1992 жылғы 23 - 25 қарашада Копенгагенде қабылданған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына Түзетуді және 1997 жылғы 15 - 17 қыркүйекте Монреальда қабылданған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына Түзетуді ратифика

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 426-IV Заңы

      1992 жылғы 23 - 25 қарашада Копенгагенде қабылданған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына Түзету және 1997 жылғы 15 - 17 қыркүйекте Монреальда қабылданған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына Түзету ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасы
      Президенті                                 Н. Назарбаев

БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ

Сілтеме: (Депозитарийдің нотификациялауы) С.N. 428.1997.ТRЕАТІЕS-4/1

ОЗОН ҚАБАТЫН БҰЗАТЫН ЗАТТАР ЖӨНІНДЕГІ
МОНРЕАЛЬ ХАТТАМАСЫ
1987 ЖЫЛҒЫ 16 ҚЫРКҮЙЕКТЕ МОНРЕАЛЬДА ЖАСАЛҒАН

МОНРЕАЛЬДАҒЫ ТАРАПТАРДЫҢ ТОҒЫЗЫНШЫ КЕЗДЕСУІНДЕ
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТҮЗЕТУЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ,
1997 ЖЫЛҒЫ 15 - 17 ҚЫРКҮЙЕК

      Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы депозитарий ретінде сөз сөйлей отырып, төмендегіні хабарлайды:

I

      1997 жылғы 15 - 17 қыркүйек аралығында Монреальда өткен жоғарыда аталған Хаттама Тараптарының тоғызыншы кездесуінде Тараптар Хаттаманың 2 (9) (с) бабына сәйкес Хаттамаға өзгерістер енгізді (IX/1, ІХ/2 және ІХ/3-шешімдер).
      Өзгерістер мәтіні қабылданатын алты тілде I, II және III қосымшалар ретінде осы хабарламамен бірге жіберіледі.
      Өзгерістер Хаттаманың 2 (9) (d) бабына сәйкес осы хабарлама шыққан күннен бастап алты ай өткеннен кейін күшіне енеді.

II

      Сондай-ақ, Тараптардың тоғызыншы Кездесуінің есебіне IV қосымшада (ІХ/4-шешім) көрсетілгендей Тараптардың тоғызыншы кездесуінде 1985 жылғы Озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясының 9 (4) бабына сәйкес Тараптар Монреаль Хаттамасына түзетуді қабылдады.
      Түзету мәтіні қабылданатын алты тілде IV қосымша ретінде осы хабарламамен бірге жіберіледі.
      3 (1) бапқа сәйкес осы Түзету Озон қабатын бұзатын заттар  жөніндегі Монреаль хаттамасының Тараптары болып табылатын мемлекеттер немесе экономикалық интеграция жөніндегі өңірлік ұйымдар Түзетуді ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау туралы кемінде жиырма құжатты сақтауға тапсырған кезде, 1999 жылғы 1 қаңтарда күшіне енеді.  Егер осы күнге көрсетілген шарт сақталмаса, Түзету осы шарттар сақталған күннен кейінгі тоқсаныншы күні күшіне енеді.
      3 (3) бапқа сәйкес осы түзету күшіне енгеннен кейін Түзету Хаттаманың кез келген басқа да Тарапына қатысты ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжат сақтауға тапсырылған күннен кейінгі тоқсаныншы күні күшіне енеді.

1997 жылғы 5 желтоқсан 

Озон қабатын бүлдіретін заттар жөніндегі
Монреаль хаттамасына
Түзету
Монреаль, 1997 жылғы 15 - 17 қыркүйек       
1-бап: Түзету

А.4-бап, 1-ква тармақ

      Хаттаманың 4-бабының 1-тер тармағынан кейін мынадай мазмұндағы тармақ қосылады:
      «1-ква. Осы тармақ күшіне енген күннен кейін бір жыл ішінде әрбір Тарап осы Хаттаманың Тарабы болып табылмайтын кез келген мемлекеттен Е қосымшасына енгізілген реттелетін заттың импортына тыйым салады».

В.4-бап, 2-ква тармақ

      Хаттаманың 4-бабының 2-тер тармағынан кейін мынадай мазмұндағы тармақ қосылады:
      «2-ква. Осы тармақ күшіне енген күннен кейін бір жыл өткен соң әрбір Тарап осы Хаттаманың Тарабы болып табылмайтын кез келген мемлекетке Е қосымшасына енгізілген реттелетін заттың экспортына тыйым салады».

С.4-бап, 5, 6 және 7-тармақтар

      Хаттаманың 4-бабының 5, 6 және 7-тармақтарында:
      «және С қосымшасының II тобын» деген сөздер мынадай сөз орамына ауыстырылады:
      «, С қосымшасының II тобын және Е қосымшасын».

D.4-бап, 8-тармақ

      Хаттаманың 4-бабының 8-тармағында:
      «2G бабы» деген сөз орамы мынадай сөз орамына ауыстырылады:
      «2G және 2Н баптары».

