2011 жылғы 19 желтоқсанда Мәскеуде жасалған Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы шарт ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. НАЗАРБАЕВ |
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы
ШАРТ
Ескерту. Кіріспенің бірінші абзацын, 11-бап пен қорытынды бөлікті қоспағанда, мәтін бойынша тиісті санда және септіктегі "Тарап" деген сөз тиісті санда және септіктегі "мүше мемлекет" деген сөздермен ауыстырылды, "осы Тараптың" деген сөздер "осы мүше мемлекеттің" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР 27.10.2022 № 148-VII Заңымен.
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразия Экономикалық қоғамдастығының (ЕурАзЭҚ) шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттер,
2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және Кеден одағын қалыптастыру туралы шартты, 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартты негізге ала отырып,
2007 жылғы 5 қазандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы шартын назарға ала отырып,
ұйымдасқан қылмысқа, сыбайлас жемқорлықпен, терроризмге, өзге ауыр және аса ауыр қылмыстарға қарсы күрес заманауи және тиімді нысандарды, әдістер мен құралдарды пайдалануды талап ететіндігін назарға ала отырып,
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) халықаралық стандарттарын мойындай отырып,
халықаралық құқықтың жалпыға танымал қағидаттары мен нормаларын негізге ала отырып,
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыру (жылыстату) және (немесе) терроризмдi қаржыландыру үшін пайдалану мүмкіндігіне кедергі жасау мақсатында,
төмендегілер туралы уағдаласты:
1-бап
Осы Шарттың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақша құралдары – жол жүру чектері, вексельдер, чектер (банктік чектер), сондай-ақ эмитенттің (борышкердің) ақша қаражатын төлеу жөніндегі міндеттемесін куәландыратын, онда осындай төлем жүзеге асырылатын адам көрсетілмеген құжаттық нысандағы бағалы қағаздар;
2) қылмыстық жолмен алынған кірістер – осы Шартта көзделген қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдайтын, Еуразиялық экономикалық одақка мүше мемлекеттің (бұдан әрі тиісінше - мүше мемлекет, Одақ) заңнамасына сәйкес осылай деп танылатын қылмыстарды жасау нәтижесінде алынған ақша қаражаты немесе өзге мүлік;
3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) – қылмыстық жолмен алынған кірістерді иеленуге, пайдалануға немесе билік етуге құқықтық сипат беру жөніндегі іс-әрекеттер;
4) айналыстағы және айналыстан алынғандарын не алынатындарын, бірақ айналыста жүрген ақша белгілеріне айырбасталуға жататындарын қоса алғанда, Кеден одағына мүше мемлекеттерде немесе мемлекеттерде (шет мемлекеттер тобында) заңды төлем құралы болып табылатын, бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда, банкноттар мен қазынашылық билеттері, монеталар түріндегі ақша белгілері;
5) қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізуді тоқтата тұру – құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті органдар берген ақпарат негізінде қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын иелену, пайдалану және оған билік ету Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін құқықтарын уақытша шектеу бойынша кеден органдары қабылдайтын осындай қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын шығару не алу (тыйым салу) туралы шешім қабылдау алдындағы іс-әрекеттер;
6) уәкілетті орган – мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың ықтимал жағдайларына қатысты ақпаратты жинақтауды, талдауды және оны құқық қорғау және (немесе) кеден органдарына беруді жүзеге асыруға уәкілетті осы мүше мемлекеттің органы;
7) терроризмді қаржыландыру – террористік сипаттағы қылмыстардың кемінде біреуін ұйымдастыруды, дайындауды немесе жасауды қаржыландыруға не осындай қылмыстардың кемінде біреуін жасау үшін құрылған немесе құрылатын ұйымдасқан топты, заңсыз қаруланған құрылымды, қылмыстық қоғамдастықты (қылмыстық ұйымды) қамтамасыз етуге арналғандығын сезіне отырып, қаражатты беру немесе жинақтау не қаржылық қызметтер көрсету.
Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.10.2022 № 148-VII Заңымен.2-бап
Мүше мемлекеттердің кеден органдары мүше мемлекеттердің құқық қорғау және уәкілетті органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, осы Шартқа және Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес Одақтың кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) акша құралдарын өткізу (бұдан әрі - қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу) кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қолданады.
Мүше мемлекеттердің кеден органдары Одақ құқығын құрайтын, кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттар мен актілерге және кеден органдары осындай бақылауды жүзеге асыратын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жолаушылар кедендік декларациясында немесе тауарға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді пайдалана отырып, қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарының өткізілуіне бақылауды жүзеге асырады.
Егер қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізуді жүзеге асыратын тұлға (бұдан әрі - қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізетін тұлға) жолаушылар кедендік декларациясында немесе тауарға арналған декларацияда Одақ құқығын құрайтын, кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттар мен актілерге сәйкес көрсетілуі міндетті болып табылатын мәліметтерді көрсетпесе, мүше мемлекеттердің кеден органдары Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес жолаушылар кедендік декларациясын немесе тауарға арналған декларацияны тіркеуден бас тартады.
