылады:
1) осы Кодекстің 326-бабының 1) тармақшасында көзделген төлемдер бойынша – зейнетақы төлемі жүзеге асырылатын әрбір ай үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және зейнетақы төлемі түріндегі кірісті есепке жазу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшерінде;
2) осы Кодекстің 326-бабының 2) тармақшасында көзделген төлемдер бойынша – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және зейнетақы төлемі түріндегі кірісті есепке жазу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 168 еселенген мөлшерiнде.
2. Сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын, сақтандыру сыйлықақылары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары есебінен төленген сақтандыру төлемдері түріндегі, салық салуға жататын жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріске сақтандыру төлемі жүзеге асырылатын, сақтандыру төлемі түріндегі кіріс есепке жазылатын әрбір ай үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және сақтандыру төлемі түріндегі кірісті есепке жазу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшері сомасында салықтық шегерім қолданылады.";
30) 346-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшері. Стандартты шегерім әрбір күнтізбелік айға қолданылады. Күнтізбелік жыл үшін стандартты шегерімнің жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 168 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;";
31) 360-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Кірістің салық салынатын сомасы жұмыстарды орындаудан (қызметтерді көрсетуден) алынған (алуға жататын) кірістердің еңбекші көшіп келушіге рұқсатта көрсетілген тиісті кезеңнің жұмыстар орындалатын (қызметтер көрсетілетін) әрбір айы үшін есептелген, республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшері сомасына азайтылған сомасы ретінде айқындалады.";
32) 386-баптың 2-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
33) 394-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) осы Кодекстiң 172-бабына сәйкес акцизделетiн тауарларды таңбалауға арналған есепке алу-бақылау маркаларын;";
34) 427-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктің 7) тармақшасындағы "қосалқы бөлшектер;" деген сөздер "қосалқы бөлшектер бойынша осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеушілер қосылған құн салығын осы бапта айқындалған тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төлейді." деген сөздермен ауыстырылып, 8), 9) және 10) тармақшалар алып тасталсын;
үшінші бөліктегі "немесе Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін жаппайтын" деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтың үшінші бөлігінің 1) тармақшасы алып тасталсын;
35) 428-бапта:
бірінші бөліктің 7) тармақшасындағы "қосалқы бөлшектер;" деген сөздер "қосалқы бөлшектер бойынша осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеушілер қосылған құн салығын осы бапта айқындалған тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төлейді." деген сөздермен ауыстырылып, 8), 9) және 10) тармақшалар алып тасталсын;
үшінші бөліктегі "немесе Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін жаппайтын" деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақтың үшінші бөлігінің 1) тармақшасы алып тасталсын;
36) 429-бапта:
екінші бөліктегі "431 және (немесе) 433 және (немесе) 434-баптарында" деген сөздер "431 және (немесе) 434-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі "431 және (немесе) 433-баптарын" деген сөздер "431-бабын" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың екінші абзацындағы "432 және 433-баптарына" деген сөздер "432-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын;
37) 431-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы "432, 433 және 434-баптарында" деген сөздер "432 және 434-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "432, 433 және 434-баптарында" деген сөздер "432 және 434-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
38) 432-баптың 4-тармағындағы "429 және 433-баптарына" деген сөздер "429-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын;
39) 433-бап алып тасталсын;
40) 434-баптың 2-тармағында:
бірінші бөлік 2) тармақшасындағы "өндірушілердің қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар." деген сөздер "өндірушілердің;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) салықтық кезең үшін шикізат экспортынан түскен валюталық түсімнің кемінде 50 пайызын айырбастауды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектілерінің қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар.
