"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгі

Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 2 шiлдедегi № 354-VI ҚРЗ.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-I, 22-II, 107-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-І, 118, 119-құжаттар; № 24-II, 123-құжат; 2020 жылғы 7 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 24-баптың бірінші бөлігінің 19) тармақшасындағы "беруге міндетті." деген сөздер "беруге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:

      "20) уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, уәкілетті органның және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітілген кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақша алу қағидаларына сәйкес мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынуға міндетті.";

      2) 425-баптың бірінші бөлігінде:

      1) тармақшадағы "2) және" деген сөздер "1-1), 2) және" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) қосылған құн салығы бойынша міндеттемелер туындаған жылдан кейінгі жылдың екінші айының 25-күнінен кешіктірмей – осы баптың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қосылған құн салығын қоспағанда, есепті салықтық кезеңнің екінші және үшінші тоқсандары үшін бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы;";

      3) 550-баптың 2-тармағының 9) тармақшасы алып тасталсын;

      4) 553-бапта:

      4-тармақ кестесінің 4.4-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.4.

жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын ершікті тартқыштарды қоспағанда, N3 санатындағы көлік құралдары (ершікті тартқыштар):


  ";

      8-тармақ алып тасталсын;

      5) 554-бапта:

      4-тармақтың кестесінде:

      1.51.1, 1.52 және 1.53-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.51.1.

екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент – банктерінің филиалдары

800

  ";

      "

1.52.

Банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент – банктері филиалдарының бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру жөніндегі операциялары

800

1.53.

Банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент –банктерінің филиалдары жүзеге асыратын өзге де операциялар

800

  ";

      мынадай мазмұндағы 1.53.1-жолмен толықтырылсын:

      "

1.53.1.

Микроқаржылық қызмет

30

  ";

      8-тармақ кестесінің 6-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6.

Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент – банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент – сақтандыру брокері филиалының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім

25

  ".

      2. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-III, 108-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 23, 106-құжат; № 24-І, 118, 119-құжаттар; № 24-II, 123-құжат; 2020 жылғы 7 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 33-баптың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы бес жүз қырық сегізінші – бес жүз елу үшінші абзацтармен толықтырылсын:

      "51) квазимемлекеттік сектор субъектісі болып табылмайтын және:

      телевизиялық бағдарламаларды жасау және трансляциялау жөніндегі қызметпен

      және (немесе)

      радио хабарларын таратумен

      және (немесе)

      газеттер, журналдар және (немесе) мерзімді жарияланымдар шығарумен айналысатын салық төлеуші қызметкерінің кірістері.";

      2) мынадай мазмұндағы 57-5, 57-6 және 57-7-баптармен толықтырылсын:

      "57-5-бап. Салық төлеуші – жеке тұлға, 2019 жыл үшін мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша міндеттемелерін қоспағанда, 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салықтық кезеңдер үшін мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша түзілген бересі сомасын 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін төлеген жағдайда, 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотындағы өсімпұл сомасы, сондай-ақ төлеу күнін қоса алғанда, төленген күніне дейін осындай бересі сомасына есепке жазылған өсімпұл сомасы салықтық берешек деп танылмайды, бюджетке енгізуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен есептен шығаруға жатады деп белгіленсін. Бұл ретте өсімпұл бересі төленген салықтың сол түрі бойынша есептен шығарылады.

      Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған тұлғаларға және жеке практикамен айналысатын адамдарға, осындай тұлғалардың салықтық міндеттемелері кәсіпкерлік қызметті, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат немесе кәсіпқой медиатор қызметін жүзеге асырумен байланысты емес жағдайларды қоспағанда, қолданылмайды.

      57-6-бап. 2020 жылғы 1 маусымнан 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде:

      1) Салық кодексінің 434-бабының мақсаттары үшін қосылған құн салығының асып кетуін оңайлатылған тәртіппен қайтару мөлшері Салық кодексінің 130-бабының 3-тармағына сәйкес ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілер тізбесіне енгізілген тау-кен өндіру (көмірсутектер өндіруді жүзеге асыратындарды қоспағанда), тау-кен металлургия және металлургия кәсіпорындары үшін 2020 жылғы бірінші, екінші және үшінші тоқсандар кезеңі үшін 80 пайызға дейін құрайды;

      2) осы баптың 1) тармақшасында аталған салық төлеушілердің 2020 жыл үшін іс жүзіндегі есептелген корпоративтік табыс салығының сомаларын есептелген аванстық төлемдер сомасынан 33 пайыздан аспайтын мөлшерде асыруға құқығы бар;

      3) ұшақтарға қосалқы бөлшектердің импорты (қозғалтқыштар, күш қондырғылары, жылу алмастырғыштар, радиобиіктік өлшегіштер, радарлар, датчиктер, қаптамалар) қосылған құн салығынан босатылады;

      4) әуе жолаушылар көлігі қызметімен айналысатын салық төлеушілер роялти, бағдарламалық қамтылымға техникалық қызмет көрсету және оны жаңарту, ақпарат беру және өңдеу, интернет-ресурсқа қолжетімділік беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер бойынша бейрезидент үшін қосылған құн салығынан босатылады;

      5) әуеайлақтардағы ұшу-қону жолақтары мен әуежайлардың терминалдары орналасқан жер учаскелері бойынша жер салығы мен жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелеріне 0 мөлшеріндегі коэффициент қолданылады деп белгіленсін.

      57-7-бап. Мыналар:

      1) Салық кодексінің 666-бабы 4-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасын, 7-тармағын, 667-бабының 3-тармағын қолдану мақсаттары үшін:

      2019 жыл үшін бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатты ұсыну (заңдастыруды қоса алғанда) 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылады;

      салық агентінің 2019 жыл үшін бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін өзі тұрған жердегі салық органына ұсыну мерзімі 2020 жылғы 31 желтоқсанға ауыстырылады;

      2) Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай қолданылған кезеңде салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайдың қолданылуы тоқтатылған айдан кейінгі жеті ай ішінде бастапқы құжаттар түпнұсқаларын ресімдеу шартымен бастапқы құжаттардың көшірмелері (сканерленген көшірмелер) негізінде салықтық есепке алуды жүргізуге құқылы деп белгіленсін. Бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайдың қолданылуы тоқтатылған айдан кейінгі жеті айлық кезең аяқталғанға дейін мұндай бастапқы құжаттардың көшірмелері төтенше жағдай қолданылған салықтық кезеңдерде тексерулер және өзге де бақылау әдістері жүргізілген кезде түпнұсқалар ретінде танылады;

      3) Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай қолданылған кезеңде бастапқы құжаттардың көшірмелері (сканерленген көшірмелер) Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайдың қолданылуы тоқтатылған айдан кейінгі жеті ай ішінде бастапқы құжаттар түпнұсқаларын ресімдеу шартымен есепке алу құжаттамасы ретінде танылады деп белгіленсін.".

      2-бап.

      1. Осы Заң:

      1) 2020 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 1) тармақшасын;

      2) 2020 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының төртінші – тоғызыншы абзацтарын;

      3) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларын, 4) тармақшасының төртінші абзацын және 5) тармақшасын қоспағанда, 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      2. Мыналар:

      1) осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы 2020 жылғы 1 қазанға дейін қолданылады;

      2) осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;

      3) осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы 2021 жылғы 26 ақпанға дейін қолданылады деп белгіленсін.

      3. Осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 2) тармақшасы төртінші абзацының ережесі Ұлттық инфрақұрылым операторына қолданылады деп белгіленсін.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