Е.4А-бабы: Тараптармен сауда-саттықты реттеу

      Мынадай бап Хаттамада 4А-бабы қосылады:
      1. Қандай да бір реттелетін затты өндіруді және тұтынуды тоқтатудың Тарапқа қолданылатын күнінен кейін осы тарап Хаттама шеңберіндегі өзінің міндеттемесін сақтау жөніндегі барлық практикалық шараларды қабылдауға қарамастан, Тараптар негізгілері ретінде таныған қолданылатын түрлерін қоспағанда, ішкі тұтыну үшін осы затты өндіруді тоқтатуға шамасы келмесе, ол жойылуға жататындарды қоспағанда, осы заттың пайдаланылған көлемінің экспортына тыйым салады.
      2. Осы баптың 4А-тармағы Конвенцияның 11-бабының және Хаттаманың 8-бабына сәйкес әзірленген сақтамау рәсімінің қолданысы үшін нұқсан келтірместен қолданылады.

F.4В-бабы: Лицензиялау

      Мынадай бап Хаттамада 4В-бабы ретінде қосылады:
      1. Әрбір Тарап қай күн кешірек басталатына байланысты 2000 жылғы 1 қаңтарға қарай немесе осы бап өзі үшін күшіне енген күннен кейінгі үш ай ішінде А, В, С және Е қосымшаларында санамаланған жаңа, пайдаланылған, қайта айналысқа түскен және кәдеге жаратылған реттелетін заттардың импорты мен экспортын лицензиялау жүйесін құрады және енгізеді.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережесіне қарамастан 5-баптың 1-тармағының шеңберінде жұмыс істейтін, С және Е Қосымшаларында санамаланған реттелетін заттардың импорты мен экспортын лицензиялау жүйесін құруға және енгізуге өзінің мүмкіндігі жоқ деп шешетін кез келген Тарап осы шаралардың қабылдануын тиісінше 2005 жылғы 1 қаңтарға және 2002 жылғы 1 қаңтарға дейін кейінге қалдыра алады.
      3. Әрбір Тарап өзі лицензиялау жүйесін енгізген күннен кейінгі үш ай ішінде хатшылыққа мұндай жүйенің құрылғандығы және жұмыс істейтіндігі туралы ақпаратты хатшылыққа жібереді.
      4. Хатшылық өздерінің лицензиялау жүйесі туралы ақпаратты оған ұсынған Тараптардың тізбесін кезеңдік негізде дайындайды және барлық Тараптардың арасында таратады және Тараптарға тиісті ұсынымдарды қарау және енгізу үшін осы ақпаратты Орындау комитетіне жібереді.

2-бап. 1992 жылғы Түзетумен байланыс

      Бірде-бір мемлекет немесе экономикалық интеграция жөніндегі өңірлік ұйым Копенгагенде 1992 жылғы 5 қарашада Копенгагенде Тараптардың төртінші Кеңесінде қабылданған Түзетуге қатысты осындай сипаттағы құжатты алдын ала немесе бір мезгілде сақтауға тапсырмаса, осы Түзетуді ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе оған қосылу туралы құжатты сақтауға тапсыра алмайды.

3-бап. Күшіне енуі

      1. Осы Түзету Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасының Тараптары болып табылатын мемлекеттер немесе экономикалық интеграция жөніндегі өңірлік ұйымдар Түзетуді ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау туралы кемінде жиырма құжатты сақтауға тапсырған кезде, 1999 жылғы 1 қаңтарда күшіне енеді.  Егер осы күнге көрсетілген шарттар сақталмаса, Түзету осы шарттар сақталған күннен кейінгі тоқсаныншы күні күшіне енеді.
      2. 1-тармақтың мақсаты үшін қандай да бір экономикалық интеграция жөніндегі өңірлік ұйым сақтауға тапсырған кез келген осындай құжат ұйымға мүше мемлекеттер сақтауға тапсырған құжаттарға қатысты қосымша деп саналмайды.
      3. 1-тармаққа сәйкес осы түзету күшіне енгеннен кейін Түзету Хаттаманың кез келген басқа да Тарапына қатысты ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжат сақтауға тапсырылған күннен кейінгі тоқсаныншы күні күшіне енеді.

БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ

Сілтеме: (Депозитарийдің нотификациялауы) С.N. 428.1992.ТRЕАТІЕS-12

ОЗОН ҚАБАТЫН БҰЗАТЫН ЗАТТАР ЖӨНІНДЕГІ
МОНРЕАЛЬ ХАТТАМАСЫ
1987 ЖЫЛҒЫ 16 ҚЫРКҮЙЕКТЕ МОНРЕАЛЬДА ЖАСАЛҒАН КОПЕНГАГЕНДАҒЫ ТАРАПТАРДЫҢ ТӨРТІНШІ КЕЗДЕСУІНДЕ
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТҮЗЕТУЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ,
1992 ЖЫЛҒЫ 23 - 25 ҚАРАША

      Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы депозитарий ретінде сөз сөйлей отырып, төмендегіні хабарлайды:

I

      1992 жылғы 23 - 25 қараша аралығында Копенгагенде өткен жоғарыда аталған Хаттама Тараптарының төртінші кездесуінде Тараптар Хаттаманың 2 (9) (с) бабына сәйкес Хаттамаға өзгерістер енгізді (ІV/2 және ІV/3-шешімдер).
      Өзгерістер мәтіні қабылданатын алты тілде I және II қосымшалар ретінде осы хабарламамен бірге жіберіледі.
      Өзгерістер Хаттаманың 2 (9) (d) бабына сәйкес осы хабарлама шыққан күннен бастап алты ай өткеннен кейін күшіне енеді.

