2012 жылғы 7 қыркүйекте Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісім және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасы ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының
Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы
келісім
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі,
екі мемлекеттің арасындағы көршілес, әріптестік қарым-қатынастарды, сондай-ақ олардың арасындағы әр түрлі салаларда, оның ішінде заңсыз көші-қонға және трансшекаралық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес саласында ынтымақтастықты дамытуға ұмтылысты басшылыққа ала отырып,
Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес оның аумағындағы немесе оның аумағы арқылы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың заңсыз көші-қоны үшін жауапкершілік белгілеудегі Тараптардың әрбір мемлекетінің егеменді құқығын құрметтей отырып,
осы Келісім Тарап мемлекеттерінің құқықтарын, жауапкершілігі мен міндеттемелерін кемсітпейтіндігін атап өте отырып,
Тарап мемлекеттерінің аумақтарында көші-қон үдерістерін айқын регламенттеудің өзекті қажеттілігін негізге ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Анықтамалар
Осы Келісімде төменде келтірілген ұғымдар мынаны білдіреді:
«реадмиссия» - шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың келуі, кетуі және болу мәселелері бойынша ондағы қолданыстағы ұлттық заңнаманы бұза отырып, сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына кірген немесе онда жүрген адамдарды осы Келісімде көзделген тәртіппен, жағдайларда және мақсаттарда сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдарының беруі және сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдарының қабылдауы;
«сұрау салушы Тарап» - адамдардың реадмиссиясы немесе транзиті туралы сұрау салу жіберетін Тарап;
«сұрау салынатын Тарап» - мекенжайына адамдардың реадмиссиясы немесе транзиті туралы сұрау салу жіберілген Тарап;
«үшінші мемлекеттің азаматтары» - Тараптар мемлекеттерінің азаматтығы жоқ және осы Келісімнің қатысушысы болып табылмайтын мемлекеттің азаматтығына тиесілі адамдар;
«азаматтығы жоқ адамдар» - осы Келісімнің 2-бабы 1-тармағының әрекеті қолданылатын, басқа Тарап мемлекетінің аумағына кіргеннен кейін бір Тарап мемлекетінің азаматтығын жоғалтқан адамдарды қоспағанда, Тараптар мемлекеттерінің азаматтары болып табылмайтын және үшінші мемлекеттің азаматтығына тиесілі дәлелдемелері жоқ адамдар;
«құзыретті органдар» - осы Келісімді іске асыруға жауапты Тараптар мемлекеттерінің органдары;
«Атқару хаттамасы» - осы Келісімді іске асыру тәртібі туралы хаттама;
«дербес деректер» - осындай ақпарат негізінде айқындалған немесе айқындалатын жеке тұлғаға қатысты кез келген ақпарат;
«транзит» - үшінші мемлекет азаматының немесе азаматтығы жоқ адамдардың сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағы арқылы жүру жолында сұрау салушы Тарап мемлекетінен межелі мемлекетке өтуі.
2-бап
Тараптар мемлекеттері азаматтарының реадмиссиясы
1. Егер олар сұрау салынатын Тараптың азаматтары болып табылатыны немесе сұрау салушы Тарап мемлекеттің аумағына келгеннен кейін азаматтығын жоғалтқаны және басқа мемлекеттің азаматтығын алмағаны немесе осы адамдарға қатысты сұрау салушы Тараптың мемлекеті азаматтықты беруден бас тартқаны туралы шешім шығарылғаны анықталса, сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары сұрау салушы Тараптың құзыретті органының сұрау салуы бойынша шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың келуі, кетуі және болуы мәселелері бойынша осы мемлекеттің ұлттық заңнамасын бұза отырып, сұрау салушы Тараптың аумағына келген немесе онда жүрген адамдарды қабылдайды.
2. Қажет болған жағдайда сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары тапсырылатын адамдарға берілген күннен бастап жарамдылық мерзімі күнтізбелік 30 күнді құрайтын, олардың сұрау салынатын мемлекеттің аумағына келуі үшін қажетті құжаттарды береді.
3. Адамдарда Тараптардың бірінің мемлекеті азаматтығының бар екенін айқындауға негіз болатын құжаттар тізбесі Атқару хаттамасында қамтылған.
Атқару хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде Тараптар дипломатиялық арналар арқылы осындай құжаттардың үлгілерімен алмасады. Кейіннен үлгілеріндегі Тараптардың әрқайсысы дипломатиялық арналар арқылы осындай құжаттар үлгілеріндегі кез келген өзгерістер туралы басқа Тарапты дереу хабардар етеді.
