"Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және "Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру тур

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 32-VІ ҚРЗ

      

1-бап. "Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және "Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы" 2016 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., 10, 79-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) 1-баптың 4) тармақшасының екінші абзацындағы "2016" деген цифрлар "2021" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      2) 2-баптағы "2016" деген цифрлар "2021" деген цифрлармен ауыстырылсын.

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
 
Президенті
Н.Назарбаев