"Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 522-IV Заңы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.09.2015 № 762 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Yкiмeтi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Салалық арттырушы коэффициенттерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкiмeтiнің 2008 жылғы 9 маусымдағы № 548 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 29, 286-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1-тармақта;
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) тау-кен металлургия саласында-кемінде 1,7;»;
      7) тармақшадағы «2,0 болып бекітілсін.» деген сөздер «2,0;» деген санмен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) теміржол саласында - 1,05-тен 1,25-ке дейін болып бекітілсін.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов