"Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 2021 жылғы 20 наурыздағы № 19-VII ҚРЗ.

      20.03.2021 редакциясында

      Жарияланған: ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 26.03.2021 ж. жарияланды


      Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 2021 жылғы 20 наурыздағы № 19-VII ҚРЗ



      "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      Осы Конституциялық заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 23, 410-құжат; 2006 ж., № 23, 136-құжат; 2008 ж., № 20, 77-құжат; 2010 ж., № 24, 147-құжат; 2012 ж., № 5, 38-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат; № 21, 119-құжат; 2015 ж., № 14, 75, 76-құжаттар; № 24, 174-құжат; 2017 ж., № 6, 10-құжат; № 12, 33-құжат; № 14, 47-құжат; № 21, 103-құжат; 2018 ж., № 24, 92-құжат; 2019 ж., № 3-4, 11-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) 11-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы "сот алқасы облыстық соттың органдары болып табылады." деген сөздер "сот алқасы;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы (Қазақстан Республикасының Әскери сотын қоспағанда) облыстық соттың органдары болып табылады.";

      2) 18-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы Жоғарғы Соттың органдары болып табылады.";

      3) 29-баптың 5-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтілдің болуы, тағылымдамадан өту, біліктілік емтиханын тапсыру, Жоғарғы Соттың жалпы отырысы қорытындысының қажеттігі туралы талаптар Жоғарғы Сот Төрағасының лауазымына кандидатқа, сондай-ақ осы Конституциялық заңның 30-бабы 4-тармағының сегізінші бөлігінде көзделген жағдайларда қолданылмайды.".

      2-бап. Осы Конституциялық заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3) тармақшасын қоспағанда, 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Президенті       Қ. ТОҚАЕВ