II

      Сондай-ақ, Тараптардың төртінші кездесуінде 1985 жылғы Озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясының 9 (4) бабына сәйкес Тараптар Хаттамаға түзетуді қабылдады (ІV/4-шешім).
      Түзету мәтіні қабылданатын алты тілде III қосымша ретінде осы хабарламамен бірге жіберіледі.
      3-бапқа сәйкес (1-параграф) «Осы Түзету Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасының Тараптары болып табылатын мемлекеттер немесе экономикалық интеграция жөніндегі өңірлік ұйымдар Түзетуді ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау туралы кемінде жиырма құжатты сақтауға тапсырған кезде, 1994 жылғы 1 қаңтарда күшіне енеді. Егер осы күнге көрсетілген шарттар сақталмаса, Түзету осы шарттар сақталған күннен кейінгі тоқсаныншы күні күшіне енеді».             3-бапқа сәйкес (3-параграф) осы түзету күшіне енгеннен кейін Түзету Хаттаманың кез келген басқа да Тарапына қатысты  ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжат сақтауға тапсырылған күннен кейінгі тоқсаныншы күні күшіне енеді.

1993 жылғы 22 наурыз

Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі
Монреаль хаттамасына Түзету
Копенгаген, 1992 жылғы 23 - 25 қараша 1-БАП: ТҮЗЕТУ

      А. 1-баптың 4-тармағы

Хаттаманың 1-бабының 4-тармағындағы мынадай сөздер:
      немесе В қосымшасында
      мынадай сөздермен ауыстырылады:
      В қосымшасында, С қосымшасында немесе Е қосымшасында

В. 1-баптың 9-тармағы

Хаттаманың 1-бабының 9-тармағы төмен түсіріледі.

С. 2-баптың 5-тармағы

2-баптың 5-тармағы мынадай сөздерден кейін:
      2А - 2Е баптарында
      мынадай сөздер қосылады:
      және 2Н бабында

D. 2-баптың 5-бис тармағы

      Хаттаманың 2-бабының 5-тармағынан кейін мынадай тармақ енгізілсін:
      5-бис. 5-баптың 1-тармағының шеңберінде әрекет етпейтін кез келген Тарап реттеудің кез келген біржолғы немесе бірнеше кезеңдері шеңберінде А қосымшасының I тобына енгізілген реттелетін заттарды тұтынудың есептік деңгейі Тараптың өзі тұтынатын есептік деңгейінің беретін квота бөлігі 1989 жылғы жан басына шаққандағы 0,25 килограмм көрсеткішінен аспаған және осы Тараптар үшін тұтынудың жалпы жиынтық есептік деңгейі осы бапта белгіленген тұтыну шектеулерінің шегінен шықпаған жағдайда, 2F бабында көрсетілген өзі тұтынатын есептік деңгейі квотасының кез келген бөлігін басқа кез келген Тарапқа бере алады. Әрбір тиісті Тарап оның қолданылу шарттарын және кезеңін хабарлай отырып, осындай беру туралы хатшылықты хабардар етеді.

Е.2-баптың 8а) 11-тармақтары

      Хаттаманың 2-бабының 8а) және 11-тармақтарындағы мынадай сөздер:
      2А - 2Е баптары әрбір жекелеген жағдайда мынадай сөздермен ауыстырылады:
      2А - 2Н баптары

F. 2-баптың 9а) і)-тармағы

      Хаттаманың 2-бабының 9а) і)-тармағындағы мынадай сөздер:
      және/немесе В қосымшасында
      мынадай сөздермен ауыстырылатын болады:
      , В қосымшасында, С қосымшасында және/немесе Е қосымшасында

G. 2F бабы - Гидрохлорфторкөміртегілер
Н.

      Хаттаманың 2Е бабынан кейін мынадай бап қосылады:

2F бабы - Гидрохлорфторкөміртегілер

      1. Әрбір Тарап 1996 жылғы 1 қаңтардан басталатын 12 ай кезеңде және әрбір келесі он екі ай кезеңде өзінің С қосымшасының I тобына енгізілген реттелетін заттарды тұтынуының жыл сайынғы есептік деңгейі мынадай жиынтық көрсеткіштерден:
      а) оның А қосымшасының 1 тобына енгізілген реттелетін заттарды тұтынуының есептік деңгейінің үш бүтін оннан бір пайызынан; және
      b) оның С қосымшасының 1-тобына енгізілген реттелетін заттарды 1989 жылы тұтынуының есептік деңгейінен аспауын қамтамасыз етеді.
      2. Әрбір Тарап 2004 жылғы 1 қаңтардан басталатын он екі ай кезеңде және әрбір келесі он екі ай кезеңде өзінің С қосымшасының I тобына енгізілген реттелетін заттарды тұтынуының жыл сайынғы есептік деңгейі осы баптың 1-тармағында көрсетілген жиынтық көрсеткіштің алпыс бес пайызынан аспауын қамтамасыз етеді.
      3. Әрбір Тарап 2010 жылғы 1 қаңтардан басталатын он екі ай кезеңде және әрбір келесі он екі ай кезеңде өзінің С қосымшасының I тобына енгізілген реттелетін заттарды тұтынуының жыл сайынғы есептік деңгейі осы баптың 1-тармағында көрсетілген жиынтық көрсеткіштің отыз бес пайызынан аспауын қамтамасыз етеді.
      4. Әрбір Тарап 2015 жылғы 1 қаңтардан басталатын он екі ай кезеңде және әрбір келесі он екі ай кезеңде өзінің С қосымшасының I тобына енгізілген реттелетін заттарды тұтынуының жыл сайынғы есептік деңгейі осы баптың 1-тармағында көрсетілген жиынтық көрсеткіштің он пайызынан аспауын қамтамасыз етеді.
      5. Әрбір Тарап 2020 жылғы 1 қаңтардан басталатын он екі ай кезеңде және әрбір келесі он екі ай кезеңде өзінің А қосымшасының I тобына енгізілген реттелетін заттарды тұтынуының жыл сайынғы есептік деңгейі осы баптың 1-тармағында көрсетілген жиынтық көрсеткіштің 0,5 пайызынан аспауын қамтамасыз етеді.
      6. Әрбір Тарап 2030 жылғы 1 қаңтардан басталатын он екі ай кезеңде және әрбір келесі он екі ай кезеңде өзінің С қосымшасының I тобына енгізілген реттелетін заттарды тұтынуының жыл сайынғы есептік деңгейі нөлдік деңгейден аспауын қамтамасыз етеді.
      7. 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап әрбір Тарап:
      а) С қосымшасының 1-тобына енгізілген реттелетін заттарды пайдалану оларда экологиялық тұрғыдан неғұрлым қолайлы болатын баламалы заттар немесе технологиялар жоқ қолдану түрлерімен шектелуін;
      b) бұл адамның өмірін қорғау немесе денсаулығын сақтау үшін қажет болатын сирек жағдайларды қоспағанда, С қосымшасының 1-тобына енгізілген реттелетін заттарды қолдану қазіргі уақытта А, В және С қосымшаларына енгізілген реттелетін заттардың есебінен қанағаттандырылатын пайдаланылу салалардан тыс жүзеге асырылмауын; және
      с) қоршаған ортаға, қауіпсіздікке және экономикаға байланысты басқа да пайымдауларды ескерумен қатар С қосымшасының 1-тобына енгізілген реттелетін заттардың озон қабатын бұзуды мейлінше азайтатындай етіп іріктеп алынуын қамтамасыз етуге ұмтылады.

Н. 2G бабы: Гидробромфторкөміртегілері

      Хаттаманың 2F бабынан кейін мынадай бап қосылады:

2G бабы: Гидробромфторкөміртегілері

      Әрбір Тарап 1996 жылғы 1 қаңтардан басталатын он екі ай кезеңінде және әрбір келесі он екі ай кезеңінде С қосымшасының II тобына енгізілген реттелетін заттарды оны тұтынудың есептік деңгейі нөлдік деңгейден аспауын қамтамасыз етеді. Осы затты өндіретін әрбір Тарап дәл сол кезеңдерде осы заттарды онымен өндірудің есептік деңгейі нөлдік деңгейден аспауын қамтамасыз етеді. Осы тармақ Тараптар олар негізгі деп санауға уағдаласатын қолдану түрлерін қанағаттандыру үшін қажетті өндіріс немесе тұтыну деңгейіне жол беретін шешімді қабылдаған жағдайларды қоспағанда қолданылады.

I. 2Н бап: Бромды метил

      Хаттаманың 2G бабынан кейін мынадай бап қосылады:

2Н бабы: Бромды метил

      Әрбір Тарап 1995 жылғы 1 қаңтардан басталатын он екі ай кезеңінде және әрбір келесі он екі ай кезеңінде Е қосымшасында көрсетілген реттелетін заттарды оны тұтынудың деңгейі 1991 жылғы тұтынудың жылдық есептік деңгейінен аспауын қамтамасыз етеді. Осындай затты өндіретін әрбір Тарап дәл сол кезеңдерде оның осы затты өндіруін есептік деңгейі 1991 жылғы өндірудің жылдық есептік деңгейінен аспауын қамтамасыз етеді. Алайда 5-баптың 1-тармағының шеңберінде жұмыс істейтін Тараптардың негізгі ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оның өндірісінің есептік деңгейі осы шекті оның 1991 жылғы өндірудің есептік деңгейінің он пайызынан аспайтындай асуы мүмкін. Осы бапқа сәйкес тұтыну мен өндірістің есептік деңгейлері өзіне Тарап карантиндік мақсаттарда және өнімді тасымалдау алдында өңдеу үшін пайдаланатын заттардың мөлшерін қамтымайды.