4. Егер осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттардың бірде біреуі ұсынылмайтын болса, сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органдары оның азаматтығы туралы мәліметтер алу мақсатында реадмиссиялауға жататын адаммен әңгіме өткізу туралы сұрау салынатын Тарап мемлекеттерінің консулдық мекемелерімен және дипломатиялық өкілдіктерімен уағдаласады. Мұндай әңгімелер өткізу рәсімі Атқару хаттамасында айқындалады.
5. Егер сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары оның реадмиссиясы үшін осы баптың 1-тармағында көзделген негіздердің жоқ екенін анықтаса, онда сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органдары тапсырған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде өздері тапсырған адамды қайта қабылдайды. Мұндай жағдайда сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органына осы адамға қатысты оның қарамағындағы материалдарды береді.
6. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамда сұрау салынатын Тарап мемлекеті азаматының жеке басын куәландыратын жарамды құжаты бар болған жағдайда, реадмиссия туралы сұрау салуды жіберу талап етілмейді.
3-бап
Үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ
адамдардың реадмиссиясы
1. Егер үшінші мемлекеттің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағынан тікелей оның аумағына келгені анықталса, сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары сұрау салушы Тарап мемлекеті құзыретті органының сұрау салуы бойынша сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағында осы мемлекеттің ұлттық заңнамасын бұза отырып, жүрген және келген үшінші мемлекеттің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайды.
2. Егер үшінші мемлекет азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаты және мұндай адамның азаматтық немесе тұру мемлекетінің құзыретті органының осындай құжатты беру мүмкіндігі болмаса, онда реадмиссия туралы сұрау салуға оң жауап алғаннан кейін сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы оған өз мемлекетінің аумағына шығу үшін құжат береді.
3. Егер оның реадмиссиясы үшін осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер жоқ екені анықталса, сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органдары тапсырған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде өздері тапсырған адамды қайта қабылдайды. Мұндай жағдайда сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық органы сұрау салатын Тарап мемлекетінің орталық органына осы адамға қатысты оның құзырындағы материалдарды береді.
4. Осы баптың қағидалары мыналарға:
сұрау салатын Тарап мемлекетінің аумағына заңды түрде келу кезінде осы мемлекеттің құзыретті органдары берген әрекетті визалары, уақытша немесе тұрақты тұруға арналған рұқсаттары болған адамдарға;
сұрау салатын Тарап мемлекетінің аумағына заңды негізде халықаралық шартқа сәйкес визасыз тәртіппен келген адамдарға;
сұрау салатын Тарап мемлекетінің аумағына келгеннен кейін осы мемлекеттің құзыретті органдары виза, уақытша немесе тұрақты тұруға арналған рұқсат берілген адамдарға қолданылмайды.
5. Осы баптың қағидалары Қазақстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы реадмиссия туралы халықаралық шарттар жасасқан үшінші мемлекеттердің азаматтарына және осы үшінші мемлекеттерден келген азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылады.
4-бап
Реадмиссия туралы сұрау салуларды жіберу және қарау мерзімдері
1. Адамдардың реадмиссиясы туралы сұрау салуды сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы сұрау салынатын Тарап мемлекетінің тікелей құзыретті органына мұндай адамның сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына заңсыз келуі немесе заңсыз болу фактісін және/немесе оның жеке басын анықтаған күннен бастап, күнтізбелік 45 күн ішінде жолдайды.
2. Егер адам сұрау салушы Тарап мемлекетінің шекарасынан еткен сәттен бастап не болмаса адамның сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағында заңсыз болу фактісін анықтаған сәттен бастап күнтізбелік 180 күннен асқанына бұлтартпайтын дәлелдері болса, сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы осы Келісімнің 3-тармағында көрсетілген адамдарды реадмиссиялау туралы сұрау салуды қабылдамауы мүмкін.
3. Егер сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары бұл адамды беру үшін осы Келісімнің 2-бабының 1-тармағында және 3- бабының 1-тармағында көзделген қажетті шарттардың жоқ екенін анықтаса, сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары адамды реадмиссиялау туралы сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде адамды қабылдауға келісімін береді немесе оны қабылдаудан дәлелді бас тартады. Реадмиссия туралы сұрау салуға уақтылы жауап беру үшін кедергі келтіретін заңды немесе нақты сипаттағы мән-жайлар болған кезде жауап беру мерзімі сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органының дәлелді өтініші негізінде күнтізбелік 60 күнге дейін ұзартылады.
5-бап
Реадмиссиялау мерзімдері
1. Егер Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары әрбір нақты жағдайда өзгеше уағдаласпаса, оған қатысты сұрау салынатын Тарап реадмиссиялауға келісім берген адамдарды беру сұрау салушы Тарап осындай келісімді алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жүзеге асырылады.
