2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты оған өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 64-VII ҚРЗ.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты оған өзгерістер енгізу туралы 2019 жылғы 29 мамырда Нұр-Сұлтанда жасалған хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

  Бейресми аударма

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты оған өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА

      Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 82-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында,

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған хаттамаға № 1 қосымшаның 67-тармағын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Мүше мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асыру әдіснамасына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 21 қосымша болып табылатын Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы хаттамаға қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1.1-бөлім мынадай мазмұндағы 1.5-тармақпен толықтырылсын:

      "1.5. Қырғыз Республикасының аумағында.

      1.5.1. Қырғыз Республикасының ұлттық электр желісі (бұдан әрі - Қырғызстан ҰЭЖ-і) бойынша МАБ-тың жылдық болжамды көлемдерін МАБ-ты жүзеге асыруға уәкілеттік берілген ұйым (бұдан әрі - Қырғызстан ҰЭЖ-ін басқару жөніндегі ұйым) өтінім негізінде айқындайды.

      1.5.2. Алдағы күнтізбелік жылға арналған өтінім алдыңғы жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей беріледі. Өтінімде айлар бойынша бөле отырып және Қырғыз Республикасының шекарасында электр энергиясын қабылдау және беру нүктелері көрсетіле отырып, МАБ пен ең жоғары қуаттың жылдық көлемі көрсетіледі.

      1.5.3. Қырғызстан ҰЭЖ-ін басқару жөніндегі ұйым өтінімді қарау кезінде осы Әдіснамаға сәйкес айқындалатын Қырғызстан ҰЭЖ-нің қолда бар техникалық мүмкіндігінің шамасын басшылыққа алады. Тұтастай алғанда? жыл бойынша немесе жылдың қандай да бір айында МАБ-тың мәлімделген шамасы Қыргызстан ҰЭЖ-нің қолда бар техникалық мүмкіндігінің шамасынан асып кеткен кезде Қырғызстан ҰЭЖ-ін басқару жөніндегі ұйым өтінім берген ұйымға уәжді бас тартуды жібереді.

      1.5.4. Қырғызстан ҰЭЖ-ін басқару жөніндегі ұйыммен келісілген МАБ-тың мәлімделген көлемдері электр энергиясын беруге арналған шартқа қосымша ретінде ресімделеді және электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді есептеу кезінде ескеріледі.

      1.5.5. МАБ-қа ұйғарылып отырған электр энергиясының көлемдері жоспарланып отырған жеткізу жылының алдындағы жылдың 1 қарашасына дейін мүше мемлекеттердің уәкілетті ұйымдарымен келісу бойынша түзетілуі мүмкін.".

      2.2-бөлімде:

      а) 2.2.2-тармақша "Қазақстан БЭЖ арасында" деген сөздерден кейін ", Қырғызстан энергия жүйесі (Қырғызстан ЭЖ-і) мен Қазақстан БЭЖ-і" деген сөздермен толықтырылсын;

      б) 2.2.3-тармақшада:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2.2.3. Есептік модель Ресей БЭЖ-інің, Қазақстан БЭЖ-інің, Қырғызстан ЭЖ-інің, Беларусь БЭЖ-інің, Армения ЭЭЖ-інің және солар арқылы Ресей БЭЖ-і мен Армения ЭЭЖ-інің арасында электр энергиясын (қуатын) беру жүзеге асырылатын үшінші мемлекеттердің энергия жүйелерінің технологиялық жағынан өзара байланысты бөліктерінің және (немесе) баламаларының жоспарлауға қажетті көлемдегі математикалық моделін білдіреді және:";

      орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      в) 2.2.6-тармақша "Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы" деген сөздерден кейін "және энергия жүйелері Орталық Азияның Біріккен энергетикалық жүйесі шеңберінде қатарлас жұмыс істейтін үшінші мемлекеттердің жүйелік операторларымен келісу бойынша Қазақстан БЭЖ-інің жүйелік операторы мен Қырғызстан ҰЭЖ-ін басқару жөніндегі ұйым" деген сөздермен толықтырылсын;