J 3-бап

      Хаттаманың 3-бабында мынадай сөздер:
      2А - 2Е
мынадай сөздерге ауыстырылады:
      2А - 2Н,
ал мынадай сөздер:
      немесе В қосымшасы
олар әрбір жолы кездескен сайын мынадай сөздерге ауыстырылады:
      , В қосымшасы, С қосымшасы немесе Е қосымшасы.

K. 4-баптың 1-тер тармағы

      Хаттаманың 4-бабының 1-бис тармағынан кейін мынадай тармақ қосылады:
      1-тер. Осы тармақ күшіне енген күннен кейін бір жыл ішінде әрбір Тарап осы Хаттаманың Тарабы болып табылмайтын кез келген мемлекеттен С қосымшасының II тобына енгізілген кез келген реттелетін заттардың импортына тыйым салады.

L. 4-баптың 2-тер тармағы

      Хаттаманың 4-бабының 2-бис тармағынан кейін мынадай тармақ қосылады:
      2-тер. Осы тармақ күшіне енген күннен бастап бір жыл өткеннен кейін әрбір Тарап осы Хаттаманың Тарабы болып табылмайтын кез келген мемлекетке С қосымшасының II тобына енгізілген кез келген реттелетін заттарды экспорттауға тыйым салады.

М. 4-баптың 3-тер тармағы

      Хаттаманың 4-бабының 3-бис тармағынан кейін мынадай тармақ қосылады:
      3-тер. Осы тармақ күшіне енген күннен кейін үш жыл ішінде әрбір Тарап Конвенцияның 10-бабында белгіленген рәсімдерге сәйкес құрамында С қосымшасының II тобына енгізілген реттелетін заттар бар өнімдердің тізбесін қосымша ретінде құрады. Осы қосымшаға қарсы наразылық білдірмеген Тараптар көрсетілген рәсімдерге сәйкес осы қосымша күшіне енген сәттен бастап бір жыл ішінде осы Хаттаманың Тарабы болып табылмайтын кез келген мемлекеттен осындай өнімдердің импортына тыйым салады.

N. 4-баптың 4-тер тармағы

      Хаттаманың 4-бабының 4-бис тармағынан кейін мынадай тармақ қосылады:
      4-тер. Осы тармақ күшіне енген күннен кейін бес жыл ішінде Тараптар С қосымшасының II тобына енгізілген реттелетін заттардың негізінде өндірілетін, бірақ құрамында мұндай заттар жоқ өнімдердің импортына тыйым салудың немесе шектеудің практикалық мүмкіндігін айқындайды. Тараптар, егер олар мұны мүмкін деп санаса, Конвенцияның 10-бабында көрсетілген рәсімдерге сәйкес осындай өнімдердің тізбесін қосымша түрінде әзірлейді. Осы қосымшаға қарсы наразылық білдірмеген Тараптар көрсетілген рәсімдерге сәйкес осы қосымша күшіне енген сәттен бастап бір жыл ішінде осы Хаттаманың Тарабы болып табылмайтын кез келген мемлекеттен осындай өнімдердің импортына тыйым салады немесе шектейді.

О. 4-баптың 5, 6 және 7-тармақтары

      Хаттаманың 4-бабының 5, 6 және 7-тармақтарында мынадай сөздер:
      реттелетін заттар
      мынадай сөздермен ауыстырылады:
      А және В қосымшаларына және С қосымшасының II тобына енгізілген реттелетін заттар.

Р. 4-баптың 8-тармағы

      Хаттаманың 4-бабының 8-тармағында мынадай сөздер:
      , ол туралы 1, 1-бис, 3, 3-бис, 4 және 4-бис тармақтарында айтылатын импорт және ол туралы 2 және 2-бис тармақтарында айтылатын экспорт мынадай сөз орамымен ауыстырылады:
      және олар туралы осы баптың 1 - 4-тер тармақтарында айтылатын экспорт,
      ал мынадай сөздерден кейін:
      2А - 2Е баптар
      мынадай сөздер қосылады:
      , 2G бабының.

Q. 4-баптың 10-тармағы

      Хаттаманың 4-бабының 9-тармағынан кейін мынадай тармақ қосылады:
      10. 1996 жылғы 1 қаңтарға қарай Тараптар С қосымшасының I тобына және Е қосымшасына енгізілген реттелетін заттарды Хаттаманың Тараптары болып табылмайтын мемлекеттермен сауда-саттыққа осы бапта көзделген шараларды тарату үшін осы Хаттамаға түзетулер енгізудің орындылығы туралы мәселені қарайды.