2. Егер адамдарды беруге объективті түрде кедергі келтіретін мән-жайлардың туындауы себебінен онда аталған адамдар сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдарына берілмейтін болса, осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзім ұзартылуы мүмкін, бұл туралы тиісті жазбаша хабарлама жіберіледі.
Оған қатысты сұрау салынатын Тарап реадмиссиялауға келісім берген адамды беру мүмкін болмағанда, сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық органы сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық органына дереу тиісті жазбаша хабарлама жібереді.
6-бап
Транзит
1. Егер сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы транзит мемлекеті немесе межелі мемлекет болып табылатындығына қарамастан, осы тармақта көрсетілген адамдарға үшінші мемлекеттің аумағына кедергісіз келуге болатынына кепілдік берсе, сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы сұрау салушы Тарап мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы бойынша сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағы арқылы үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың транзитіне рұқсат береді.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың транзиті сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органдары қызметкерлерінің ілесе жүруімен жүзеге асырылуы мүмкін, оның мәртебесі Атқару хаттамасында айқындалады.
3. Егер Тараптар мемлекетінің құзыретті органдары әрбір нақты жағдайда өзгеше уағдаласпаса, осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың транзиті туралы сұрау салуды транзиттеу мақсатында сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы алдын ала, алайда, адамның сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағына келуінің болжанған күніне күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей жібереді.
4. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы адамдардың транзиті туралы сұрау салуды алған күннен бастап, күнтізбелік 7 күн ішінде транзитке немесе транзитті жүзеге асыруға белгіленген тәртіпте ресімделген бас тартуға келісім береді.
5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың транзитін жүзеге асыру кезінде сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органдарының өтініші бойынша барынша көмек көрсетеді.
6. Егер:
1) үшінші мемлекеттің азаматына немесе азаматтығы жоқ адамға межелі мемлекетте немесе басқа транзит мемлекетінде азаптауларға, қатыгездік, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне ұшырауына, өлім жазасына немесе нәсілдік тиесілігі, діни, ұлттық, сондай-ақ белгілі бір әлеуметтік ортаға тиесілік белгілері немесе саяси ұстанымы бойынша қудалау қаупі төнсе;
2) мұндай адамдардың сұрау салынатын Тарап мемлекеттінің аумағында болуы оның ішінде ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіпті сақтау, немесе халық денсаулығы тұрғысынан қолайсыз болып табылған жағдайда, сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық органы осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдарды транзиттеуден бас тартуы мүмкін.
7. Егер олар сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағына кіргеннен кейін оларға қатысты осы баптың 6-тармағында көзделген міндеттемелер белгіленген болса, сондай-ақ егер басқа транзит мемлекетінің немесе межелі мемлекеттің аумағына кедергісіз келуі анағұрлым кепілдендірілген деп санауға болмаса, сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары транзиттік жол жүруге берілген рұқсатқа қарамастан, осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдарды сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органдарына қайтаруы мүмкін.
8. Тараптар олардың азаматтық мемлекеттеріне немесе тұрақты тұру мемлекеттеріне тікелей қайтарылуы мүмкін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың транзит оқиғаларына шектеу қою бойынша екіжақты негізде шаралар қабылдайды.
7-бап
Дербес деректерді қорғау
1. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары осы Келісімнің ережелерін іске асыруға байланысты алмасатын немесе бір-біріне беретін дербес деректері олардың ұлттық заңнамаларына және Тарап мемлекеттері қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес Тараптардың әрқайсысының мемлекетінде қорғалуға тиіс.
2. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары осы Келісімнің мақсаттары үшін ғана дербес деректерді алмасады және олардың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
8-бап
Шығыстар
1. Егер шығыстарды көрсетілген адамдар дербес немесе үшінші тарап төлей алмайтын жағдайда, реадмиссияға және осы Келісімнің 2-бабы 1-тармағында және 3-бабы 1-тармағында көрсетілген адамдарды сұрау салынатын Тарап мемлекетінің мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіне дейін ілесе жүруге байланысты шығыстарды сұрау салушы Тарап көтереді.
2. Егер шығыстарды көрсетілген адамдар дербес немесе үшінші тарап төлей алмаған жағдайда, осы Келісімнің 6-бабы 1-тармағында көрсетілген адамдардың транзитіне және ықтимал ілесе жүруге, сондай-ақ оларды ықтимал қайтаруға байланысты шығыстарды сұрау салушы Тарап көтереді.