Кәсіпкерлік субъектілерінің осы тармақшада көзделген тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.";
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
"Салық органдарына валюталық түсімді айырбастау туралы қорытынды беруді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және екінші деңгейдегі банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысан бойынша жүзеге асырады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген қорытындыны алу үшін салық органдары осындай қорытынды жасалған күнгі жағдай бойынша валюталық түсімді айырбастау туралы тиісті сұрау салу жібереді.";
алтыншы бөліктегі "2) тармақшасында" деген сөздер "2) және 3) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші бөлік төртінші абзацындағы "мөлшерде қосылған құн салығының асып кетуі оңайлатылған тәртіппен қайтаруға жатады." деген сөздер "мөлшерде;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"осы Кодекстің 429-бабы 2-тармағының шарттарына сәйкес келетін, салықтық кезең үшін шикізат экспортынан түскен валюталық түсімнің кемінде 50 пайызын айырбастауды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектілері үшін – есепті салықтық кезең үшін қалыптасқан қосылған құн салығының асып кету сомасының 80 пайызынан аспайтын мөлшерде қосылған құн салығының асып кетуі оңайлатылған тәртіппен қайтаруға жатады.";
41) 463-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Спирттің барлық түрiне және толысылған шарапқа акциз мөлшерлемелері спиртті және толысылған шарапты одан әрi пайдалану мақсаттарына қарай сараланады.";
4-тармақтың 1) тармақшасы кестесінің 7, 9, 10, 11, 12 және 13-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
"
7. | 2205, 2206 00 және 2208-ден | Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптан, толысылған шараптан, сыра қайнату өнімінен басқа) |
2550 теңге/литр |
"; |
"
9. | 2204-тен | Шараптар | 35 теңге/литр |
10. | 2204-тен | Толысылған шарап (этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетіннен немесе пайдаланылатыннан басқа) | 170 теңге/литр |
11. | 2204-тен | Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын толысылған шарап | 0 теңге/литр |
12. | 2203 00 | Сыра қайнату өнімі | 79 теңге/литр |
13. | 2202 90 100 1 | Этил спиртінің көлемдік құрамы 0,5 пайыздан аспайтын сыра қайнату өнімі | 0 теңге/литр |
"; |
42) 464-бапта:
2-тармақтағы "Акциздік маркалардың" деген сөздер "Сәйкестендіру құралдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы "немесе акциздік" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес айналымнан шығару туралы хабарламаға сай ақаулық, жоғалу, бүліну себебі бойынша айналымнан шығарылған сәйкестендіру құралдары.";
43) 465-баптың 6-тармағының бірінші және екінші бөліктеріндегі "акциздік маркалар", "акциздік маркаларды" деген сөздер тиісінше "сәйкестендіру құралдары", "сәйкестендіру құралдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
44) 467-бапта:
тақырыптағы "шарап материалына" деген сөздер "толысылған шарапқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "шарап материалына" деген сөздер "толысылған шарапқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "шарап материалын" және "шарап материалы" деген сөздер тиісінше "толысылған шарапты" және "толысылған шарап" деген сөздермен ауыстырылсын;
45) 469-баптағы "акциздік маркалардың", "акциздік маркалар" және "акциздік маркаларды" деген сөздер тиісінше "сәйкестендіру құралдарының", "сәйкестендіру құралдары" және "сәйкестендіру құралдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
46) 475-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Толысылған шарапты және сыра қайнату өнімін қоспағанда, осы Кодекстiң 462-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында белгiленген акцизделетiн тауарларға акцизді алкоголь өнімін өндірушілер таңдау бойынша:
есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін;
осы Кодекстің 172-бабына сәйкес есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттеме ұсынылған жағдайда, акцизделетін тауарлар тиеп-жөнелтілген (берілген) күні төлейді.";
47) 480-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "акциз маркаларын" деген сөздер "сәйкестендіру құралдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
48) 484-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Егер осы баптың 2-тармағында көрсетілген, осы баптың 3-тармағы ескеріле отырып айқындалған салық салу объектісі күнтізбелік ай үшін бір теңгеден бастап республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осы күнтізбелік айдың бірінші күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшеріне дейінгі соманы құраса, онда салық салу объектісі айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшері негізге алына отырып айқындалады.";
49) 492-баптың 4-тармағында:
1) тармақшаның екінші абзацындағы "В санатындағы" деген сөздер "егер осы тармақтың 2) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, В санатындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жүк автомобильдерiне:
егер осы тармақтың 1) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, С санатындағы (СЕ, С1Е, С1-ді қоса алғанда) автомобильдер;
