"Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 149-VІ ҚРЗ.

1-бап. "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" 2008 жылғы 20 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 17-18, 70-құжат; 2010 ж., № 11, 59-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; 2015 ж., № 19-І, 98-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) бүкіл мәтін бойынша "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)", "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)", "облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана)", "Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана)", "облыс (республикалық маңызы бар қала, астана)", "Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана)", "облысқа (республикалық маңызы бар қалаға, астанаға)" деген сөздер тиісінше "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың", "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың", "облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана", "Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана", "облыс, республикалық маңызы бар қала, астана", "Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана", "облысқа, республикалық маңызы бар қалаға, астанаға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Заң Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесін, оны қалыптастыру тәртібін және оның қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған жұмысын ұйымдастыруды айқындайды.";

      3) 1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан халқы Ассамблеясы (бұдан әрі – Ассамблея) – заңды тұлға түрінде құрылмайтын, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме.";

      4) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бап. Ассамблеяның мақсаты

      Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан этностарының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде Қазақстан Республикасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету болып табылады.";

      5) 4-баптың 1), 2) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

      2) Қазақстан халқының бірлігін нығайту;";

      "6) Қазақстан халқының дәстүрлерін, тілдері мен мәдениетін сақтау және дамыту болып табылады.";

      6) 5-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешқандай кемсітуге жол бермеушілік;";

      7) 6-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесу;";

      4) тармақша алып тасталсын;

      6), 7), 8), 13) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) елде және шетелде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін танымал ету;

      7) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған ағартушылық және баспа қызметін жүзеге асыру;

      8) этносаралық қатынастар аясында, оның ішінде мемлекеттік тіл мен Қазақстан халқының басқа да тілдерін қолдану саласында мониторингті жүзеге асыру;";

      "13) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің диалогын қамтамасыз ететін семинарларды, конференцияларды өткізу, сондай-ақ өзге де іс-шараларды жүзеге асыру;

      14) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;";

      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "14-1) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы қайырымдылықты, медиацияны дамытуға жәрдемдесу;";

      15) және 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) Қазақстан этностарының өз тарихи отанымен байланысын дамытуға жәрдемдесу;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жөніндегі өзге де қызмет болып табылады.";

      8) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-бап. Ассамблеяның құрылымы

      1. Ассамблеяның құрылымын Ассамблеяның Сессиясы, Кеңесі, Аппараты (Хатшылығы), Ассамблеяның атқарушы органы, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеялары, Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері құрайды.";

      9) 9-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын және 4) тармақшасындағы "есептерін тыңдау;" деген сөздер "есептерін тыңдау болып табылады." деген сөздермен ауыстырылып, 5) тармақшасы алып тасталсын;

      10) 10-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кеңес Ассамблеяның республикалық этномәдени бірлестіктерінің, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана ассамблеяларының, мемлекеттік органдардың басшылары қатарынан қалыптастырылатын алқалы орган болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша Кеңестің құрамына Ассамблеяның басқа да мүшелері енгізілуі мүмкін.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) қоғамдық наградаларды тағайындау және олар туралы ережелерді бекіту;";

      11) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:

      "10-1-бап. Кеңес мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

      1. Кеңестің мүшелері өз қызметін жүзеге асырған кезде:

      1) Кеңестің тапсырмасы бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда Ассамблеяның мүддесін білдіруге, сондай-ақ олардың консультативтік-кеңесші органдарының құрамдарына кіруге;

      2) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана ассамблеяларының сессиялары мен кеңестері отырыстарының жұмысына қатысуға;

      3) Кеңестің отырыстарында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша қоғамдық маңызы бар мәселелерді қарау жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      4) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға Ассамблеяның жұмыс органы арқылы өтініштер жіберуге;

      5) Ассамблеяның жұмыс органына қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін этномәдени бірлестіктердің мүшелерін, сондай-ақ басқа да адамдарды көтермелеу жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы.

      2. Кеңестің мүшесі Кеңестің жұмысына, сондай-ақ Ассамблея ұйымдастыратын іс-шараларға қатысуға міндетті.";

      12) 11-баптың 4-тармағында:

      1) және 1-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Төраға мен Кеңестің қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету, оның ішінде олардың қызметін сараптамалық-талдамалық, ақпараттық және өзге де түрде қолдап отыру;

      1-1) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша жұмысын үйлестіру;";

      мынадай мазмұндағы 1-2), 1-3), 1-4) және 1-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-2) Ассамблеяның атқарушы органының жұмысын үйлестіру;

      1-3) Ассамблеяның атқарушы органының үлгілік құрылымын және штат санын келісу;

      1-4) жеке және заңды тұлғалардың жалпымемлекеттік маңызы бар және этносаралық қатынастар саласын қозғайтын өтініштерін қарау;

      1-5) Ассамблея мен оның құрылымының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылын ұйымдастыру;";

      2) тармақша алып тасталсын;

      13) 12-баптың 2-тармағының 1-1) тармақшасы алып тасталсын;

      14) 13-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ассамблея Төрағасының орынбасарларын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.

      Этномәдени бірлестіктерден Ассамблея Төрағасының орынбасарларын Кеңестің ұсынымы негізінде ротациялау қағидатына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.

      Ассамблея Төрағасының орынбасарларын ротациялау кезеңін Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) Ассамблея Төрағасының, Ассамблеяның жұмыс органының Сессиялар мен Кеңес шешiмдерiн іске асыру жөніндегі тапсырмаларын орындайды;";

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын Ассамблея Төрағасы орынбасарларының қызметін Ассамблеяның атқарушы органы қамтамасыз етеді.";

      15) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:

      "13-1-бап. Ассамблеяның және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана ассамблеяларының атқарушы органдары

      1. Қазақстан Республикасының Президенті құратын, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы республикалық мемлекеттік мекеме Ассамблеяның атқарушы органы болып табылады.

      Ассамблеяның атқарушы органының қызметі Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін жарғымен регламенттеледі.

      Ассамблеяның атқарушы органы қызметінің мақсаты Ассамблеяның жұмыс істеуін ұйымдастырушылық, қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құру болып табылады.

      Ассамблеяның атқарушы органының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.

      2. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының жанындағы коммуналдық мемлекеттік мекеме облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясының атқарушы органы болып табылады.

      Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясының атқарушы органы қызметінің мақсаты облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясының жұмыс істеуін ұйымдастырушылық, қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құру болып табылады.

      Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясының атқарушы органының басшысы Ассамблея Аппаратымен (Хатшылығымен) келісу бойынша лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.";

      16) 14-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

      "8. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясының аппараты (хатшылығы):

      1) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясының төрағасы мен кеңесінің қызметін қамтамасыз етеді;

      2) өңірдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудың жай-күйі мен перспективалары туралы ақпаратты тұрақты негізде жинауды жүзеге асырады және оны Ассамблея Аппаратына (Хатшылығына) тоқсан сайын береді;

      3) өңірдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіреді, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;

      4) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясының атқарушы органының қызметiн үйлестіреді.";

      17) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:

      "14-1-бап. Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері

      1. Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері – Ассамблеяның мақсаты мен міндеттерін бөлісетін, осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнің негізінде жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдар.

      Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері қызметінің мақсаттары азаматтардың белсенділігі мен өзіндік әрекетін дамыту, олардың дәстүрлерді, тілдер мен мәдениетті сақтау және дамыту саласындағы мүдделерін қанағаттандыру болып табылады.

      2. Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері қоғамдық бірлестіктердің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады және Ассамблеяның жергілікті, өңірлік немесе республикалық этномәдени бірлестіктері ретінде жұмыс істеуі мүмкін.

      Ассамблеяның жергілікті этномәдени бірлестіктеріне Қазақстан Республикасының бір облысы, оның ішінде республикалық маңызы бар қаласы, астанасы шегінде жұмыс істейтін және Ассамблеяның мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін этнос өкілдерін топтастыратын қоғамдық бірлестіктер жатады.

      Ассамблеяның өңірлік этномәдени бірлестіктеріне Қазақстан Республикасы облыстарының, оның ішінде республикалық маңызы бар қалаларының, астанасының жартысынан аз аумағында өздерінің құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар және Ассамблеяның мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін этнос өкілдерін топтастыратын қоғамдық бірлестіктер жатады.

      Ассамблеяның республикалық этномәдени бірлестіктеріне Қазақстан Республикасы облыстарының, оның ішінде республикалық маңызы бар қалаларының, астанасының жартысынан астам аумағында өздерінің құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар және Ассамблеяның мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін этнос өкілдерін топтастыратын қоғамдық бірлестіктер жатады.

      3. Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады, қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, азаматтық қағидатында, патриотизм, Қазақстан этностарының рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық біртектілікті нығайтуға жәрдемдеседі.

      4. Ассамблеяның құрамына қоғамдық аккредиттеу рәсімінен өткен этномәдени бірлестіктер кіреді.

      Этномәдени бірлестікті қоғамдық аккредиттеу тәртібі мен ол туралы ережені Кеңес айқындайды.";

      18) 15-бапта:

      тақырып, 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-бап. Ассамблеяға және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеяларына мүшелік

      1. Ассамблеяның және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана ассамблеяларының құрамы Қазақстан Республикасы азаматтарының – этномәдени бірлестіктер мен өзге де қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар өкілдерінің және өзге де адамдардың қатарынан қалыптастырылады.

      2. Ассамблеяға мүшелікке кандидатуралар:

      1) Ассамблеяның этномәдени бірлестіктерінің және өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеялары сессияларының шешімі;

      2) Ассамблеяның республикалық, өңірлік этномәдени бірлестіктерінің және өзге де қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдарының шешімі;

      3) Кеңестің шешімі;

      4) Ассамблеяның этномәдени бірлестіктерінің және өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде Кеңестің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеялары сессияларының шешімімен ротациялау қағидаты бойынша ұсынылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ассамблеяның этномәдени бірлестіктерінен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеяларына мүшелікке кандидаттар олардың жоғары басшы органдарының шешімімен ұсынылады және тиісті аппаратқа (хатшылыққа) енгізіледі.";

      19) 16-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті, мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға және Қазақстан халқының басқа да тілдерінің сақталуына ықпал етуге;";

      20) 17-баптың 1-тармағы 5) тармақшасындағы "байланысты тоқтатылады." деген сөздер "байланысты;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6) осы Заңның 15-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген, Ассамблея мүшесін ротациялау жағдайында;

      7) бұрын Ассамблеяға мүшелікке кандидатура ұсынған, Ассамблеяның республикалық, өңірлік этномәдени бірлестіктерінің және өзге де қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдарының шешімі бойынша кері шақырып алуға байланысты тоқтатылады.";

      21) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-бап. Ассамблеяның және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана ассамблеяларының қызметін қаржыландыру көздері

      Қазақстанда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етуге бағытталған, Ассамблея, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеялары, Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері ұйымдастыратын іс-шаралар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қаржыландырылады.";

      22) мынадай мазмұндағы 19-1-баппен толықтырылсын:

      "19-1-бап. Ассамблеяның этномәдени бірлестіктерінің дәстүрлерді, тілдерді, мәдениетті сақтау және дамыту саласындағы қызметін мемлекеттік қолдау

      1. Ассамблеяның этномәдени бірлестіктерінің дәстүрлерді, тілдерді, мәдениетті сақтау және дамыту, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту саласындағы қызметін мемлекеттік қолдауды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      2. Ассамблея мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ассамблеяның этномәдени бірлестіктерінің дәстүрлерді, тілдерді, мәдениетті сақтау және дамыту саласындағы қызметін мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттарын тұжырымдауға жәрдемдеседі.".

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