R. 5-баптың 1-тармағы

      Хаттаманың 5-бабының 1-тармағындағы "Осындай әрбір" деген сөздер мынадай сөздермен ауыстырылады:
      Лондондағы 1990 жылғы 29 маусымда Тараптардың екінші Кеңесінде қабылданған түзетулер мен түзетпелерге кез келген қосымша түзетулер осы баптың 8-тармағында көзделген шолуды өткізгеннен кейін осы тармақтың шеңберінде әрекет ететін Тараптарға қолданылатын және көрсетілген шолудың қорытындыларын ескере отырып қабылданатын жағдайда, осындай әрбір

S. 5-баптың 1-бис тармағы

      Хаттаманың 5-бабының 1-тармағынан кейін мынадай тармақ қосылады:
      1-бис. 2-баптың 9-тармағында баяндалған рәсімнің негізінде 1996 жылғы 1 қаңтарға қарай Тараптар осы баптың 8-тармағында аталған шолуды, 6-бапқа сәйкес орындалған бағалауларды және кез келген басқа тиісті ақпаратты ескере отырып мынадай шешім қабылдайды:
      а) 2F бабының 1 - 6-тармақтарына қатысты - осы баптың 1-тармағының шеңберінде әрекетететін Тараптар үшін С қосымшасының I тобына енгізілген реттелетін заттарды тұтынудың қай базалық жылы, қандай бастапқы деңгейлері, бақылау кестелері және тоқтатылу күні белгіленетіндігі туралы;
      b) 2G бабына қатысты - осы баптың 1-тармағының шеңберінде  әрекет ететін Тараптар үшін С қосымшасының II тобына енгізілген реттелетін заттарды өндірудің және тұтынудың қай тоқтатылу күні белгіленетіндігі туралы; және
      с) 2Н бабына қатысты - осы баптың 1-тармағының шеңберінде  әрекет ететін Тараптар үшін Е қосымшасына енгізілген реттелетін заттарды өндірудің және тұтынудың қай базалық жылы, қандай бастапқы деңгейлері және бақылау кестелері белгіленетіндігі туралы.

Т. 5-баптың 4-тармағы

      Хаттаманың 5-бабының 4-тармағындағы мынадай сөздер:
      2А - 2Е баптарында
      мынадай сөздермен ауыстырылады:
      2А - 2Н баптарында.

U. 5-баптың 5-тармағы

      Хаттаманың 3-бабының 5-тармағындағы мынадай сөздерден кейін:
      2А - 2Е баптарында көзделген реттеу шаралары мынадай мәтін қосылады:
      , сондай-ақ осы баптың 1-бис тармағына сәйкес олар туралы шешім қабылданған 2F - 2Н баптары бойынша кез келген реттеу шаралары.

V. 5-баптың 6-тармағы

      Хаттаманың 5-бабының 6-тармағындағы мынадай сөздерден кейін:
      2А - 2Е баптарында көзделген реттеу шаралары бойынша міндеттемелер мынадай мәтін қосылады:
      немесе осы баптың 1-бис тармағына сәйкес олар туралы шешім қабылданған 2F - 2Н баптары бойынша міндеттемелердің кез келгені не барлық міндеттемелер.

W. 6-бап

      Хаттаманың 6-бабынан мынадай сөздер алып тасталады:
      2А - 2Е баптарында, сондай-ақ С қосымшасының I тобының өтпелі заттарын өндіру, импорты мен экспорты саласындағы ережелер және мынадай мәтінмен ауыстырылады:
      2А - 2Н баптарында.

X. 7-баптың 2 және 3-тармақтары

      Хаттаманың 7-бабының 2 және 3-тармақтары мынадай тармақтармен ауыстырылады:
      2. Әрбір Тарап:
      - В және С қосымшаларының - 1989 жылғы;
      - Е қосымшасының - 1991 жылғы реттелетін заттарды өзінің өндіруі, импорттауы және экспорттауы туралы статистикалық деректерді немесе егер нақты деректер болмаса, мұндай сипаттағы неғұрлым сенімді бағалау деректерін тиісінше В, С және Е қосымшаларының заттарына қатысты Хаттама ережелерінің осы Тарап үшін күшіне ену күнінен кейін үш айдан кешіктірмей ұсынады.
      3. Әрбір Тарап хатшылыққа өзінің А, В, С және Е қосымшаларында көрсетілген реттелетін заттардың әрқайсысының жыл сайынғы өндіруі туралы (бұл 1-баптың 5-тармағында белгіленгендей) және:
      - бастапқы шикізат ретінде пайдаланылатын заттардың мөлшері туралы,
      - Тараптар бекіткен технологияларды қолдана отырып, жойылған заттардың мөлшері туралы, және
      - тиісінше Тараптар болып табылмайтын Тараптардың және елдер мен ұйымдардың импорты мен экспорты туралы әрбір зат бойынша жеке тиісінше А, В, С және Е қосымшаларындағы заттарға қатысты ережелердің осы Тарап үшін күшіне енген жылғы және әрбір келесі жылғы статистикалық деректерді ұсынады. Деректер осындай деректер жататын жыл аяқталғаннан кейін тоғыз айдан кешіктірмей жіберіледі.

Ү. 7-баптың 3-бис тармағы

      Хаттаманың 7-бабының 3-тармағынан кейін мынадай тармақ қосылады:
      3-бис. Әрбір Тарап хатшылыққа өзінің А қосымшасының II тобына және С қосымшасының I тобына енгізілген, қайта айналысқа түскен реттелетін заттардың әрқайсысының жыл сайынғы импорты мен экспорты туралы жеке статистикалық деректерді ұсынады.