3. Осы Келісімнің 2-бабының 5-тармағында және 3-бабының 5-тармағында көрсетілген адамдарды беруге және сұрау салушы Тарап мемлекетінің мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіне дейін оларға ықтимал ілесе жүруге байланысты шығыстарды, реадмиссия үшін негізі болмаған әрекеті немесе әрекетсіздігі адамды беруге әкелген Тарап көтереді.
9-бап
Атқару хаттамасы
Тараптар:
1) құзыретті органдарға және олардың арасында өкілеттіктерді бөлуге;
2) реадмиссия немесе транзит туралы сұрау салу мазмұнына және оны жолдау тәртібіне;
3) әңгімелесу өткізуге;
4) реадмиссия немесе транзит рәсімдеріне;
5) үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды ілесе барып, адамдарды беру шарттарына;
6) осы Келісімді орындауға байланысты өзара есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібіне қатысты ережелерді қамтитын Атқару хаттамасын жасайды.
10-бап
Осы Келісімнің қолданылуын тоқтата тұру және қайтадан жаңарту
1. Тараптардың әрқайсысы басқа Тараппен консультациялардан кейін ұлттық қауіпсіздікті қорғауға, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету немесе халықтың денсаулығын сақтауға байланысты себептер бойынша осы Келісімнің қолданылуын ішінара немесе толық тоқтата алады.
2. Осы Келісімнің қолданылуын тоқтату немесе қайтадан жаңғырту туралы басқа Тарап осындай шешімнің іске асырылуының басталуына дейін 72 сағаттан кешіктірілмей, дипломатиялық арналар арқылы жазбаша түрде хабардар етіледі.
11-бап
Ынтымақтастық қағидаттары
1. Тараптардың арасындағы қарым-қатынастарда туындайтын және осы Келісімді орындауға немесе түсіндіруге байланысты барлық даулы мәселелер консультациялар және олардың арасындағы келіссөздер арқылы шешіледі.
2. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары өзара уағдаластық бойынша осы Келісімді іске асыруға байланысты мәселелер бойынша сарапшылардың жұмыс кездесулері мен консультацияларын өткізе алады.
12-бап
Басқа халықаралық шарттардың әрекеті
Осы Келісім Тараптар мемлекеттері қатысушысы болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
13-бап
Өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге жеке хаттамалармен ресімделетін және оның ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
14-бап
Қорытынды ережелер
1. Осы Келісім Тараптардың Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап, күнтізбелік 30 күн өткеннен кейін күшіне енеді.
2. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және оның қолданылуы бір Тарап оның қолданылуын тоқтату ниеті туралы басқа Тараптың жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап, күнтізбелік 60 күн өткеннен кейін тоқтатылады.
3. Осы Келісімнің қолданылуы тоқтатылған жағдайда Тараптар оның қолданылған кезеңінде туындаған міндеттемелерді реттейді.
2012 жылғы «7» қыркүйекте Астана қаласында әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіннің де бірдей күші бар.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының
Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді
іске асыру тәртібі туралы атқарушы
хаттамасы
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын - Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі
2012 жылғы «7» қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссия туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) іске асыруға байланысты барынша толық мәселелерді реттеуге екіжақты ниет білдіре отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Құзыретті органдар
1. Мыналар:
Қазақстан Республикасынан:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;
Өзбекстан Республикасынан:
Өзбекстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;
Өзбекстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік қызметі Келісімнің ережелерін іске асыруға жауапты құзыретті органдар болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құзыретті органдардың өзгеруі туралы Тараптар бір-біріне дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.
3. Келісімнің ережелерін және осы Атқару хаттамасын іске асыру мақсатында Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары бір-бірімен тікелей өзара іс-қимыл жасасады.
4. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары өздерінің байланыс деректерінің өзгергені туралы бір-біріне жазбаша нысанда дереу хабарлайды.
2-бап
Азаматтығы болуын дәлелдеу
1. Мынадай құжаттар:
Қазақстан Республикасы үшін:
1) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
3) Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты;
4) Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты;
5) теңізшінің паспорты;
6) қайтып оралу куәлігі;
7) баланың тууы туралы куәлігі (ата-анасының біреуінің паспортында жазба бар болғанда);
Өзбекстан Республикасы үшін:
1) Өзбекстан Республикасының дипломаттық паспорты;
2) Өзбекстан Республикасы азаматының паспорты;
3) Өзбекстан Республикасы азаматының биометриялы паспорты;
4) баланың тууы туралы куәлігі (ата-анасының біреуінің паспортында жазба бар болғанда);
5) Өзбекстан Республикасына қайтып келуге (тек Өзбекстан Республикасына қайтып оралу үшін) арналған сертификат;
6) 16 жасқа толмаған Өзбекстан Республикасы азаматының куәлігімен (2015 жылғы 31 желтоқсанға) Тараптар мемлекеттері азаматтығының бар екендігі растайды.
