Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 291-VІ ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-І, 99, 101-құжаттар; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115, 117-құжаттар; № 21-І, 124, 126-құжаттар; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 10, 79-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 4, 7-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 19-20, 86-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 10-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі "Астана қаласының," деген сөздер "Астананың және" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 110-баптың 5-тармағының екінші бөлігіндегі "Астана қаласы мен" деген сөздер "Астананың және" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 120-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі ", Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметімен" деген сөздер алып тасталсын.

      2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 121, 124-құжаттар; № 21-ІІ, 130, 132-құжаттар; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 16, 55-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2019 жылғы 19 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 49-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті орган бірлесіп мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін корпоративтік табыс салығы республикалық бюджетке түсетін салықтық түсімдер болып табылады.

      Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген ірі кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесі алдыңғы жылдың 1 мамырынан кешіктірілмей бекітіледі және жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңның қолданылуы кезеңінде өзгертуге жатпайды.";

      2) 50-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-2) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша корпоративтік табыс салығы;";

      3) 51-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-2) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, корпоративтік табыс салығы;";

      4) 52-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-2) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша корпоративтік табыс салығы;";

      5) 54-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) білім беру:

      аудандардағы (облыстық маңызы бар қалалардағы), аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі, ауылдық округтердегі мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, оның ішінде аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде орналасқан мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалардағы аудандарында орналасқан мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету;

      кешкі (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қоса алғанда, аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру;

      мектепалды даярлық, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендер сатып алу және жеткізу;

      облыстық, аудандық (қалалық) деңгейлерде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беру;

      республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарды қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау;

      арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша балаларды оқыту;

      мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқыту;

      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім;

      облыстық, аудандық (қалалық) ауқымдардағы мектеп олимпиадаларын өткізу;

      жергілікті деңгейде бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау;

      сайлау процесіне қатысушыларды оқыту;

      балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарау және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету;

      дамуында проблемалар бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу;

      бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз ету, оларды міндетті түрде жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен облыстарда, аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдары білім алушыларының және аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыру;

      әдістемелік жұмыс;

      кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуі;

      мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсету;

      ауылдық жерде оқушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастыру;";

      6) 55-бапта:

      1-тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, оның ішінде республикалық маңызы бар қалалар мен астана аудандарының аумағында орналасқан мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету;";

      5-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      7) 56-бапта:

      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) білім беру:

      жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз ету, оларды міндетті түрде жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету;";

      5-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      8) 56-1-баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;

      9) 62-баптың 3-тармағының төртінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі," деген сөздер алып тасталсын.

      3. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-І, 15-ІІ, 88-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 21, 98, 102-құжаттар; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 53, 56-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 19-20, 86-құжат):

      1) 234-баптың төртінші бөлігіндегі "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 547-баптың бесінші және оныншы бөліктеріндегі "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 549-баптың бесінші бөлігіндегі "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 550-баптың бесінші бөлігіндегі "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 551-баптың алтыншы бөлігіндегі және жетінші бөлігінің екінші абзацындағы "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын.

      4. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2015 ж., № 20-V, 20-VІ, 114-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 15-16, 67-құжат):

      1) мазмұнындағы 27-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "27-бап. Азаматтық істердің мамандандырылған соттардың, мамандандырылған сот құрамдарының және Нұр-Сұлтан қаласы сотының соттылығына жатқызылуы";

      2) 27-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "27-бап. Азаматтық істердің мамандандырылған соттардың, мамандандырылған сот құрамдарының және Нұр-Сұлтан қаласы сотының соттылығына жатқызылуы";

      төртінші бөліктегі "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 35-баптың екінші бөлігіндегі "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын.

      5. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-І, 22-II, 107-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жаңа салықты және (немесе) бюджетке төленетін төлемді белгілеу, мөлшерлемені арттыру, салық салу объектісін және (немесе) салық базасын өзгерту, салық төлеушілердің (салық агенттерінің) санаттарын ұлғайту, салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша шегерімнің немесе жеңілдіктің күшін жою немесе оларды азайту бөлігінде осы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Қазақстан Республикасының заңдары ағымдағы жылғы 1 шілдеден кешіктірілмей жылына бір реттен артық емес қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кейін қолданысқа енгізілуі мүмкін.";

      2) 505-баптың 1-тармағының кестесіндегі 3-жолдың 2-бағанындағы "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 521-баптың 3-тармағының 9) тармақшасындағы "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 529-баптың 2-тармағының кестесіндегі 3-жолдың 2-бағанындағы "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 546-баптың 1-тармағының кестесінде:

      7-жолдың 2-бағанындағы "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      9-жолдың 2-бағанындағы "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) 702-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің үшінші абзацындағы "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын.