автомобиль шассиіне орнатылатын қатты жабық шанағы немесе вагон үлгісіндегі шанағы бар, өнеркәсіптік, азық-түлік және ауыл шаруашылығы жүктерін тасымалдауға арналған, шанақтың ішінде жүкті жинауға және бекітуге арналған құрылғылармен жабдықталған жүк бөлігін бөлетін қалқасы бар В санатындағы мамандандырылған жүк автомобильдері (автомобиль-фургондар);
борттық платформасы бар жалпы мақсатқа арналған В санатындағы жүк автомобильдері (пикап автомобильдерді қоспағанда) жатады;";
50) 497-баптың 3-тармағында:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) ядролық қауіпсіздік аймағының жері.";
екінші бөліктегі "запастағы жердi" деген сөздер "босалқы жерді және ядролық қауіпсіздік аймағын" деген сөздермен ауыстырылсын;
51) 519-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) радиоактивті қалдықтарды орналастыру және ядролық физикалық қорғауды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын, ядролық қауіпсіздік аймағы жерінің аумағында орналасқан ғимараттар, құрылысжайлар.";
52) 528-баптың 1) тармақшасы "гараждар" деген сөзден кейін ", орынтұрақ орындары" деген сөздермен толықтырылсын;
53) 529-баптың 3-тармағында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Көппәтерлі тұрғын үйдегі және жеке мақсаттарда пайдаланылатын қойманың, тұрғынжайдың салқын жапсаржайының, шаруашылық (қызметтік) құрылысының, астыңғы қабатының, жертөлесінің, гараждың, орынтұрақ орнының "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы есепті жылдан кейінгі әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша айқындайтын құны осындай объект бойынша салықтық база болып табылады, бұл мынадай формуламен есептеледі:";
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"көппәтерлі тұрғын үйдегі және жеке мақсаттарда пайдаланылатын қойма, тұрғынжайдың салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, астыңғы қабаты, жертөлесі бойынша – 25 пайыз,";
алтыншы абзац "гараж" деген сөзден кейін ", орынтұрақ орны" деген сөздермен толықтырылсын;
54) 552-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Алым сомалары белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және уәкілетті мемлекеттік органға, жергілікті атқарушы органға және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға тиісті құжаттар берілгенге дейін немесе рұқсат құжаттары алынғанға дейін алым төлеушінің тұрған жері бойынша төленеді.";
55) 554-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасындағы "20" деген цифрлар "30" деген цифрлармен ауыстырылсын;
4-тармақ кестесінің 1.74 және 1.75-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
"
1.74. | Сыра қайнату өнімінен басқа, алкоголь өнімін өндіру | 3 000 |
1.75. | Сыра қайнату өнімін өндіру | 2 000 |
"; |
56) 577-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қазақстан Республикасының аумағында, ядролық қауіпсіздік аймағы жерінің аумағында жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан пайда болған радиоактивті қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың төлемақы сомасын есептеу кезінде осы Кодекстің 576-бабы 6-тармағы кестесінің 1.2.6.1, 1.2.6.2 және 1.2.6.3-жолдарында белгіленген төлемақы мөлшерлемелеріне 0 коэффициенті қолданылады.";
57) 606-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмейтін мерзімде, уәкілетті органға төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, олардың тұрған жері және электр энергиясының көлемдері туралы мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынады.";
58) 609-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) сотқа берiлетiн әкімшілік талап қоюлардан, талап арыздардан, ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу iстері бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға атқару парақтарын беру туралы арыздардан, төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхаттардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де құжаттардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан;";
59) 610-бапта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сотқа берiлетiн әкімшілік талап қоюлардан, талап арыздардан, ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу iстері бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де құжаттардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан мемлекеттiк баж мынадай мөлшерлерде алынады:";
4) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) тексеру актiлерi бойынша хабарламаларға және (немесе) деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша хабарламаларға дау айту туралы әкімшілік талап қоюлардан:";
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) осы тармақтың 2), 3), 4) және 13) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің шеңберінде ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу істері бойынша арыздардан (шағымдардан), әкімшілік талап қоюлардан – 0,5 АЕК;";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Төрелік шешімдерінің күшін жою және төреліктің және шетелдік соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындатуға атқару парақтарын беру мәселелері жөніндегі ұйғарымдарға, мүліктік емес және мүліктік сипаттағы даулар бойынша соттардың шешімдері мен қаулыларына сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттардан мемлекеттік баж осындай даулар бойынша әкімшілік талап қою, талап арыз (арыз) берілген кезде осы баптың 1-тармағында белгіленген мемлекеттік баждың тиісті мөлшерлемесінің 50 пайызы мөлшерінде алынады.";