2. Мынадай құжаттар:
1) осы баптың 1-тармағында көрсетілген жарамдылық мерзімі өтіп кеткен құжаттар;
2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелері немесе дубликаттары;
3) реадмиссиялауға жататын адам толтырған осы Атқару хаттамасына 1-қосымшада көзделген нысандағы өтініш;
4) тиісті құзыретті органдар заңды негіздерде алған куәгерлердің жазбаша түсініктемелері;
5) мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының жазбаша ақпараттары;
6) реадмиссиялауға жататын адаммен әңгімелесудің оң нәтижелері бар болған жағдайда адамның Тараптар мемлекеттерінің азаматы болып табылады деп ұйғаруға негіз болады.
3-бап
Үшінші мемлекеттердің азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды
реадмиссиялау үшін негіздердің болуын дәлелдеу
1. Мынадай құжаттар (оның ішінде жарамдылық мерзімі өтіп кеткен):
1) жеке басты куәландыратын және шекарадан өтуге құқық беретін кез келген құжатта Тараптар мемлекеттерінің тиісті өкілетті органдарының келу/кету белгісі;
2) жасанды құжаттағы Тараптар мемлекеттері өкілетті органдарының келу/кету белгісі;
3) сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында тұруға ықтияр хат;
4) сұрау салынатын Тарап мемлекеті берген босқынның жарамды куәлігі және жол жүру құжаты;
5) сұрау салынатын Тарап мемлекетінде тұруға құқық беретін белгісі бар, үшінші мемлекет азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат үшінші мемлекеттердің азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды реадмиссиялау үшін негіздердің бар болуын дәлелдеу болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды Тараптар қосымша рәсімдерсіз таниды.
4-бап
Өзге құжаттар
1. Егер сұрау салушы Тараптың пікірі бойынша осы Атқару хаттамасының 2 және 3-баптарында көзделмеген өзге құжаттар реадмиссиялауға жататын адамның азаматтық тиесілігін айқындау не болмаса үшінші мемлекеттің азаматы мен азаматтығы жоқ адамды реадмиссиялау үшін негіздерді белгілеу үшін елеулі маңызға ие болса, онда мұндай құжаттар реадмиссия туралы сұрау салуға қоса берілуі мүмкін.
2. Реадмиссия туралы сұрау салуды қарау кезінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды назарға алу мүмкіндігі туралы мәселені сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы шешеді.
5-бап
Әңгімелесу
1. Келісімнің 2-бабының 4-тармағына сәйкес сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органының сұрау салуы бойынша Келісімнің 2-бабының 1-тармағында көрсетілген адаммен әңгіме өткізу бойынша негізгі міндет сұрау салушы Тарап мемлекетіндегі сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органының өкіліне жүктеледі.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген сұрау салынатын Тарап мемлекеті құзыретті органының өкілі болмағанда, әңгімелесуді сұрау салушы Тарап мемлекетіндегі сұрау салынатын Тарап мемлекетінің дипломатиялық өкілдігінің немесе консулдық мекемесінің қызметкері өткізеді.
3. Әңгімелесу сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағындағы сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органының өкілі не (осы баптың 2-тармағындакөрсетілген жағдайда) сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағындағы сұрау салынатын Тарап мемлекетінің дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі осы Атқару хаттамасына 2-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған, әңгімелесу туралы сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік 14 күннен аспайтын мерзімде өткізілуге тиіс.
4. Әңгімелесуді өткізу күні, уақыты және орны әрбір нақты жағдайда Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдарымен келісіледі.
6-бап
Реадмиссия туралы сұрау салудың мазмұны және оны жіберу
тәртібі, сондай-ақ оған жауап жіберу тәртібі
1. Осы Атқару хаттамасына 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған реадмиссия туралы сұрау салуды сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органына пошта байланысы немесе курьер арқылы және қажет болған кезде осы келісімнің 4-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімдерде ақпаратты қосымша техникалық құралдардың көмегімен жібереді.
2. Тараптар мемлекеттерінің азаматтарын реадмиссиялау туралы сұрау салуға реадмиссиялауға жататын адамда сұрау салынатын Тарап мемлекетінің азаматтығы бар екендігін растайтын не болмаса азаматтығы бар деп ұйғаруға негіздің болуын көздейтін осы Атқару хаттамасының 2 және 4-баптарында көзделген сұрау салушы Тараптың қарамағында бар құжаттар қоса беріледі.