      6. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-І, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      34-бапта:

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Қарыз алушы – жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарты бойынша банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға негізгі борыш және (немесе) сыйақы сомалары бойынша төлемдердің кез келгенін өтеу міндеттемесін орындау мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік тоқсан күні өткен соң тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды), сондай-ақ қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдерді есепке жазуға және талап етуге тыйым салынады.

      Осы тармақтың талабы банктік қарыз шартына, егер оны жасасу күні негізгі борыш сомасы тіркеуге жататын мүлік кепілімен және (немесе) ақша кепілімен толық қамтамасыз етілген болса, қолданылмайды.";

      7-1-тармақтың екінші бөлігінің бірінші абзацындағы "бір жүз сексен" деген сөздер "тоқсан" деген сөзбен ауыстырылсын.

      7. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 19, 118-құжат; № 23, 142-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184, 190-құжаттар; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 13-14, 144-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 11, 59-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат):

      1) 2-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының және басқа да күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;";

      2) 8-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін – Елбасын байланыспен қамтамасыз етуді, президенттік байланыс жүйелерінің қауіпсіздігін, сондай-ақ олардың ақпараттан оқшау қалуына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуді ұйымдастыру. Президенттік байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі өзара іс-қимылды ұйымдастыру тәртібі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірлескен бұйрықтарымен айқындалады;".

      8. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 33-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 21-III, 135-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 15-16, 67-құжат):

      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бап. Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының мақсаты

      Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары (бұдан әрi – ұлттық қауiпсiздiк органдары) – Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын және өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде:

      жеке адамның және қоғамның қауiпсiздiгiн, елдiң конституциялық құрылысын, мемлекеттiк егемендiгiн, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетiн қорғауды қамтамасыз етуге;

      Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасын, Қазақстан Республикасының Үкіметін және басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарды шешімдер қабылдау үшін барлау ақпаратымен қамтамасыз ету мақсатында барлау қызметін жүзеге асыруға және үйлестіруге, сондай-ақ мемлекет басшылығының саяси, қаржы-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстанның ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салалардағы саясатын іске асыруға жәрдемдесуге арналған арнаулы мемлекеттiк органдар.";

      2) 1-1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) астыртын әрекет ету – құпия ақпарат көздерін жедел шифрлау және оларға қолжетімділікті жабу арқылы қарсы барлау, барлау күштерін, құралдарын, іс-қимылдарын, жоспарлары мен ниеттерін жасыру, қадағалаудың ерекше тәртібін белгілеу;";

      3) 20-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жіберілген ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріндегі ресми өкілдері мен олардың көмекшілері Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңнамасында көзделген дипломатиялық артықшылықтар және иммунитет, еңбекке ақы төлеу және еңбек жағдайлары, сондай-ақ әлеуметтік және медициналық қамсыздандыру, оның ішінде олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік және медициналық қамсыздандыру мәселелерінде Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет қызметкерлерінің тиісті лауазымдарына теңестіріледі. Бұл ретте ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріндегі ресми өкілдері мен олардың көмекшілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілері үшін белгіленген арнаулы немесе әскери атағы бойынша айлықақысы, қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақылары және басқа да үстемеақылары, сондай-ақ құқықтары, кепілдіктері, жеңілдіктері, өтемақылары сақталады.".

      9. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 11, 29-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 9-10, 52-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      67-бапта:

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар, осы баптың 3-1, 3-2, 3-3 және 3-4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, аталған мекеменің осы елді мекендегі тұрғынжайға мұқтаж жұмыскерлеріне пайдалануға беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 3-4-тармақпен толықтырылсын:

      "3-4. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй қорын есепке алу және күтіп-ұстау саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжай осы елді мекендегі тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлеріне пайдалануға беріледі.".