Жетіспейтін мәліметтерді көрсетуден адам бас тартқан жағдайда қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізуге жол берілмейді.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.10.2022 № 148-VII Заңымен.3-бап
Мүше мемлекеттің кеден органы осы Шарттың 2-бабында көрсетілген мақсаттарда өзіне осы мүше мемлекеттің құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті органы берген ақпарат негізінде қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізуді тоқтата тұрады және тиісті ақпарат берген органды бұл туралы дереу хабардар етеді.
Мүше мемлекеттің кеден органы оның негізінде қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарын өткізілуін тоқтата тұратын ақпарат қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізетін адамды сәйкестендіру үшін қажет мынадай:
- жеке тұлғалар үшін: тегі, аты және (егер заңнан немесе ұлттық дәстүрден өзгеше туындамаса) әкесінің аты, туған күні және жері, азаматтығы;
- заңды тұлғалар үшін: ұйымның атауы, ұйымдастыру-құқықтық нысаны, орналасқан жерінің мекенжайы туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
Бар болса мынадай мәліметтер:
- жеке басты куәландыратын құжаттың түрі мен деректемелері: құжаттың сериясы мен нөмірі, құжаттың берілген күні (жеке тұлғалар үшін);
- салықтарды, алымдарды (баждарды) төлеушінің сәйкестендіру (есепке алу) нөмірі немесе тіркеу елінде берілген осыған ұқсас нөмір (заңды тұлғалар үшін);
- кету/келу елін, көлік құралының немесе рейстің күнін, түрі мен нөмірін қоса алғанда бағыт туралы мәліметтер;
- уәкілетті органның және (немесе) құқық қорғау органдарының қолындағы, олардың пікірі бойынша қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізетін адамды сәйкестендіруді жеңілдетуі мүмкін өзге мәліметтер қосымша көрсетіледі.
Қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізуді тоқтата тұруға негіз болған, кеден органына берілген ақпараттың дұрыстығы мен негізділігі үшін осы ақпаратты берген орган жауапты болады.
Қажет болған кезде қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының өткізілуі тоқтатыла тұру қажет адамды сәйкестендіру мақсатында мүше мемлекеттің кеден органдары осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес аталған мүше мемлекеттің өзге мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
4-бап
Мүше мемлекеттің уәкілетті органы осы мүше мемлекеттің кеден органынан қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізуді тоқтата тұру туралы ақпаратты алған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде:
өткізілуі тоқтатыла тұрған қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын қайтару туралы;
осы Шартқа және осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес шешім қабылдау үшін қажет өткізілуі тоқтатыла тұрған қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастырумен (жылыстатумен) және (немесе) терроризмдi қаржыландырумен ықтимал байланыс туралы материалдар мен ақпаратты осы мүше мемлекеттің құқық қорғау органдарына жіберу туралы шешімдердің біреуін қабылдайды.
Қабылданған шешім туралы уәкілетті орган бірден тиісті кеден органын дереу хабардар етеді.
Кеден органынан немесе уәкілетті органнан қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізуді тоқтата тұру туралы ақпаратты алған құқық қорғау органы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізуді тоқтата тұру күнінен кейін 30 күнтізбелік күн ішінде мынадай:
өткізілуі тоқтатыла тұрған қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын қайтару туралы шешім;
өткізілуі тоқтатыла тұрған қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын алу (тыйым салу) туралы процессуалдық шешімнің біреуін қабылдайды.
Қабылданған шешім туралы құқық қорғау органы тиісті кеден органын дереу хабардар етеді.
Өткізілуі тоқтатыла тұрған қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын алып қою (тыйым салу) туралы процессуалдық шешім қабылдаған жағдайда құқық қорғау органы осындай шешім қабылданған күнінен кейін бір жұмыс күнінің ішінде өткізілуі тоқтатыла тұрған қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізген адамды жазбаша түрде бұл туралы хабардар етеді.
Қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізуді тоқтата тұру мерзімі қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізуді тоқтата тұру күнінен кейін күнтізбелік 30 күннен аспауға тиіс.
Мүше мемлекеттің кеден органдарының, құқық қорғау органдарының, уәкілетті органының және өзге мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібі осы мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалады.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.10.2022 № 148-VII Заңымен.5-бап
Қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізуді тоқтата тұру кезінде мүше мемлекеттің кеден органы Еуразиялық экономикалық комиссия айқындайтын нысан бойынша екі данада акт жасайды, оның біреуі қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізуші адамға беріледі, екіншісі кеден органында қалады.
Кеден органдары өткізілуі тоқтатыла тұрған қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын сақтауды кеден органдары қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізуді тоқтата тұрған мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіпте жүзеге асырады.