Z. 7-баптың 4-тармағы

      Хаттаманың 7-бабының 4-тармағындағы мынадай сөздер:
      1, 2 және 3-тармақтарында мынадай сөздермен ауыстырылады:
      1, 2, 3 және 3-бис тармақтарында.

АА. 9-баптың 1 а) тармағы

      Хаттаманың 9-бабының 1 а) тармағынан мынадай сөздер алынып тасталады:
      және өтпелі.

ВВ. 10-баптың 1-тармағы

      Хаттаманың 10-бабының 1-тармағындағы мынадай сөздерден кейін:
      2А - 2Е баптарындағы реттеу шаралары мынадай мәтін қосылады:
      , сондай-ақ 5-баптың 1-бис тармағына сәйкес олар туралы шешім қабылданған 2F және 2Н баптары бойынша кез келген реттеу шаралары.

СС. 11-баптың 4 g) тармағы

      Хаттаманың 11-бабының 4 g) тармағынан мынадай сөз орамы алынып тасталсын:
      және өтпелі заттары бар ереже.

DD. 17-бап

      Хаттаманың 17-бабындағы мынадай сөздер:
      2А - 2Е баптары мынадай сөздермен ауыстырылады:
      2А - 2Н баптары.

ЕЕ. Қосымшалар
1. С қосымшасы

      Келесі қосымша Хаттаманың С қосымшасымен ауыстырылады:

С қосымшасы
Реттелетін заттар

Тобы

Зат

Изомерлер саны

Озонбұзушылық қабілеті*

I топ




CHFСl2

(ГХФУ-21)**

1

0,04

CHF2Сl

(ГХФУ-22)**

1

0,055

СН2FCl

(ГХФУ-31)

1

0,02

С2НFCl4

(ГХФУ-121)

2

0,01 - 0,04

С2НF2Сl3

(ГХФУ-122)

3

0,02 - 0,08

C2HF3Cl2

(ГХФУ-123)

3

0,02 - 0,06

CHCl2CF3

(ГХФУ-123)**

-

0,02

С2HF4CL

(ГХФУ-124)

2

0,02 - 0,04

СHFClCF3

(ГХФУ-124)**

-

0,022

C2H2FCl3

(ГХФУ-131)

3

0,007 - 0,05

C2H2F3Cl2

(ГХФУ-132)

4

0,008 - 0,05

C2H2F3Cl

(ГХФУ-133)

3

0,02 - 0,06

С2H3FCl2

(ГХФУ-141)

3

0,005 - 0,07

CH3CFCl2

(ГХФУ-141b)**

-

0,11

C2H3P2Cl

(ГХФУ-142)

3

0,008 - 0,07

CH3CF2Cl

(ГХФУ-142b)**

-

0,065

C2H4FCl

(ГХФУ-151)

2

0,003 - 0,005

C3HFCL6

(ГХФУ-221)

5

0,015 - 0,07

C3HF2Cl5

(ГХФУ-222)

9

0,01 - 0,09

C3HF3Cl4

(ГХФУ-223)

12

0,01 - 0,08

C3HF4Cl3

(ГХФУ-224)

12

0,01 - 0,09

C3HF5Cl2

(ГХФУ-225)

9

0,02 - 0,07

CF3CF2CHCl2

(ГХФУ-225ca)**


0,025

CF2ClCF2CHClF

(ГХФУ-225cb)**


0,033

C3HF6Cl

(ГХФУ-226)

5

0,02 - 0,10

С3H2FСl5

(ГХФУ-231)

9

0,05 - 0,09

С3H2F2С4

(ГХФУ-232)

16

0,008 - 0,10

С3H2F3Сl3

(ГХФУ-233)

18

0,007 - 0,23

С3H2F4Cl2

(ГХФУ-234)

16

0,01 - 0,28

C3H2F5Cl

(ГХФУ-235)

9

0,03 - 0,52

C3H3FCl4

(ГХФУ-241)

12

0,004 - 0,09

C3H3F2Cl3

(ГХФУ-242)

18

0,005 - 0,13

C3H3F3Cl2

(ГХФУ-243)

18

0,007 - 0,12

C3H3F4Cl

(ГХФУ-244)

12

0,009 - 0,14

C3H4FCl3

(ГХФУ-251)

12

0,001 - 0,01

C3H4F2Cl2

(ГХФУ-252)

16

0,005 - 0,04

C3H4F3Cl

(ГХФУ-253)

12

0,003 - 0,03

C3H5Cl2

(ГХФУ-261)

9

0,002 - 0,02

C3H5F2Cl

(ГХФУ-262)

9

0,002 - 0,02

С3Н6FCl

(ГХФУ-271)

5

0,001 - 0,03

ІІ топ




CHFBr2


1

1,00

CHF2Br

(ГБФУ-22В1)