      г) 2.3.1-тармақшада:

      үшінші абзац "жоспарлау мақсатында" деген сөздерден кейін ", оның ішінде Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы мемлекеттік шекара арқылы электр энергиясын (қуатын) жеткізудің және МАБ-тың мәлімделген көлемдерін есепке алу үшін" деген сөздермен толықтырылсын;

      төртінші абзац "жоспарлау мақсатында алынған" деген сөздерден кейін ", оның ішінде Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы мемлекеттік шекара арқылы электр энергиясын (қуатын) жеткізудің және МАБ-тың мәлімделген көлемдерін ескеретін" деген сөздермен толықтырылсын;

      соңғы абзац "Қазақстан БЭЖ жүйелік операторының" деген сөздерден кейін ", Қырғызстан ҰЭЖ-ін басқару жөніндегі ұйымның" деген сөздермен толықтырылсын;

      д) 2.3.2, 2.3.3 және 2.4.1-тармақшалар тиісті септіктегі "Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы" деген сөздерден кейін тиісті септіктегі ", Қырғызстан ҰЭЖ-ін басқару жөніндегі ұйым" деген сөздермен толықтырылсын;

      е) 2.4.2-тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Армения ЭЭЖ жүйелік операторы, Қырғызстан ҰЭЖ-ін басқару жөніндегі ұйым есептік модельге енгізілген Армения ЭЭЖ және Қырғызстан ЭЖ электр желілік жабдығын жөндеу графиктерін қалыптастырады және жоспарлау үйлестірушісіне ұсынады. Есептік модельге енгізілген Армения ЭЭЖ және Қырғызстан ЭЖ электр желілік жабдығын жөндеу графиктері жоспарлау үйлестірушісімен келісілуге жатпайды.";

      ж) 2.4.3-тармақша "жылдық жоспарлау үшін" деген сөздерден кейін ", оның ішінде Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы мемлекеттік шекара арқылы электр энергиясын (қуатын) жеткізудің және МАБ-тың мәлімделген көлемдерін есепке алу үшін" деген сөздермен толықтырылсын;

      з) 2.4.4-тармақша "Қазақстан БЭЖ" деген сөздерден кейін ", Қырғызстан ЭЖ - Қазақстан БЭЖ" деген сөздермен толықтырылсын;

      и) 2.4.5, 2.5.1. және 2.6.1-тармақшалар тиісті септіктегі "Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы" деген сөздерден кейін тиісті септіктегі "Қырғызстан ҰЭЖ-ін басқару жөніндегі ұйым" деген сөздермен толықтырылсын;

      к) 2.6.2-тармақшада:

      бірінші абзац "Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы" деген сөздерден кейін ", оның ішінде Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы мемлекеттік шекара арқылы электр энергиясын (қуатын) жеткізудің және МАБ-тың мәлімделген көлемдерін ескере отырып, Армения ЭЭЖ жүйелік операторы" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші абзац "Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы" деген сөздерден кейін ", Қырғызстан ҰЭЖ-ін басқару жөніндегі ұйым, Армения ЭЭЖ жүйелік операторы" деген сөздермен толықтырылсын;

      бесінші абзацта:

      "Қазақстан БЭЖ жүйелік операторымен" деген сөздерден кейін ", оның ішінде Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы мемлекеттік шекара арқылы электр энергиясын (қуатын) жеткізудің және МАБ-тың мәлімделген көлемдеріне қатысты" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Беларусь БЭЖ-і, Қазақстан БЭЖ-і" деген сөздерден кейін ", Қырғызстан ЭЖ-і" деген сөздермен толықтырылсын;