3. Үшінші мемлекеттердің азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды реадмиссиялау туралы сұрау салуға олардың бар болуы көрсетілген адамдарды көрсетілген адамдарды реадмиссиялау үшін негіздердің бар екенін растайтын реадмиссиялау үшін осы Атқару хаттамасының 3 және 4-баптарында көрсетілген сұрау салушы Тараптың қарамағында бар құжаттар қоса беріледі.
4. Реадмиссиялау туралы сұрау салуға жауап сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органына Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы жазбаша нысанда пошта байланысы немесе курьер арқылы, қажет болған жағдайда ақпаратты беруді техникалық құралдардың көмегімен Келісімнің 4-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде жібереді.
7-бап
Транзит туралы сұрау салуды жіберу және оған жауап беру тәртібі
1. Осы Атқару хаттамасына 4-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған транзиттеу туралы сұрау салуды сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы Келісімнің 6-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органына пошта байланысы немесе курьер арқылы және қажет болған жағдайда осы келісімнің 6-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімдерде ақпаратты қосымша техникалық құралдардың көмегімен жібереді.
2. Сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органына транзиттеу туралы сұрау салудың жауабын Келісімнің 6-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімде сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы жазбаша нысанда пошта байланысымен немесе курьер арқылы және қажет болған жағдайда ақпаратты қосымша техникалық құралдардың көмегімен жібереді.
8-бап
Реадмиссияға немесе транзитке жататын адамға ілесе жүру
1. Адамға ілесіп жүрумен реадмиссиялау немесе транзиттеу қажет болған жағдайда, сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органына ілесіп жүретін адамдардың аттарын, тектері мен лауазымдарын, паспорттарының түрін, нөмірін, берілген күні мен жарамдылық мерзімін, сондай-ақ олардың сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында болуының болжамды мерзімдерін хабарлайды.
2. Ілесіп жүретін адамдар аумағында болған уақытта оның сұрау салынатын Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасын сақтауға міндетті.
3. Ілесіп жүретін адамдар азаматтық киімде болуы тиіс, сондай-ақ олардың өзімен бірге жарамды паспорттары мен реадмиссияға немесе транзитке қатысты келісілген уағдаластықты растайтын құжаттары болуы тиіс.
4. Ілесе жүретін адамдар қаруды және сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында шектеу қойылған немесе айналымнан алынған өзге де заттарды өздерімен бірге алып жүре алмайды.
5. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары ілесіп жүретін адамдардың сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында болуын қамтамасыз етумен байланысты барлық мәселелер бойынша бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайды. Бұл ретте сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары қажет болған кезде ілесіп жүретін адамдарға барынша көмек көрсетеді.
9-бап
Реадмиссия немесе транзит рәсімі
1. Адамдар реадмиссиясы немесе транзиті Тараптар мемлекеттерінің мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін барлығында жүзеге асырылады.
2. Реадмиссия немесе транзит күні мен уақыты, сондай-ақ осы мақсаттарда пайдаланылатын Тараптар мемлекеттерінің мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері әрбір нақты жағдайда Тараптар мемлекеттері құзыретті органдарының өзара келісімі бойынша белгіленеді.
3. Сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы реадмиссиялауға жататын адамды беру жоспарланған күнге дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей, сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органына осындай берудің шарттары туралы хабарлайды.
Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы осындай ақпаратты алған күннен бастап 7 жұмыс күнінен кешіктірмей сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органына беру шарттарының тиімділігі туралы хабарлайды.
4. Егер сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы ұсынған беру шарттары сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы үшін тиімсіз болған жағдайда, басқа беру шарттары барынша қысқа мерзімде келісілуге тиіс.
10-бап
Тілі
Келісімнің ережелерін және осы Атқару хаттамасын іске асыру мақсатында осы Атқару хаттамасына 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларда көзделген құжаттарды Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары орыс тілінде ресімдейді.
11-бап
Қосымшалар
Осы Атқару хаттамасына 1, 2, 3, 4, 5-қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады.
12-бап
Қорытынды ережелер
1. Осы Атқару хаттамасы Келісіммен бір уақытта күшіне енеді және өз қолданысын тоқтатады.
2. Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Атқару хаттамасына жеке хаттамалармен рәсімделетін және оның ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
2012 жылғы "7" қыркүйекте Астана қаласында әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі екі мәтіннің де бірдей заңды күші бар.
Осы Атқару хаттамасын түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
2012 жылғы «7» қыркүйектегі
Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Өзбекстан
Республикасының Үкіметі
арасындағы Адамдардың
реадмиссиясы туралы келісімді
іске асыру тәртібі туралы атқару
хаттамасына
1-қосымша
2012 жылғы «7» қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың
реадмиссиясы туралы келісімге сәйкес реадмиссияға жататын адамның
ӨТІНІШІ
1. Толық аты-жөні (тегінің астын сызып көрсетіңіз) __________________
2. Қыз кезіндегі тегі _______________________________________________
3. Туған күні, айы, жылы және жері __________________________________
4. Жеке басын куәландыратын құжат ___________________________________
5. Азаматтығы _______________________________________________________
6. Сұрау салынатын Тараптың мемлекеті аумағында тұратын туыстары туралы мәлімет ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
7. Сұрау салынатын Тараптың мемлекеті аумағындағы мекен жайы ________
8. Сұрау салушы Тараптың мемлекеті аумағына кіру күні, айы, жылы ____
9. Сұрау салушы Тараптың мемлекеті аумағына кіру тәсілі _____________
10. Сұрау салушы Тараптың мемлекеті аумағына кіру мақсаты ___________
11. Өзге мәліметтер _________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қолы
2012 жылғы « ___ » _____________
Өтініш толтырылған орын _________________________
Сұрау салушы Тараптың құзыретті
мемлекеттік органы өкілінің қолы ____________________________________
2012 жылғы «7» қыркүйектегі
Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Өзбекстан
Республикасының Үкіметі
арасындағы Адамдардың
реадмиссиясы туралы келісімді
іске асыру тәртібі туралы атқару
хаттамасына
2-қосымша
Тараптардың құзыретті мемлекеттік
органдарының ресми бланкісі
2012 жылғы «7» қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасының 5-бабына сәйкес Сұхбаттасуды өткізу туралы сұраным
А. Дербес мәліметтер:
1. Толық аты-жөні (тегінің астын сызып көрсетіңіз) ______ |
|
4. Жынысы және сырт келбеті (бойы, көзінің түсі, ерекшеліктері және т.б.) ___________________________________________________
5. Сондай-ақ танымал (адамның қолданыстағы, ол танымал болған бұрынғы аттары, басқа аттары немесе лақап аттары) ___________________________
6. Азаматтығы және тілі _____________________________________________
7. Тұрмыстық жағдайы: _______________________________________________
үйленген (тұрмыста) бойдақ ажырасқан тұл ер адам (жесір әйел)
Жұбайының аты (егер үйленген, тұрмыста болса) және оның тұрғылықты жері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Балаларының аты-жөні және жасы (егер бар болса) және олардың тұрғылықты жерлері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
8. Сұрау салушы Тараптың мемлекетінде соңғы тұрған жері
_____________________________________________________________________
9. Сұрау салушы Тараптың мемлекетіндегі соңғы мекенжайы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
10. Орын ауыстыру маршруттары туралы мәлімет ________________________
_____________________________________________________________________
11. Денсаулық жағдайы, медициналық шектеуі және ұсыныстар ___________
_____________________________________________________________________
12. Қолында бар құжаттары:
____________________ __________________________________
(құжат түрі) (күні, айы, жылы және берген орны)
____________________ __________________________________
(құжат берген орган) (мерзімі өткен күні, айы, жылы)
Б. Ескерту
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Сұхбаттасуды өткізу орны ____________________________________________
Сұрау салушы Тараптың құзыретті
мемлекеттік органы өкілінің қолы ____________________________________
М.О.