1

0,74

СН2FBr


1

0,73

С2НFBr4


2

0,3 - 0,8

С2НF2Br3


3

0,5 - 1,8

С2НF3Br2


3

0,4 - 1,6

С2НF4Br


2

0,7 - 1,2

С2Н2FBr3


3

0,1 - 1,1

С2Н2F2Br2


4

0,2 - 1,5

С2Н2F3Br


3

0,7 - 1,6

С2Н3FBr2


3

0,1 - 1,7

С2Н3F2Br


3

0,2 - 1,1

С2Н4FBr


2

0,07 - 0,1

С3НFBr6


5

0,3 - 1,5

С3НF2Br5


9

0,2 - 1,9

С3НF3Br4


12

0,3 - 1,8

С3НF4Br3


12

0,5 - 2,2

С3НF5Br2


9

0,9 - 2,0

С3НF6Br


5

0,7 - 3,3

С3Н2FBr5


9

0,1 - 1,9

С3Н2F2Br4


16

0,2 - 2,1

С3Н2F3Br3


18

0,2 - 5,6

С3Н2F4Br2


16

0,3 - 7,5

С3Н2F5Br


8

0,9 - 14

С3Н3FBr4


12

0,08 - 1,9

С3Н3F2Br3


18

0,1 - 3,1

С3Н3F3Br2


18

0,1 - 2,5

С3Н3F4Br


12

0,3 - 4,4

С3Н4FBr3


12

0,03 - 0,3

С3Н4F2Br2


16

0,1 - 1,0

С3Н4F3Br


12

0,07 - 0,8

С3Н5FBr2


9

0,04 - 0,4

С3Н5F2Br


9

0,07 - 0,8

С3Н6FBr


5

0,02 - 0,7

      * Хаттаманың мақсаттары үшін көрсеткіштер диапазоны болған жағдайда осы диапазондағы ең жоғары көрсеткіш қолданылады. Кестеде бірыңғай көрсеткіш түрінде келтірілген ОБҚ зертханалық өлшемдер негізіндегі есептеулер жолымен айқындалған. Көрсеткіштер диапазонымен көрсетілгендер бағалау деректеріне негізделген және осының салдарынан едәуір үлкен ауытқушылықтарға жол береді. Көрсеткіштер диапазоны изомерлік топқа жатады. Бұл ретте жоғары көрсеткіш изомердің ең жоғары ОБҚ бар есептік ОБҚ, ал төменгі көрсеткіш ең төменгі - изомердің ең төмен ОБҚ бар есептік ОБҚ білдіреді.
      ** Неғұрлым бәсекеге қабілетті заттардың ОБҚ көрсеткіштері Хаттаманың мақсаттары үшін қолданылуы тиіс.

2. Е қосымшасы

Хаттамаға мынадай қосымша енгізілсін:

Е қосымшасы
Реттелетін заттар

Тобы

Заты

Изомерлер саны

Озонбұзушылық қабілеті*

I топ




СН3Br

Бромды метил


0,7

2-БАП: 1990 ЖЫЛҒЫ ТҮЗЕТУМЕН БАЙЛАНЫС

      Бірде-бір мемлекет немесе экономикалық интеграция жөніндегі ұйым Лондонда 1990 жылғы 29 маусымда Тараптардың екінші Кеңесінде қабылданған Түзетуге қатысты сақтауға тапсырмаса, осы Түзетуді ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе оған қосылу туралы құжатты сақтауға тапсыра алмайды.

3-БАП.КҮШІНЕ ЕНУІ

      1. Осы Түзету Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасының Тараптары болып табылатын мемлекеттер немесе экономикалық интеграция жөніндегі өңірлік ұйымдар Түзетуді ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау туралы кемінде жиырма құжатты сақтауға тапсырған кезде 1994 жылғы 1 қаңтарда күшіне енеді. Егер осы күнге көрсетілген шарттар сақталмаса, Түзету осы шарттарды сақтаған күннен кейінгі тоқсаныншы күні күшіне енеді.
      2. 1-тармақтың мақсаттары үшін экономикалық интеграция жөніндегі өңірлік ұйым сақтауға тапсырған кез келген осындай құжат осындай ұйымға мүше мемлекеттер сақтауға тапсырған құжаттарға қатысты қосымша деп саналмайды.
      3. 1-тармаққа сәйкес осы Түзету күшіне енгеннен кейін Түзету Хаттаманың кез келген басқа да Тарапына қатысты ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжат сақтауға тапсырылған күннен кейінгі тоқсаныншы күні күшіне енеді.

      1987 жылғы 16 қыркүйекте Монреаль қаласында жасалған Озон қабатын бүлдіретін заттар жөніндегі Монреаль хаттамасының куәландырылған көшірмесінің бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрлігі
      Халықаралық-құқық департаментінің
      Басқарма бастығы                           Б.Пискорский

      Монреальда 1997 жылғы 15 - 17 қыркүйекте қол қойылған Озон қабатын бүлдіретін заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына Түзетудің бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрлігі
      Халықаралық-құқық департаментінің
      Басқарма бастығы                           Ж. Бұхбантаев

      Копенгагенде 1992 жылғы 23 - 25 қарашада қол қойылған Озон қабатын бүлдіретін заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына Түзетудің бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрлігі
      Халықаралық-құқық департаментінің
      Басқарма бастығы                           Ж. Бұхбантаев

      РҚАО-ның ескертпесі. Бұдан әрі Түзету мәтіні ағылшын, араб, қыбай және италия тілдерінде берілген.