      10. "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" 1998 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 14, 200-құжат; № 22, 308-құжат; № 24, 443-құжат; 2001 ж., № 13-14, 173, 176-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 142-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 13, 114-құжат; 2016 ж., № 8-I, 62-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):

      1) 3-баптың 10) тармақшасындағы "келісуге құқылы." деген сөздер "келісуге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11), 12), 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:

      "11) Алматы қаласының бас жоспарын іске асыру үшін әзірленетін Алматы қаласы аумағының қала құрылысын игеру схемаларын бекітуге;

      12) Алматы қаласы аумағының қала құрылысы регламентін бекітуге;

      13) қалалық рельстік көлікте қолданылатын тарифтік саясатты бекітуге;

      14) Алматы қаласының жасыл екпелерін күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекітуге құқылы.";

      2) 4-бап мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2), 9-3), 9-4), 9-5), 9-6), 9-7), 9-8), 9-9), 9-10), 9-11), 9-12), 9-13), 9-14), 9-15), 9-16), 9-17), 9-18), 9-19), 9-20), 9-21), 9-22), 9-23), 9-24), 9-25) және 9-26) тармақшалармен толықтырылсын:

      "9-1) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қарыз алуды жүзеге асырады;

      9-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген Алматы қаласын дамыту мен құрылыс салудың бас жоспарын, Алматы қаласының қала маңы аймағына жатқызылған іргелес аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру бойынша субъектілердің қызметін үйлестіреді;

      9-3) Алматы қаласында еңбек мәселелерін үйлестіреді және халықты жұмыспен қамту саясатының іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      9-4) Алматы қаласын дамыту мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      9-5) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Алматы қаласының орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесетін заңды тұлғаны айқындайды;

      9-6) Алматы қаласының аумағында медициналық қызметтер көрсететін медициналық ұйымдардың қызметін үйлестіреді;

      9-7) ішкі сауда және тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін дамыту және олардың жұмыс істеуі саласындағы саясатты іске асырады;

      9-8) қалалық шаруашылық объектілерінің, қаланы абаттандыру мен дамыту элементтерінің біртұтастығы мен сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      9-9) коммуналдық ақылы автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды, паркингтерді) пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді және коммуналдық ақылы автотұрақтарға (автомобиль қоятын орындарға, паркингтерге) сараланған тариф белгілейді;

      9-10) Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асырады;

      9-11) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды, оларды ғимараттардан (құрылыстардан, құрылысжайлардан) босатуды қамтамасыз ету саласында шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру, тарату туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ оның қызметін үйлестіреді;

      9-12) қалалық рельстік көлікте қолданылатын тарифтік саясатты әзірлейді;

      9-13) Алматы қаласының көліктік инфрақұрылым объектілерін басқаруға беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      9-14) Алматы қаласының көліктік инфрақұрылым объектілерін басқару функциясын жүзеге асыратын ұйымды айқындайды;

      9-15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Алматы қаласының көліктік инфрақұрылым объектілерін басқаруға беру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;

      9-16) Жол жүрісін басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      9-17) Көліктік инфрақұрылымды басқару және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      9-18) Кәбілдік кәрізді және инженерлік инфрақұрылымды пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      9-19) Алматы қаласы аумағының қала құрылысы регламентін әзірлейді;

      9-20) Алматы қаласының бас жоспарын іске асыру үшін әзірленетін Алматы қаласы аумағының қала құрылысын игеру схемаларын әзірлейді;

      9-21) Алматы қаласының жасыл екпелерін күтіп-баптау және қорғау қағидаларын әзірлейді;

      9-22) автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындардың, паркингтердің) санаттарын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      9-23) Алматы қаласының аумағында және қала маңындағы аймақта Стационарлық емес сауда объектілерін орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      9-24) Жазғы алаңдарды, қоғамдық тамақтану объектілерін, қызметтер көрсету саласы объектілерін орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      9-25) сыртқы жарықтандыру жүйесін пайдалану бойынша заңды тұлғаны айқындайды;

      9-26) жасыл экономика саласындағы жаңа технологияларды ынталандыру шараларын айқындайды;".

