2007 жылғы 18 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан - Қытай газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификаци

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 120-V Заңы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1308 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламада:
      «1. Бағдарламаның паспорты» деген бөлімде:
      «Қаржыландыру көздерi мен көлемдері» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «Қаржыландыру көздерi мен көлемдері

- «2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаның жалпы құны республикалық бюджет қаражаты есебiнен 45644303 мың теңгенi құрайды. Республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаражаттың жыл сайынғы көлемi тиiстi жылға арналған бюджеттi қалыптастырған кезде нақтыланатын болады.»;

      «4. Бағдарламаны іске асыру мақсаты, міндеті, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері» деген бөлімде:
      «Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4-кіші бөлімнің 5-тармағы мынадай мазмұндағы он екінші және жиырма бірінші абзацтармен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі»;
      «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ»;
      «7. Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары» деген бөлімде:
      реттік нөмірлері 4, 13, 36-жолдардың 4-бағанындағы «ҰИҚ» АҚ» деген аббревиатуралар «ТДҰА» АҚ» (келісім бойынша) деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірлері 2, 6, 9, 14, 21, 32-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      «

2.

«Өнiмдiлiк 2020» бағыты шеңберiнде инновациялық гранттар беру

Есеп

ИЖТМ

2010 - 2014 жылдар

1 725 000,0

7 500 000,0

3 478 171,0

4 300 000, 0

4 300 000, 0

21 303 000, 0

РБ

233-026

                                                                   »;

      «

6.

Технопарктерді, салалық конструкторлық бюроларды, халықаралық технологиялар трансферті орталықтарын басқару және үйлестіру бойынша қызметтер

ҚР Үкіметіне есеп

ИЖТМ, мүдделi мемлекеттiк органдар, ұлттық компаниялар (келісім бойынша)

2010 - 2014 жылдар

159 000,0

374 004

116 137

168 416

168 416

986 273

РБ

233-012

                                                                   »;

      «

9.

Технологияларды коммерцияландыруды мемлекеттік қолдау тетіктерін іске асыру бойынша қызметтер

«ТДҰА» АҚ Директорлар кеңесiнiң шешiмi

«ТДҰА» АҚ (келісім бойынша)

2011 - 2014 жылдар

61 000,0

88 800,0

145 782

157 103

157 103

609 788

РБ

233-012

                                                                   »;

      «

14.

Технологиялық болжамдауды ұйымдастыру бойынша қызметтер, инновацияларды дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер

Жол карталары бойынша басым салалар мен технологиялар тiзбесi

ИЖТМ, «ҰИҚ» АҚ (келiсiм бойынша)

2010 - 2014 жылдар

100 000,0

234 519,0

91 040

105 172

105 172

635 903

РБ

233-012

                                                                   »;

      «

21.

Технологиялық бизнес-инкубациялау бойынша мемлекеттік тетіктерді іске асыру бойынша қызметтер

ҚР Үкіметіне есеп

ИЖТМ, «ТДҰА» АҚ (келiсiм бойынша)

2011 - 2014 жылдар

180 000,0

306 181,0

339 626

368 491

368 491

1 562 789

РБ

233-012

                                                                   »;

      «

32.

Инновацияларды дамыту саласындағы ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер, оның ішінде өнертапқыштық қызметті және инновациялық белсенділікті ынталандыратын конкурстарды ұйымдастыру, баспа мен электрондық өнімді шығару және тарату

Есептер, орындалған жұмыстар актiсi

ИТЖМ, «ТДҰА» АҚ (келiсiм бойынша)

2010 - 2014 жылдар

186 570,0

307 091

130 954

144 117

144 117

912 849

РБ

233-017

                                                                   »;

      реттік нөмірі 20-жолдағы «ЭДСМ» деген аббревиатура «ЭБЖМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      «аббревиатуралардың толық жазылуы:» мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      «ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі»;
      «ТДҰА» АҚ – «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамы».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов