"Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 2014 жылғы 7 қарашадағы № 245-V ҚРЗ

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7 тармағына және Шу ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық санитарлық инспекторының 2014 жылғы 22 қазандағы № 374 ұсынысы негізінде селолық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жылқы малының арасынан эпизоотогиялық лимфангит ауруы анықталуына байланысты, Жаңақоғам селолық округінде карантин режимін енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңақоғам селолық округі әкімі аппаратының бас маманы Сатыбалды Тилемисович Асылбековке жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Округ әкімі Н. Султанбаев

       Жаңақоғам селолық округі әкімінің 2014 жылғы 10 қарашадағы № 17 "Жаңақоғам селолық округінде карантин режимін енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" шешіміне келісу парағы.
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Жамбыл облысы Ішкі істер
      департаментінің Шу аудандық
      Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесі
      Басшы Е. Иманбаев
      10 қараша 2014 жыл
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Шу аудандық
      аумақтық инспекциясы мемлекеттік
      мекемесі
      Басшы С. Таңсықов
      10 қараша 2014 жыл
      Қазақстан Республикасы
      тұтынушылардың құқықтарын қорғау
      агенттігінің Жамбыл облысы тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау департаментінің
      "Шу ауданы бойынша тұтынушылар
      құқығын қорғау басқармасы" мемлекеттік
      мекемесі
      Басшы М. Болотин
      10 қараша 2014 жыл