      11. "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 4, 102-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 6, 41-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 128-құжаттар; 2010 ж., № 3-4, 11-құжат; № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 22-I, 141-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 19, 62-құжат):

      14-баптың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының және олардың отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру, оның күштері, құралдары және әдістері туралы, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының және олардың отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы және жеке өмірі туралы мәліметтер;".

      12. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 21-І, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130, 132-құжаттар; № 22-І, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-І, 47, 49-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат; № 13, 45-құжат; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 72-құжат; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 19-20, 86-құжат; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 6-баптың 1-тармағында:

      3) және 4-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын әкімнің ұсынуы бойынша бекіту;";

      "4-2) қалалар мен елді мекендер аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 4-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-3) жасыл екпелердi күтiп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту;";

      2) 27-баптың 1-тармағында:

      15) және 33) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) азаматтардың тегiн білiм алу, оның ішінде бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу құқықтарын iске асыруын қамтамасыз етедi;";

      "33) сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегі уәкiлеттi орган бекiтетiн қалалар мен елді мекендер аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидалары негізінде әзірленген қалалар мен елді мекендер аумақтарын абаттандыру қағидаларын әзiрлейдi және мәслихатқа бекiтуге ұсынады;";

      мынадай мазмұндағы 33-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "33-1) жасыл екпелердi күтiп-баптау мен қорғау қағидаларын әзiрлейдi және мәслихатқа бекiтуге ұсынады.

      Облыстардың, астананың, Шымкент қаласының әкімдіктері сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін жасыл екпелердi күтiп-баптау мен қорғаудың үлгілік қағидалары негізінде әзірленген жасыл екпелердi күтiп-баптау және қорғау қағидаларын әзiрлейдi және мәслихатқа бекiтуге ұсынады;";

      3) 29-баптың 1-тармағында:

      4) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен нысанды киiм киіп жүру құқығы берілген және әскери немесе өзге арнаулы атақ берiлетiн басшыларды қоспағанда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларын, сондай-ақ аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасатын білім беруді басқару органдарының бірінші басшыларын;";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкiмшiлiк-аумақтық бірлікті басқару схемасын тиістi мәслихаттардың бекiтуiне енгiзедi;";

      мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қолдау көрсетеді және жәрдемдеседі.";

      4) 31-баптың 1-тармағының 19) тармақшасы алып тасталсын;

      5) 33-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) әлеуметтік-мәдени сала мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қолдау көрсетеді және жәрдемдеседі;";

      6) 35-бапта:

      1-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;";

      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзыретіне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды аудандық атқарушы органға енгізу жатады.".

      13. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 99, 101-құжаттар; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 14, 51-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 19-20, 86-құжат):

      1) 20-бап мынадай мазмұндағы 23-29) тармақшамен толықтырылсын:

      "23-29) осы Заңның және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан республикалық маңызы бар қалалар мен астананың сәулеттiк келбетiн қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын келісу;";

      2) 22-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "ережелерiн белгiлеу кiредi." деген сөздер "қағидаларын белгілеу;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен келісілген республикалық маңызы бар қалалар мен астананың сәулеттiк келбетiн қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын бекіту кіреді.";

      3) 25-баптың 1-тармағында:

      11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) дүлей зілзалаларға (су тасқынына, жер сілкінісіне, селге, шөгуге және қар көшкініне) ұшырауын ескере отырып, ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салу немесе өзге де қала құрылысын игеру үшін жер учаскелерін таңдау, беру, ал Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде шешімдер қабылдау;

      12) дүлей зілзалаларға (су тасқынына, жер сілкінісіне, селге, шөгуге және қар көшкініне) ұшырауын ескере отырып, аумаққа құрылыс салу, құрылыстарды, ғимараттарды, құрылысжайларды, инженерлiк және көлiктік коммуникацияларды кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу), реставрациялау және күрделi жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, қалалық маңызы бар объектілерді кейiннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;";

      мынадай мазмұндағы 18-11) тармақшамен толықтырылсын:

      "18-11) республикалық маңызы бар қалалар мен астананың сәулеттiк келбетiн қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын әзірлеу және сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегi уәкiлеттi органға келісу үшін енгізу;";

      4) 47-1-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік, мәдени және бірегей объектілерді салу мақсатында қолданыстағы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын түзету қажеттігіне байланысты жағдайларды қоспағанда, бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына өзгерістер мен толықтырулар жылына екі реттен асырмай енгізілуі мүмкін.".