      л) 2.6.3-тармақша "Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы" деген сөздерден кейін ", оның ішінде Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы мемлекеттік шекара арқылы электр энергиясын (қуатын) жеткізудің және МАБ-тың мәлімделген көлемдерін ескере отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      м) 2.6.5. және 2.6.6-тармақшалар тиісті септіктегі "Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы" деген сөздерден кейін тиісті септіктегі ", Қырғызстан ҰЭЖ-ін басқару жөніндегі ұйым" деген сөздермен толықтырылсын;

      н) 2.6.7-тармақшаның бірінші абзацы "Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы" деген сөздерден кейін ", оның ішінде Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы мемлекеттік шекара арқылы электр энергиясын (қуатын) жеткізудің және МАБ-тың мәлімделген көлемдерін ескере отырып," деген сөздермен толықтырылсын.

      3. 3-бөлім мынадай мазмұндағы 3.5-тармақпен толықтырылсын:

      "3.5. Қырғыз Республикасының аумағында.

      Қырғыз Республикасының аумағында МАБ-ты ұйымдастыру және жүзеге асыру мынадай функцияларды орындай отырып, Қырғызстан ҰЭЖ-ін басқару жөніндегі ұйымға жүктеледі:

      - 110 - 500 кВ ұлттық электр желілері арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсету;

      - ұлттық электр желілерін жедел-диспетчерлік басқару;

      - Қырғыз Республикасында электр энергиясы мен қуатын өндіру және тұтыну режимдерін нақты уақыт режимінде басқару;

      - қуат ағындары тәуліктік графиктерінің бірқалыпсыздығын жабу (қуатты реттеу) жөніндегі қызметтерді көрсету;

      - шектес мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің уәкілетті ұйымдармен қатарлас жұмыс режимдерін басқару және олардың орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл жасау.".

      4. 4-бөлім мынадай мазмұндағы 4.5-тармақпен толықтырылсын:

      "4.5. Қырғыз Республикасының аумағында.

      4.5.1. Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес ұлттық электр желілері арқылы электр энергиясын беру, оның ішінде мүше мемлекеттер арасындағы МАБ бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған тариф мынадай формула бойынша есептеледі:

      Т=З (сом/кВт/сағ)

      П

      мұнда:

      Т - ұлттық электр желілері арқылы электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тариф (қосылған құн салығын есепке алмағанда) (сом/кВт/сағ);

      З - Қырғызстан ҰЭЖ-ін басқару жөніндегі ұйымның электр энергиясын ұлттық электр желілері арқылы беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын, Қырғыз Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалатын жалпы жылдық шығындары (млн. сом);

      Р - пайданың жылдық деңгейі (млн. сом);

      П - шарттар және келісімшарттар бойынша мәлімделген электр энергиясын берудің жылдық жиынтық көлемі (млн. кВт.сағ).

      4.5.2. Қырғызстан ҰЭЖ-ін басқару жөніндегі ұйымның электр энергиясын ұлттық электр желілері арқылы беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын жалпы жылдық шығындарына жөндеу-пайдалану қызметін көрсетуге (материалдық еңбек және өзге де шығындарды ескере отырып), қарызға (кредиттер) қызмет көрсетуге арналған шығындар және активтерге салынған қаражат бойынша амортизация, күрделі салымдар, электр энергиясының ысырабын өтеуге арналған шығындар, электр энергиясын сатып алу, мемлекеттік органдарға аударымдар және басқалар қосылады.

      Электр энергиясын ұлттық электр желілері арқылы беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тарифке қосылатын шығындар Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.".

      5. 5-бөлім мынадай мазмұндағы 5.5-тармақпен толықтырылсын:

      "5.5. Қырғыз Республикасының аумағында.

      Мүше мемлекеттер арасында МАБ жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тарифті қалыптастыру кезінде Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес шығыстар есепке алынбайды.".

