2008 жылғы 12 желтоқсандағы Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 18 қарашадағы № 140-V Заңы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұл хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енген күнінен бастап қолданылуын тоқтатады - ҚР 14.10.2014 N 240-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 113-баптан қараңыз).

      2012 жылғы 24 тамызда Мәскеуде жасалған 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


2008 жылғы 12 желтоқсандағы Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің мөлшерлемелерінен ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      2008 жылғы 12 желтоқсандағы Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің мөлшерлемелерінен ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттамаға мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1. 2-баптағы "Кеден одағының комиссиясына" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық комиссияға" деген сөздермен ауыстырылсын, "Комиссияның" деген сөз "Комиссия Кеңесінің" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 4-бапта:

      1 және 2-тармақтарда "Комиссия" деген сөз "Комиссия Кеңесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта "Комиссияның" деген сөз "Комиссия Кеңесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Егер Комиссия Кеңесінің тиісті шешімімен өзгеше белгіленбесе, Тараптардың біреуінің неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен мөлшерлемені қолдану мерзімі алты айдан аспауға тиіс.".

2-бап

      Осы хаттама ратификациялауға жатады.

      Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап 30 күн өткен соң уақытша қолданыла бастайды және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптар мемлекеттерінің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий алған күнінен бастап күшіне енеді.

      2012 жылғы 24 тамызда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.

      Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы оның депозитарийі болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.

      Депозитарий әрбір Тарапқа осы Хаттаманың куәландырылған көшірмесін жолдайды.

Беларусь

Қазақстан

Ресей

Республикасының

Республикасының

Федерациясының

Үкіметі үшін

Үкіметі үшін

Үкіметі үшін


      2012 жылғы 24 тамызда Мәскеу қаласында жасалған 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің мөлшерлемелерінен ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттаманың орыс тіліндегі нұсқасы қазақ тіліне аударылған нұсқасымен сай келетінін растаймын.

Қазақстан Республикасы


Экономика және бюджеттік жоспарлау


министрінің міндетін атқарушы

М. Әбілқасымова