      14. "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 25-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; 2017 ж., № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      19-баптың 3-тармағының кестесіндегі 16-жолдың 2-бағанындағы "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын.

      15. "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-І, 141-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 2-баптың 44-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "44-1) президенттік байланыс – Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының қызметін қамтамасыз етуге арналған арнаулы электр байланысы;";

      2) 38-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Көрсетілетін байланыс қызметтерін пайдаланушыларға байланыс қызметтерін көрсету уақыты туралы хабар беру көрсетілетін байланыс қызметтерін пайдаланушының тұрған жерінде Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша жүргізіледі.".

      16. "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 1-2, 1-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 5, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 19-ІІ, 104-құжат; № 22-І, 140-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат):

      1-баптың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) басқа да əскерлер мен əскери құралымдар – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, əскери қарсы барлау жəне əскери полиция органдары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштері, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің əскери-тергеу органдары, азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның басқару органдары мен азаматтық қорғаныстың əскери бөлімдері, əскери прокуратура органдары;".

      17. "Әскери полиция органдары туралы" 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 5, 4-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 22-II, 148-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 14, 49-құжат):

      5-баптың бірінші бөлігінің 7-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бере отырып, мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;".

      18. "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 128-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-II, 103-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 14, 51-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 39-құжат):

      1) 1-баптың 1-тармағындағы және 2-тармағының бірінші абзацындағы "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 4-баптың 1-тармағында:

      "шетел азаматтарына" деген сөздер "шетелдіктерге" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Астана қаласының құрметті" деген сөздер "Нұр-Сұлтан қаласының құрметті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 5-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Астананың аумағын жергілікті өкілді және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін және өзгертетін, Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің шекарасындағы жер, су объектілері құрайды.";

      4) 8-баптың 3) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Нұр-Сұлтан қаласы аумағының қала құрылысы регламентін бекітеді;";

      5) 9-бапта:

      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық меншігін иеленуді, пайдалануды және оған билік етуді жүзеге асырады;

      3) Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық меншігін жекешелендіру жөніндегі қатынастарды реттейтін қаулылар шығарады;";

      18-1) тармақшадағы "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 19-13) тармақшамен толықтырылсын:

      "19-13) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйесінің қалалық операторын айқындайды;";

      26), 29) және 38) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "26) мыналарды:

      астана көшелерінің тізбесін;

      автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды, паркингтерді) ұйымдастыру және олардың санаттарын айқындау қағидаларын;

      коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындарды (паркингтерді) пайдалану қағидаларын бекітеді;";

      "29) Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде Есіл өзенінің кеме қатынасы учаскесінде су жолы жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді;";

      "38) Нұр-Сұлтан қаласы аумағының қала құрылысы регламентін әзірлейді;";

      мынадай мазмұндағы 42) тармақшамен толықтырылсын:

      "42) жазғы алаңдарды, қоғамдық тамақтану объектілерін, қызметтер көрсету саласы объектілерін орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді.";

      6) 9-1-бапта:

      тақырыптағы "Астана қаласының", "Астана қаласын" деген сөздер тиісінше "Астананың", "астананы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші абзацтағы және 1) тармақшадағы "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7) 12-баптың 1-тармағындағы "Астана", "Астананың" деген сөздер тиісінше "Нұр-Сұлтан", "Нұр-Сұлтанның" деген сөздермен ауыстырылсын.

      19. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18-құжаттар; № 13, 45-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 3-4, 16-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 46-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-баптың 13-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-1) білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты және жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға қатысушылардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және осы Заңның 47-бабының 17-тармағында аталған адамдардың бюджет қаражаты шығыстарын жұмыспен өтеу немесе жұмыспен өтемеген жағдайда орнын толтыру жөніндегі өз міндеттерін сақтауын мониторингтеу мен бақылауды қамтамасыз ететін заңды тұлға;";

      2) 4-бапта:

      мынадай мазмұндағы 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-2) он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидаларын бекітеді;

      5-3) он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын ұйымды (әкімшіні) айқындайды;";

      21) тармақшада:

      "мекемелерінің" деген сөз "ұйымдарының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "ағымдағы ұстауға" деген сөздер "ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 5-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 43-3) және 46-23) тармақшалармен толықтырылсын:

      "43-3) жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, оқуға ата-ана төлемақысының шекті мөлшерін бекiтедi;";

      "46-23) әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемаларын қалыптастыру кезінде қолданылатын білім беруді басқару органдары (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, сондай-ақ оларға есеп беретін және олардың бақылауындағы, аудандарда, қалаларда немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудандарда орналасатын білім бөлімдері) арасында функцияларды бөлуді әзірлейді және бекітеді;";

      4) 6-бапта:

      2-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1-2), 1-3), 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-2) кешкі (ауысымды) оқу нысанын қоса алғанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;

      1-3) тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;";

      "4-1) мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, орта білім алғанға дейін оларды оқытуды ұйымдастырады;

      4-2) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;";

      мынадай мазмұндағы 7-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-3) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiтедi;";

      8-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-2) мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қолдау көрсетеді және жәрдемдеседі;";

      11) тармақшада:

      "мемлекеттік білім беру мекемелерінің" деген сөздер "облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдардағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "ағымдағы ұстауға" деген сөздер "ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-1) жыл сайын 1 тамызға дейін аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан, мектепалды даярлықтың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, орта білім беру ұйымдарына оқу жылына білім беру органдары болжайтын көлемде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдарда жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын, облыстық ауқымда орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын, аудандық (қалалық) ауқымдағы конкурстар ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;";

      мынадай мазмұндағы 13-1) және 13-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "13-1) мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

      13-2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, қалалардағы аудандарда, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;";

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейлерде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;";

      мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "18-1) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларға қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;";

      19), 24-2), 24-4) және 24-5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;";

      "24-2) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады және жүзеге асырады;";

      "24-4) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, мамандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;

      24-5) әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;";

      мынадай мазмұндағы 24-10), 24-11) және 24-12) тармақшалармен толықтырылсын:

      "24-10) білім беру ұйымдарында, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдарында психологиялық қызметке әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;

      24-11) білім беру ұйымдарында, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін адамдардың (балалардың) білім алуына арнайы жағдай жасайды;

      24-12) тиісті кентте, ауылда, ауылдық округте мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастырады;";

      3-тармақтың 7-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-2) мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары өздеріне жүктелген функцияларды тиісті білім беруді басқару органдары мен білім бөлімдері арқылы іске асырады.

      Аудандарда, қалаларда немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудандарда орналасатын білім бөлімдері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармаларына есеп береді және солардың бақылауында болады.";

      4-тармақта:

      2), 3), 4), 4-1), 5), 7), 8), 8-1), 8-2), 8-3), 9), 10) және 11) тармақшалар алып тасталсын;

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;";

      13), 14), 18), 19-1), 19-2), 19-3), 21-1), 21-2), 21-3) және 21-5) тармақшалар алып тасталсын;

      5-тармақ алып тасталсын;

      5) 26-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградталған адамдардың;";

      6) 62-бапта:

      4-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-2. Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.";

      мынадай мазмұндағы 4-3-тармақпен толықтырылсын:

      "4-3. Жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру білім беру саласындағы уәкілетті органның операторына жүктеледі.".

      20. "Сыртқы барлау туралы" 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 10, 46-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; 2014 ж., № 7, 33-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – сыртқы барлау органы) – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;";

      2) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бап. Сыртқы барлау субъектілері

      1. Сыртқы барлау субъектілеріне:

      1) сыртқы барлау органы жатады.

      Құзыретіне барлау қызметін жүзеге асыру кіретін сыртқы барлау органы қызметтерінің, бөлімшелерінің және қызметкерлері санаттарының тізбесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайды;

      2) осы Заңның 6-бабының 3) тармақшасында көзделген өкілеттіктер шегінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары жатады.

