Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 14 маусымдағы № 289-IV Конституциялық Заңы

      2010 жылғы 16 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті "Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 22 қаңтардағы Мемлекетаралық бағалы қағаздар нарығын реттеу туралы келісімге қатысушы болмау ниеті туралы" № 1000 Жарлыққа қол қойды.
      Аталған Жарлық Мемлекетаралық бағалы қағаздар нарығын реттеу туралы келісімнен (бұдан әрі — Келісім) шығу мақсатында әзірленді. Келісімге 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (бұдан әрі — ТМД) он қатысушы мемлекеті қол қойды және Келісімнің тараптары болып табылатын ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі мемлекетішілік рәсімдер аяқталмауы себепті осы уақытқа дейін күшіне енгізілген жоқ. Ресей Федерациясы ТМД-ның Атқарушы комитетін Келісімге қатысушы болмау ниеті туралы хабардар етті, Украина да мемлекетішілік рәсімдерді орындауды қоя тұру ниеті туралы хабардар етті.
      Қазіргі уақытта олардың аясында осы Келісім әзірленген ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қаржы нарығының жұмыс істеу шарттарының өзгеруі себепті (рубль аумағынан шығу, бағалы қағаздар нарығы дамуының әр түрлі деңгейі) Келісім өзінің өзектілігін жоғалтты.

      Қазақстан Республикасы
      Президенті Әкімшілігінің
      Әлеуметтік-экономикалық
      мониторинг бөлімі