2012 жылғы «7» қыркүйектегі
Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Өзбекстан
Республикасының Үкіметі
арасындағы Адамдардың
реадмиссиясы туралы келісімді
іске асыру тәртібі туралы атқару
хаттамасына
3-қосымша
Тараптардың құзыретті мемлекеттік
органдарының ресми бланкісі
2012 жылғы «7» қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың
реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару
хаттамасының 6-бабына сәйкес Реадмиссиялау туралы сұрау
А. Дербес мәліметтер:
1. Толық аты-жөні (тегінің астын сызып көрсетіңіз) ______ |
|
4. Жынысы және сырт келбетінің (бойы, көзінің түсі, ерекшеліктері және т.б.) __________________________________________________________
5. Сондай-ақ (тұлғаның пайдаланатын бұрынғы танымал есімдері, өзге есімдері немесе лақап аты) __________________________________ белгілі
6. Азаматтығы мен тілі ______________________________________________
7. Уақытша тұруға рұқсат етілген ықтияр хат пен берілген визалар туралы мәлімет ______________________________________________________
8. Отбасы жағдайы ___________________________________________________
үйленген (тұрмыста) бойдақ ажырасқан тұл ер адам (жесір әйел)
Жолдасының аты (тұрмыста, үйленген болса) және оның тұрғылықты жері _
_____________________________________________________________________
Балаларының аты-жөні (бар болса) және олардың тұрғылықты жері _______
_____________________________________________________________________
Сұрау салынатын Тараптың мемлекетінде соңғы тұрғылықты мекенжайы ____
_____________________________________________________________________
10. Сұрау салынатын Тараптың мемлекетінде соңғы орналасқан жері _____
11. Орын ауыстыру маршруттары туралы мәлімет ________________________
_____________________________________________________________________
12. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында тұлғаның тұруы немесе заңсыз кіруі туралы қабылданатын шешім үшін негіздеме ________
_____________________________________________________________________
Б. Тапсырылатын тұлғаға қатысты айрықша жағдай
1. Денсаулығының жағдайы (ерекше медициналық күтім қажеттілігін көрсету, инфекциялық аурулардың атауы және т.б.) ____________________
_____________________________________________________________________
2. Тұлғаның аса қауіптілігі туралы ескерту (қылмыс жасағаны үшін күдікті, агрессиялық тәртіпке бейім және т.б.) ______________________
_____________________________________________________________________
В. Азаматтық қатыстылығына қосымша деректер
1. Азаматтық қатыстылығын растайтын құжаттар:
______________ _____________________________
(құжат түрі) (берілген күні мен уақыты)
_______________ ___________________________________
(берген орган) (қызмет көрсету мерзімінің аяқталуы)
2. Азаматтық қатыстылығын болжауға негіздеме беретін құжаттар _______
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Г. Ескерту
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________
Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзырлы
орган өкілінің қолы _________________________________
М.О.
2012 жылғы «7» қыркүйектегі
Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Өзбекстан
Республикасының Үкіметі
арасындағы Адамдардың
реадмиссиясы туралы келісімді
іске асыру тәртібі туралы атқару
хаттамасына
4-қосымша
Тараптардың құзыретті мемлекеттік
органдарының ресми бланкісі
2012 жылғы «7» қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың
реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару
хаттамасының 7-бабына сәйкес Транзит туралы сұрау
А. Жеке мәліметтер
1. Толық аты-жөні (тегінің астын сызып көрсетіңіз) _________________
____________________________________________________________________
2. Қыз кезіндегі тегі ______________________________________________
3. Туылған жері мен күні ___________________________________________
____________________________________________________________________
4. Сырт келбеті мен жынысы (бойы, көзінің түсі, ерекшеліктері және т.б.) ______________________________________________________________
____________________________________________________________________
5. Сондай-ақ (тұлғаның пайдаланатын бұрынғы танымал есімдері, өзге есімдері немесе лақап аты) __________________________________ белгілі
6. Азаматтығы мен тілі ______________________________________________
7. Жол жүру құжатының типі мен нөмері _______________________________
_____________________________________________________________________
Б. Тапсырылатын тұлғаға қатысты айрықша жағдай
1. Денсаулығының жағдайы (ерекше медициналық күтім қажеттілігін көрсету, инфекциялық аурулардың атауы және т.б.) ____________________
_____________________________________________________________________
2. Тұлғаның аса қауіптілігі туралы ескерту (қылмыс жасағаны үшін күдікті, агрессиялық тәртіпке бейім және т.б.) ______________________
_____________________________________________________________________
В. Транзиттік операция
1. Белгіленген мемлекет
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Транзиттің басқа да мүмкіндіктері бар мемлекеттер ________________
_____________________________________________________________________
3. Мемлекеттік шекараны өтудің ұсынылған жері, күні мен уақыты
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Бірлесіп жүретін адамдар туралы мәлімет __________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Г. Ескерту
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тұлғаны қабылдау транзиттік басқа мемлекетпен және (немесе) белгіленген мемлекетпен кепілді
Сұрау салынған Тарап мемлекетінің құзырлы
органының өкілінің қолы ________________________________________
М.О.
2012 жылғы «7» қыркүйектегі
Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Өзбекстан
Республикасының Үкіметі
арасындағы Адамдардың
реадмиссиясы туралы келісімді
іске асыру тәртібі туралы атқару
хаттамасына
5-қосымша
Тараптардың құзыретті мемлекеттік
органдарының ресми бланкісі
Транзит/реадмиссия туралы сұранымға жауап
Жауап берілген күні: ___________________________
1 Қабылданған шешім
рұқсат берілсін бас тарту
Теріс шешім қабылданған жағдайда
бас тартудың негізі
2 Ерекше белгілері
Лауазымды адамның аты-жөні Мөрі және қолы
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұдан әрі Келісім мен Атқару хаттамасының өзбек тіліндегі мәтіні берілген.