      2. Сыртқы барлау субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде барлау қызметін жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс.";

      3) 6-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сыртқы барлау органы:

      саяси, қаржы-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, әскери-саяси, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда;

      Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерде шифрлік және радиотехникалық құралдар мен әдістерді пайдалана отырып шифрленген, құпияландырылған, кодталған және өзге де арнаулы байланыс түрлері саласында;

      Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің, олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында;

      шет мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен ұйымдарының, қылмыстық қоғамдастықтардың (қылмыстық ұйымдардың) және жекелеген адамдардың Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған барлау және өзге де қызметіне қарсы іс-қимыл саласында;

      экстремизмге және террористік әрекетке қарсы іс-қимыл саласында, сондай-ақ шекаралық саясат және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын, аумақтық сулары (теңіздері) мен континенттік қайраңын күзетуді жедел қамтамасыз ету саласында;";

      2) тармақша алып тасталсын.

      21. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45, 46-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      134-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы "астананың жергілікті атқарушы органының мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюды, оларды үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан)" деген сөздер "астананың және Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарының мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды, оларды ғимараттардан (құрылыстардан, құрылысжайлардан)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      22. "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 148-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат):

      1) 6-бапта:

      екінші бөлікте:

      "Арнаулы мемлекеттік органдардың" деген сөздер "Ұлттық қауіпсіздік органдарының əскери қызметшілері және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскерге шақыру бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "29," деген цифрлар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілері осы Заңда көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы заңнамасына сəйкес әскери қызмет өткереді.";

      2) 7-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 10) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) арнайы тексеруден өтпеген және (немесе) өзі не өзінің ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, қарындастары, немерелерi немесе зайыбы (жұбайы) және оның ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, қарындастары, немерелерi туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған;

      11) ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, қарындастары, немерелерi не зайыбы (жұбайы) немесе оның ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, қарындастары, немерелерi ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған;";

      3) 26-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;

      4) 27-бап мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Бұрын мемлекеттік саяси лауазымдарды атқарған және арнаулы мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволары бірінші басшыларының орынбасарынан төмен емес лауазымдарға тағайындалған қызметкерлерге, осы Заңның 27-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның талаптары қолданылмай, атқаратын лауазымы үшін штатта көзделген арнаулы атақ беріледі.";

      5) 76-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлеріне қолданылмайды.";

      6) 77-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Курсанттардың, тыңдаушылардың бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша:

      1) стационарлық емделуге барған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiржол, әуе, су және автомобиль көлiгiнде;

      2) осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 4), 6), 7), 11), 12), 12-1) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, арнаулы мемлекеттiк органдардағы қызметтен шығарылған кезде, сондай-ақ демалысқа және тағылымдамадан өтуге барған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiржол, су және автомобиль көлiгiнде жол жүруге (жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін және кері) жұмсалған шығындарын өтетуге құқығы бар.

      Шет мемлекеттің білім беру ұйымдарында білім алып жатқан курсанттарға, тыңдаушыларға да оқуға жіберілген, тағылымдамадан өтуге, каникулдық демалысқа барған кезде мемлекет есебiнен (жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін және кері) əуе, теміржол, су және автомобиль көлігінде жол жүру құқығы берiледi.

      Арнаулы (әскери) оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.".

      23. "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат):

      7-бапта:

      2-тармақтың 4-1) тармақшасы алып тасталсын;

      3-тармақтың 3) тармақшасындағы "билік етуге құқылы емес." деген сөздер "билік етуге;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы

      4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4) қарыз алушы – жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредиті бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы сомалары бойынша төлемдердің кез келгенін өтеу жөніндегі міндеттемені орындаудың мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік тоқсан күні өткен соң тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) есепке жазуға және талап етуге құқылы емес.

      Осы тармақшаның талабы микрокредит беру туралы шартқа, егер оны жасасу күні негізгі борыш сомасы тіркеуге жататын мүлік кепілімен және (немесе) ақша кепілімен толық қамтамасыз етілген болса, қолданылмайды;

      5) тұрғын үй және (немесе) тұрғынжай орналасқан жер учаскесі болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген микрокредит бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы сомалары бойынша төлемдердің кез келгенін өтеу жөніндегі міндеттемені орындаудың мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күні өткен соң есепке жазылған сыйақыны, сондай-ақ тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) төлеуді талап етуге құқылы емес.".

      24. "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-II, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 14, 49-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 16-баптың 2) тармақшасындағы "Объектілерді қорғау қызметін" деген сөздер "Айрықша мақсаттағы күштерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 25-баптың 6-тармағының бірінші бөлігіндегі "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 64-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелері əскери полиция органдарында мемлекеттік тіркеуге жатады.".

      25. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-III, 135-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; 2018 ж., 15, 47-құжат):

      1) 1-баптың 2-тармағында:

      31) тармақшада:

      он бірінші абзац "оқу бағдарламалары бойынша," деген сөздерден кейін "Сот төрелігі академиясында," деген сөздермен толықтырылсын;

      он екінші абзацтағы "әскери" деген сөз "Сот төрелігі академиясын, әскери" деген сөздермен ауыстырылсын;

      54) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары "қаржыландыру" деген сөзден кейін ", Сот төрелігі академиясын," деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 2-баптың 3-тармағының 2) тармақшасында:

      үшінші абзац "сондай-ақ" деген сөзден кейін "Сот төрелігі академиясында," деген сөздермен толықтырылсын;

      бесінші абзацтағы "әскери" деген сөз "Сот төрелігі академиясын, әскери" деген сөздермен ауыстырылсын.

      26. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 153-құжат; 2016 ж., № 7-І, 50-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 123-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; 2019 ж., № 3-4, 16-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      15-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қызметтегі судьялар, Парламент депутаттары, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттары, сондай-ақ өз өкілеттіктерін тоқтатқан, оларды теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған мемлекеттiк саяси қызметшiлер, халықаралық қызметшілер, судьялар, Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар "А" және "Б" корпусының мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымдарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес, кадр резервіне іріктеу және конкурс өткізілместен, уәкілетті комиссияның шешімі бойынша орналаса алады.".

      27. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; 2018 ж., № 15, 47-құжат):

      1-баптың 11-тармағы 10) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтары алып тасталсын.

      28. "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2017 – 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы" 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 21, 114-құжат; 2018 ж., № 24, 93-құжат):

      1) 1-баптың 3-тармағының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Нұр-Сұлтан қаласынан – 30 039 508 мың теңге сомасында белгіленсін.";

      2) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшалардағы "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын.

      29. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-ІІІ, 108-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат):

      1) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бап. Салық кодексінің 3-бабының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "3-бап. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының қолданылуы

      1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады және жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға және олардың құрылымдық бөлімшелеріне қолданылады.

      2. Салықтық әкімшілендіру, салықтық есептілікті белгілеу ерекшеліктері, салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жағдайын жақсарту жөніндегі өзгерістер мен толықтыруларды қоспағанда, осы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы өзгерген кездегі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері ағымдағы жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кейін қолданысқа енгізілуі мүмкін.";

      2) 43-1-баптағы "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 43-3-баптағы "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын.

      30. "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 23, 87-құжат):

      22-баптың 1-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) табиғи монополия субъектісіне "Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Нұр-Сұлтан" маршруты бойынша магистральдық газ құбырын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру.".

      2-бап. Осы Заңның 1-бабы 6-тармағы төртінші мен бесінші абзацтарының және 23-тармағы бесінші мен алтыншы абзацтарының күші бұрын жасалған банктік қарыз және микрокредит беру туралы шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қарыз алушы – жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз және микрокредит беру туралы шарттары бойынша осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін төленген тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл), қарыз (микрокредит) беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдер қайта есептеуге жатпайды.

      Қарыз алушы – жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз және микрокредит беру туралы шарттары бойынша осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін есепке жазылған және төленбеген тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл), қарыз (микрокредит) беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдер осы Заңның 1-бабы 6-тармағының төртінші мен бесінші абзацтарына және 23-тармағының бесінші мен алтыншы абзацтарына сәйкес қайта есептеуге жатады.

      3-бап. Осы Заң:

      1) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 28-тармағын, 29-тармағының 1) тармақшасын;

      2) 2019 жылғы 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағының 5) тармақшасын, 29-тармағының 2) және 3) тармақшаларын;

      3) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларын, 5-тармағының 1) тармақшасын, 19-тармағының 1) тармақшасын, 3) тармақшасының екінші абзацын және 6) тармақшасын;

      4) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 5), 6), 7) және 8) тармақшаларын, 12-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацын, 2) тармақшасының үшінші абзацын, 3), 4), 5) және 6) тармақшаларын, 19-тармағы 2) тармақшасының бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын, 3) тармақшасының үшінші абзацын, 4) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