"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 335-IV Заңы

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2012.02.29 N 15-5/2 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 56 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Железинка аудандық мәслихатының (IV шақырылымның XXI сессиясы) 2010 жылғы 5 ақпандағы "Әлеуметтік төлемдерге құқығы бар ауданның жеке санаттағы азаматтар тізімін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-6-85 болып тіркелген,  2010 жылғы 6 наурызда аудандық "Родные просторы" газетінің 10 нөмірінде жарияланған) N 186-4/21 шешіміне келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      32) тармақшада "мемлекеттік арнайы әлеуметтік көмек алатын отбасылар" сөздері, "барлық санаттағы бірінші, екінші топтағы мүгедектер" сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 33) тармақшамен толықтырылсын:
      "33) Жетім балалар, ата-аналарының қамқорысыз қалған балалар, балаларға арналған жәрдем ақыларының басқа түрлерін алмайтын қамқоршылар".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан мәслихатының
      сессиясының төрағасы                       А. Кирилов

      Аудандық мәслихатының хатшысы              В. Крутиков