      6. 6-бөлімде:

      а) 6.3.1. 1-тармақшаның бірінші абзацындағы "Табиғи монополиялар" деген сөздер "Табиғи монополиялар субъектілерінің" деген сөздермен ауыстырылып, "немесе Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейін ", немесе Қырғыз Республикасының" деген сөздермен толықтырылсын;

      б) 6.3.1. 2-тармақша "жүзеге асыратын" деген сөздерден кейін "шектес" деген сөзбен тблықтырылсын;

      в) мынадай мазмұндағы 6.6-тармақпен толықтырылсын:

      "6.6. Қырғыз Республикасының аумағында.

      Қырғыз Республикасының аумағында мүше мемлекеттер арасындағы МАБ осы Әдіснамаға сәйкес Қырғызстан ҰЭЖ-ін басқару жөніндегі ұйыммен жасалатын электр энергиясын беру жөнінде қызметтер көрсетуге арналған шарттардың негізінде жүзеге асырылады.".

      7. 9-бөлімде:

      а) екінші абзац "Қазақстан БЭЖ-і жүйелік операторы" деген сөздерден кейін ", Қырғызстан ҰЭЖ-ін басқару жөніндегі ұйым" деген сөздермен толықтырылсын;

      б) оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ресей Федерациясының аумағы арқылы МАБ-ты жүзеге асыру кезінде Армения Республикасына (Армения Республикасынан) және (немесе) Қырғыз Республикасына (Қырғыз Республикасынан) электр энергиясын (қуатын) беру талап етілмеген кезде, ауытқуларды өтеу мақсатында сатып алынған және сатылған электр энергиясының (қуатының) есеп-қисапта пайдаланылатын сандық және баға параметрлері Ресей Федерациясының коммерциялық инфрақұрылым ұйымдарының есептік құжаттарымен расталады.";

      в) оныншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Қырғыз Республикасына (Қырғыз Республикасынан) мен электр энергиясын (қуатын) жеткізу мақсатында Ресей Федерациясының аумағы арқылы МАБ-ты жүзеге асыру кезінде, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасымен мемлекеттік шекаралардағы жеткізу нүктелеріндегі ауытқуларды өтеу мақсатында сатып алынған және сатылған электр энергиясының (қуатының) есеп-қисапта пайдаланылатын сандық және баға параметрлері - Ресей Федерациясының коммерциялық инфрақұрылым ұйымдарының есептік құжаттарымен, ал Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен мемлекеттік шекараларында Қазақстан Республикасының жүйелік операторы мен Қырғызстан ҰЭЖ-ін басқару жөніндегі ұйым арасында жасалған есептік құжаттармен расталады.".

2-бап

      Осы Хаттама мүше мемлекеттердің оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап, бірақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуына байланысты оған өзгерістер енгізу туралы 2019 жылғы 29 мамырда қол қойылған хаттама күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.

      2019 жылғы 29 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.

      Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол 2014 жылғы мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт пен осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның расталған көшірмесін жібереді.

Армения Республикасы үшін

Беларусь Республикасы үшін

Қазақстан Республикасы үшін

Ресей Федерациясы үшін

Қырғыз Республикасы үшін



      Осы арқылы осы мәтіннің 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық-экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты 2019 жылғы 29 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында:

      Армения Республикасы үшін - Армения Республикасының Премьер-Министрі Н.В. Пашинян;

      Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасының Президенті A.Г. Лукашенко;

      Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев;

      Қырғыз Республикасы үшін - Қырғыз Республикасының Президенті С.Ш. Жээнбеков;

      Ресей Федерациясы үшін - Ресей Федерациясының Президенті B.В. Путин қол қойған өзгерістер енгізу туралы Хаттаманың толық және тең түпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын растаймын.

      Төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.

      Еуразиялық экономикалық комиссияның
Құқық департаментінің
Директоры
В.И. Тараскин

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы хаттаманың қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі тең түпнұсқалы мәтініне сәйкес келетінін растаймын.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика вице-министрі
Қ. Рахимов