Уәкілетті органның немесе құқық қорғау органының өткізілуі тоқтатыла тұрған қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын қайтару туралы шешімін алған кезде кеден органы өткізілуі тоқтатыла тұрған қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізген адамды бір тәулік ішінде жазбаша түрде тапсыру туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтілімі арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын қайтару туралы хабардар етеді.
Осы Шарттың 4-бабында белгіленген шекті мерзім ішінде кеден органына уәкілетті органның немесе құқық қорғау органының осы Шарттың 4-бабында көзделген қайсыбір шешімі түспеген кезде кеден органы өткізілуі тоқтатыла тұрған ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын қайтару туралы бір тәулік ішінде шешім қабылдайды және өткізілуі тоқтатылған қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізген адамды жазбаша түрде тапсыру туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтілімі арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын қайтару туралы хабардар етеді.
Почта жөнелтілімінде өткізілуі тоқтатыла тұрған қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) ақша құралдарын алуға болатын орын, оларды сақтау мерзімі және алмаудың салдары көрсетіледі.
Өткізілуі тоқтатыла тұрған қайтарылуға тиіс қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын сақтаудың шекті мерзімі тапсыру туралы хабарламада көрсетілген почта жөнелтілімін берген күннен бастап не кеден органы почта жөнелтілімін тапсыру мүмкін еместігі туралы хабарлама алған күнінен бастап төрт айды құрайды.
Қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын сақтау және қайтару жөніндегі шығыстарды кеден органы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізуді тоқтата тұрған мүше мемлекет көтереді.
Егер өткізілуі тоқтатыла тұрған қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын адам немесе оның өкілі, қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізуді тоқтата тұрған кеден органы, мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес расталған өкілеттіктер осы бапта белгіленген мерзімде талап етпесе, олар кеден органы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын тоқтата тұрған мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мемлекеттің меншігіне (кірісіне) айналуға тиіс.
Мемлекеттің меншігіне (кірісіне) айналдырылған қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) ақша құралдары кеден органы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізуді тоқтата тұрған мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес сот тәртібінде мүдделі адамға қайтарылуы мүмкін.
Қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізуді тоқтата тұру жөніндегі заңды іс-әрекеттер осындай тоқтата тұру салдарынан туындайтын шығын, оның ішінде жіберіп алған пайда үшін мүше мемлекеттердің кеден органдарының, құқық қорғау органдарының және (немесе) уәкілетті органдарының азаматтық-құқықтық немесе өзге жауапкершілігінің туындауы үшін негіз болып табылмайды.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.10.2022 № 148-VII Заңымен.6-бап
Мүше мемлекет жолаушы кедендік декларациясында көрсетілген, кедендік декларациялауға жататын қолма-қол ақша қаражатына және (немесе) ақша құралдарына қатысты, сондай-ақ нысанасы Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және (немесе) терроризмді қаржыландыруға байланысты қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) ақша құралдары болып табылатын қылмыстық істер жөніндегі мәліметтер жинақтауды және олардың негізінде дерекқор қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Мүше мемлекеттер жекелеген халықаралық шарттарға сәйкес мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары, құқық қорғау органдары және кеден органдары арасында осы бапта көрсетілген дерекқорда қамтылатын ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.10.2022 № 148-VII Заңымен.7-бап
Мүше мемлекеттер осы Шартты іске асыру мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Осы Шарт шеңберінде мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары, уәкілетті органдары және (немесе) кеден органдары арасында өзара іс-қимыл жасау және ақпарат алмасу жекелеген халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
8-бап
Осы Шартты түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта айқындалған тәртіппен шешіледі.
Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда – ҚР 27.10.2022 № 148-VII Заңымен.9-бап
Осы Шартқа ескертулер жасауға жол берілмейді.
10-бап
Мүше мемлекеттердің өзара келісуі бойынша осы Шартқа өзгерістер енгізілуі мүмкін, олар жекелеген хаттамалармен ресімделеді және осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.10.2022 № 148-VII Заңымен.11-бап
Осы Шарт ратификациялануға тиіс және депозитарий осы Шарт күшіне енуі үшін қажет мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күнінен бастап күшіне енеді.
2011 жылғы 19 желтоқсанда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір данада жасалды.
Осы Шарттың түпнұсқа данасы Кеден одағының Комиссиясында сақталады, ол осы Шарттың депозитарийі болып табылады және әр Тарапқа оның расталған көшірмесін жібереді.
|
|
|
Осымен берілген мәтін Мәскеу қаласында 2011 жылғы 19 желтоқсанда қол қойылған Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы шарттың толық және дәлме-дәл мәтіні болып табылатынын куәландырамын:
Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасының Президенті А.Г. Лукошенко
Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев
Ресей Федерациясы үшін - Ресей Федерациясының Президенті Д.А. Медведев
Кеден одағы Комиссиясы Хатшылығының Құқықтық департаменті директоры |
М.И. Халимов |
2011 жылғы 19 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылған Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы шарттың қазақ тіліне аудармасы дұрыс екендігін растаймын.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік тілді дамыту және редакциялау Басқармасының бастығы |
Б.Ахметжанова |