"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгі

Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 6 мамырдағы № 324-VІ ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізілсін:

      1. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-І, 22-ІІ, 107-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-I, 118, 119-құжаттар; № 24-II, 123-құжат):

      1) 346-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацындағы "және оған теңестірілген адам" деген сөздер ", жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адам және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 490-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасындағы, 498-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі 4) тармақшасының бірінші абзацындағы және 526-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "қатысушылары және мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлетiн адамдар", "қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестiрiлген адамдар", "қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдар" деген сөздер "ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 553-баптың 3-тармағы ескертпесінің 2) тармақшасының екінші абзацындағы "қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлген адамдар" деген сөздер "ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 616-баптың бірінші бөлігінің 13) тармақшасындағы, 617-баптың 4) тармақшасындағы, 618-баптың 1) тармақшасындағы, 620-баптың 5) тармақшасындағы, 622-баптың 4) тармақшасының бесінші абзацындағы және 5) тармақшасының үшінші абзацындағы "қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлген адамдар" деген сөздер "ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-ІІІ, 108-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 23, 106-құжат; № 24-I, 118, 119-құжаттар; № 24-II, 123-құжат):

      33-баптың 2) тармақшасының бес жүз сексен алтыншы абзацындағы "және оған теңестірілген адам" деген сөздер ", жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адам және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларын қоспағанда, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