60) 623-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) соттар қарайтын істер бойынша – Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 106-бабының үшінші бөлігінде көзделген істерді қоспағанда, тиісті әкімшілік талап қою, арыз (шағым) немесе сот бұйрығын шығару туралы арыз берілгенге дейін, сондай-ақ сот құжаттардың көшірмелерін берген кезде;";
61) 634-баптың 2-тармағы 6) тармақшасының екінші абзацындағы "жылжымайтын" деген сөз алып тасталсын;
62) 683-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мынадай қызмет түрлерін:
акцизделетін тауарларды өндiруді;
акцизделетін тауарларды сақтауды және көтерме саудада өткiзуді;
мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін – бензинді, дизель отынын және мазутты өткiзуді;
лотереялар өткізуді;
жер қойнауын пайдалануды;
шыны ыдыстарды жинауды және қабылдауды;
түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауды (дайындауды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткiзуді;
консультациялық және (немесе) маркетингтік көрсетілетін қызметтерді;
бухгалтерлік есепке алу немесе аудит саласындағы қызметті;
сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржы, сақтандыру қызметін және делдалдық қызметін;
құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызметті;
сауда базарын жалға алуды және пайдалануды;
кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) меншікті жылжымайтын мүлікті (тұрғынжайларды қоспағанда) жалға беруді және басқаруды;
сауда объектілерін (сауда базарларын) қосалқы жалға беруді және осындай жалға берілетін объектілерді басқаруды;
екі және одан көп салық төлеушілердің бір қонақүйдің немесе осындай қызметтер қөрсетілетін жеке тұрған ғимараттың аумағында қонақүй қызметтерін көрсету саласындағы қызметін;
қаржы лизингі шеңберіндегі қызметті жүзеге асырмайтын салық төлеушілер қолдануға құқылы.";
63) 21-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"21-бөлім. Қызметін арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын тұлғаларға, экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларына, инвестициялық басым жобаларды іске асыратын ұйымдарға, инвестициялар туралы келісім, инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан тұлғаларға салық салу";
64) 709-баптың 4-тармағында:
бірінші бөлік "Арнайы" деген сөз "Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, арнайы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту қолданылатын, зияткерлік меншік объектілерінен және ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуден түсетін кірісті айқындау тәртібін уәкілетті орган ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.";
65) 712-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"1) осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын инвестициялық басым жоба шеңберінде жаңа өндірістер ретінде енгізілген, кеңейтілген немесе жаңартылған тіркелген активтерді пайдалану арқылы қызметтің басым түрлерін жүзеге асырудан алынған кірістер бойынша 100 пайызға азайтады.";
үшінші бөліктегі "инвестициялық келісімшарттың шеңберінде қызметтің басым түрі бойынша" деген сөздер алып тасталсын";
66) 712-2-бапта:
1 тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын инвестициялар туралы келісімде айқындалған, инвестициялар туралы келісім шеңберінде жаңа өндірістер ретінде енгізілген, кеңейтілген немесе жаңартылған тіркелген активтерді пайдалану арқылы алынған қызмет түрлері бойынша инвестициялық жобаны іске асырудан түскен кірістер бойынша 100 пайызға азайту;";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлға салықтық міндеттемелерді есептеу мақсатында салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бөлек салықтық есепке алуды жүргізеді.";
67) 21-бөлім мынадай мазмұндағы 80-2-тараумен толықтырылсын:
"80-2-тарау. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан тұлғаларға салық салу
712-4-бап. Жалпы ережелер
1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін заңды тұлға:
1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметімен инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасалса;
2) көмірсутекті пайдалы қазбаларды және мұнай өнімдерін экспорттаушыларды қоспағанда, экспортқа бағдарланған тауар өндіруші болып табылса, инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан тұлға болып табылады. Осы тараудың мақсаттары үшін экспортқа бағдарланған тауар өндіруші деп инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасуға өтінім берілген жылдың алдындағы жыл үшін жиынтық жылдық кірісте экспортқа өткізуден түсетін кірісі кемінде жетпіс пайызды құрайтын заңды тұлға түсініледі;
3) деңгейлес мониторинг бойынша пилоттық жобаға қатысуды қоса алғанда, деңгейлес мониторингте тұрған ірі салық төлеуші болып табылса;
4) акцизделетін тауарларды өндіру қызметін жүзеге асырмаса;
5) арнаулы салықтық режимдерді қолданбаса, инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан тұлға болып табылады.
2. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде осы Кодекстің 712-5-бабында көзделген Қазақстан Республикасы салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, ол жасалған күннен бастап күшін жояды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайда салық төлеуші инвестициялық міндеттемелер туралы келісім бұзылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей осы келісім жасалған күннен бастап оны бұзу күнін қоса алғандағы күнге дейінгі салықтық кезеңдер үшін қосымша салықтық есептілікті ұсынуға міндетті.
Егер инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің қолданысы тоқтатылған кезде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде осындай келісімдер үшін көзделген соманың кемінде тоқсан пайызы қаржыландырылған жағдайда, осы Кодекстің 712-5-бабында көзделген Қазақстан Республикасы салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің қолданысы тоқтатылған жылдың 1 қаңтарынан бастап күшін жояды.
712-5-бап. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан тұлғаларға салық салу
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан салық төлеушілердің салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеуі көрсетілген келісім жасалған кезге қолданыста болатын салықтық режимге сәйкес, осындай келісім (Қазақстан Республикасы салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік) жасалған жылдың 1 қаңтарынан бастап он жыл ішінде жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан салық төлеуші (салық агенті) салықтық міндеттемені есептеуді осындай міндеттеме туындаған кезге қолданыста болатын салықтық режимге сәйкес мынадай салықтар және бюджетке төленетін төлемдер бойынша жүзеге асырады:
қосылған құн салығы;
акциз;
қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы;
жеке табыс салығы;
төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы.
3. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасалған кезге қолданыста болған салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің жекелеген түрлерінің күші жойылған жағдайда, салық төлеуші осындай келісім жасалған кезге қолданыста болатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мөлшерлерде оларды бюджетке төлеуді жалғастырады.";
68) 774-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
"6) мынадай қызмет түрлерін:
консультациялық және маркетингтік көрсетілетін қызметтерді;
бухгалтерлік есепке алу немесе аудит саласындағы қызметті;
сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржылық, сақтандыру қызметін және делдалдық қызметін;
құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызметті жүзеге асыратын адамдар;
7) агенттік шарттар (келісімдер) негізінде қызметтер көрсететін адамдар.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін агенттік шарттар (келісімдер) деп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (келісімдер) түсініледі, олар бойынша бір тарап (агент) сыйақы үшін екінші тараптың тапсырмасы бойынша өз атынан, бірақ басқа тараптың есебінен не басқа тараптың атынан және есебінен белгілі бір әрекеттер жасауға міндеттенеді.";
69) 777-баптың 1-тармағында:
2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"2) мерчент ID – төлем жүйелерін пайдалана отырып, шетелдік компанияны төлем және (немесе) ақша аударымын алушы ретінде сәйкестендіретін символдардың бірегей жиынтығы;
3) тауарлармен электрондық сауда – тауарларды жеке тұлғаларға өткізу бойынша интернет-алаң арқылы жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызмет;
4) шетелдік компания – бейрезидент-заңды тұлға немесе заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметтің шетелдік ұйымының өзге нысаны;";
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) электрондық нысандағы көрсетілетін қызметтер – жеке тұлғаларға телекоммуникациялар желісі және Интернет арқылы көрсетілетін қызметтер.";".
70) 778-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау үшін қолданылатын деректемелер тізбесін, оның ішінде мерчент ID деректерін;";
71) 779-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жеке тұлғаларға тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығы мынадай жағдайларда:
1) кедендік баждар, салықтар жиынтық кедендік төлем түрінде Қазақстан Республикасында төленген және қайтаруға жатпайтын, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын құндық және (немесе) салмақтық нормадан асып кетуі бөлігінде;
2) егер мұндай тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің құны Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және осы Кодекстің 50-тарауына сәйкес қайтаруға жатпайтын, осы Кодекстің 444-бабына сәйкес айқындалатын салық салынатын импорт мөлшеріне енгізілсе, есептелуге және төленуге жатпайды.".
2. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Салық кодексінің 427 және 428-баптары 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;";
2) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
"5-1-бап. Салық кодексінің 24-бабы 23) тармақшасының қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
1) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін:
"23) уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілеген белгілі бір өлшемшарттар бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операциялар анықталған кезде мынадай жеке тұлғалар бойынша:
жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары);
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген адамдар бойынша мәліметтер ұсынуға міндетті.
Жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарын, мәліметтерді ұсыну тәртібін, нысаны мен мерзімдерін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейді.";
2) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін:
"23) уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілеген белгілі бір өлшемшарттар бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операциялар анықталған кезде мынадай жеке тұлғалар бойынша:
жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары);
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген адамдар;
осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері және олардың жұбайлары (зайыптары), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері және олардың жұбайлары (зайыптары) бойынша мәліметтер ұсынуға міндетті.
Жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарын, мәліметтерді ұсыну тәртібін, нысаны мен мерзімдерін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейді.";
3) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін:
"23) уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілеген белгілі бір өлшемшарттар бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операциялар анықталған кезде мынадай жеке тұлғалар бойынша:
жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары);
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген адамдар;
осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері және олардың жұбайлары (зайыптары), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері және олардың жұбайлары (зайыптары);
осы баптың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары (зайыптары), дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары (зайыптары) бойынша мәліметтер ұсынуға міндетті.
Жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарын, мәліметтерді ұсыну тәртібін, нысаны мен мерзімдерін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейді.".";
3) 33-баптың 2) тармақшасында:
бес жүз тоқсан алтыншы, бес жүз тоқсан жетінші және бес жүз тоқсан сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) осы Кодекстің 326-бабының 1) тармақшасында көзделген төлемдер бойынша – зейнетақы төлемі жүзеге асырылатын әрбір ай үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және зейнетақы төлемі түріндегі кірісті есепке жазу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшерінде;
2) осы Кодекстің 326-бабының 2) тармақшасында көзделген төлемдер бойынша – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және зейнетақы төлемі түріндегі кірісті есепке жазу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 168 еселенген мөлшерiнде.
2. Сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын, сақтандыру сыйлықақылары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары есебінен төленген сақтандыру төлемдері түріндегі, салық салуға жататын жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріске сақтандыру төлемі жүзеге асырылатын, сақтандыру төлемі түріндегі кіріс есепке жазылатын әрбір ай үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және сақтандыру төлемі түріндегі кірісті есепке жазу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшері сомасында салықтық шегерім қолданылады.";
алты жүз бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшері. Стандартты шегерім әрбір күнтізбелік айға қолданылады. Күнтізбелік жыл үшін стандартты шегерімнің жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 168 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;";
сегіз жүз бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Кірістің салық салынатын сомасы жұмыстарды орындаудан (қызметтерді көрсетуден) алынған (алуға жататын) кірістердің еңбекші көшіп келушіге рұқсатта көрсетілген тиісті кезеңнің жұмыстар орындалатын (қызметтер көрсетілетін) әрбір айы үшін есептелген, республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшері сомасына азайтылған сомасы ретінде айқындалады.";
4) 43-баптың 5) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"
12 | 2203 00 | Сыра қайнату өнімі | 79 теңге/литр |
";
5) 57-4-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы "686" деген цифрлардан кейін ", 686-3" деген цифрлармен толықтырылсын;
6) мынадай мазмұндағы 57-10-баппен толықтырылсын:
"57-10-бап. 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған кешенді салықтық тексерулер қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салықтық міндеттемені орындау мәселесі қосылмай аяқталады деп белгіленсін.".
2-бап. Осы Заң:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 23) тармақшасын;
2) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 49) тармақшасын;
3) 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 1) тармақшасын;
4) 2022 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацын, 2) тармақшасының үшінші – он бірінші абзацтарын, 7), 8) және 13) тармақшаларын;
5) ядролық қауіпсіздік аймағының құрылуы мен жұмыс істеуін реттейтін заңнамалық акт қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 50), 51) және 56) тармақшаларын;
6) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 26), 27) және 28) тармақшаларын, 55) тармақшасының екінші абзацын, 62), 64) және 68) тармақшаларын қоспағанда, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |