Ұстап беру туралы конвенцияны ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 10 қарашадағы № 105-VІ ҚРЗ.

      1933 жылғы 26 желтоқсанда Монтевидеода қол қойылған Ұстап беру туралы конвенция мынадай мәлімдемелермен ратификациялансын:

      1) Қазақстан Республикасы Конвенцияның 2-бабының бірінші сөйлеміне және өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарын ұстап бермейді;

      2) Қазақстан Республикасы Конвенцияның 15-бабы бойынша міндеттемелерді өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес орындайды.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