Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін мекемелерде ұстау негіздерін, тәртібі мен шарттарын бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы N 375-IV Заңы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 162 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 22-23, 167-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірі 39-жол алынып тасталсын;
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 29, 225-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      «Институционалдық қайта құру» деген 3-бөлімде:
      «Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру» деген 3.1-кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 37-жолдың 5-бағанындағы «2010 жылғы қазан» деген сөздер «2011 жылғы 2 тоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов