Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 3 желтоқсандағы N 213-IV Заңы

      1-бап. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж.,  N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139-құжат; N 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 21-22, 87-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 12, 72-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 10, 69-құжат; N 13, 99-құжат; 2008 ж., N 12, 48-құжат; N 15-16, 62, 63-құжаттар; N 23, 114-құжат; 2009 ж., N 6-7, 32-құжат; N 15-16, 71, 73-құжаттар; N 17, 81, 83-құжаттар) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 7-бапта:
      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақпен толықтырылсын:
      "14-1) сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу - анықтау органының, анықтаушының, тергеушінің осы Кодексте белгіленген өкілеттіктері шегінде ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар бойынша сотқа дейінгі қызметінің іс жүргізу нысаны;";
      25) тармақ "аудармашы," деген сөзден кейін "көрген адам," деген сөзбен толықтырылсын;
      33) тармақша "барысында" деген сөзден кейін ", сондай-ақ сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу шеңберінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 62-бапта:
      бірінші бөлік "жедел іздестіру қызметінің," деген сөздерден кейін "сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудің," деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші бөлік "190," деген цифрлардан кейін "190-4," деген цифрлармен толықтырылсын;

      3) 63-бапта:
      бірінші бөлік "тергеуді" деген сөзден кейін "немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуді" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөлікте:
      бірінші сөйлем "тергеу ісін жүргізуді" деген сөздерден кейін "немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуді" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші сөйлем "тергеу жүргізуге" деген сөздерден кейін "немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуге" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 64-баптың бірінші бөлігі "тергеуді" деген сөзден кейін "немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуді" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 65-баптың бірінші бөлігінің 4) тармағындағы "жүргізу жүктеледі." деген сөздер "жүргізу;" деген сөзбен ауыстырылып, осы бөлік мынадай мазмұндағы 5) тармақпен толықтырылсын:
      "5) осы Кодекстің 23-1-тарауында белгіленген сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуді жүзеге асыру жүктеледі.";

      6) 66-бапта:
      бірінші бөліктегі "285-бабында" деген сөздер "190-1 және 285-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші бөлік:
      "хаттаманы" деген сөзден кейін ", сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасын" деген сөздермен толықтырылсын;
      "прокурорға" деген сөзден кейін "сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасымен," деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 67-баптың үшінші бөлігіндегі "37-тарауында" деген сөздер "23-1 және 37-тарауларында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 69-бапта:
      бірінші бөліктің бірінші сөйлеміндегі "жасаған және бекіткен" деген сөздер "немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасын жасаған және бекіткен не тергеуші сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасын жасаған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктің бірінші сөйлемі "айыптау қорытындысының" деген сөздерден кейін "немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасының" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 184-баптағы "талап ету, оқиға өткен жерді қарау, сараптама" деген сөздер "талап етіп алу, тексеріп қарауды, іс үшін маңызы бар нәрселерді немесе құжаттарды алуды, сараптаманы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 185-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4) тармақпен толықтырылсын:
      "4) сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуді осы Кодекстің 23-1-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асыру туралы.";

      11) 186-баптың бірінші бөлігіндегі "Осы" деген сөз "Осы Кодекстің 23-1-тарауында белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 189-бапта:
      бірінші абзац "Қылмыстық" деген сөздің алдынан "1." деген цифрмен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "2. Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу кезіндегі қылмыстық қудалау органының іс-әрекеті осы Кодекстің 23-1-тарауымен реттеледі.";

      13) мынадай мазмұндағы 23-1-тараумен толықтырылсын:
      "23-1-тарау. Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу

      190-1-бап. Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудің негіздері

      1. Ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар туралы істер бойынша, егер жинақталған дәлелдемелер арқылы қылмыс фактісі және оны жасаған адам белгілі болса, ол адам дәлелдемелерге, өзінің кінәсін келтірілген зиянның сипаты мен мөлшеріне дау айтпай мойындаған, сотқа дейінгі іс жүргізудің жеңілдетілген тәртібін қолдануға келіскен жағдайда, осы тараудың баптарында белгіленген алынып тасталатындарды қоспағанда, осы Кодекстің жалпы ережелері бойынша сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу жүзеге асырылады.
      2. Сотқа дейінгі іс жүргізудің жеңілдетілген тәртібі:
      қылмыстардың ішінде ең болмағанда біреуі ауыр немесе аса ауыр болып табылатын қылмыстардың жиынтығына қатысты; кәмелетке толмағандарға және өзінің қорғану құқығын дене немесе психикалық кемістіктеріне байланысты өздері жүзеге асыра алмайтын адамдарға қатысты; сот ісі жүргізілетін тілді меңгермеген адамдарға қатысты; артықшылықтары және қылмыстық қудалауға қарсы иммунитеті бар адамдарға қатысты; бірге қатысушылардың ең болмағанда біреуі өз кінәсін мойындамаған жағдайда; осы Кодекстің 190-2-бабының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде істің барлық мән-жайының жан-жақты және толық зерттелуін қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде; күдіктіні осы Кодекстің 132-бабы негізінде ұстау немесе оған бұлтартпау шараларын қолдану қажет болған кезде қолданылмайды.
      3. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар болған ретте алдын ала тергеу немесе анықтау жүргізіледі.

      190-2-бап. Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудің тәртібі

      1. Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу қылмыс туралы арызды немесе хабарламаны тіркеген кезден бастап он тәулікке дейінгі мерзімде іс прокурорға берілгенге дейін аяқталуға тиіс.
      Қылмыстардың жиынтығы бойынша материалдар бір іс жүргізуге біріктірілуі мүмкін.
      2. Сотқа дейінгі іс жүргізудің жеңілдетілген тәртібі көзделген қылмыстар туралы істер бойынша анықтаушы немесе тергеуші жасалған қылмыстың мән-жайларын және оның кінәсін растайтын мән-жайларды анықтайды.
      3. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мән-жайларды анықтау үшін тексеріп қарау, алу, сараптама, арыз берушіге, көрген адамдарға және қылмыс жасаған адамға сұрау салынуы, құжаттар немесе өзге де материалдар талап етіп алынуы, тексерулердің, ревизиялардың, сараптамалардың актілері, аудиторлық қорытындылар, соттылық туралы анықтама, мінездеме, стенограмма, аудио-, бейнежазба материалдары қоса тігілуі мүмкін.
      4. Қылмыстық қудалау органдарына жүгінген кезден бастап - арыз берушінің, ал көрген адамдар мен қылмыс жасаған адамның тергеушіге, анықтаушыға немесе анықтау органына шақырылған кезден бастап заң көмегін көрсету үшін қорғаушы шақыртуға құқығы бар.
      Арыз берушіге, көрген адамдарға және қылмыс жасаған адамға жасалған қылмыстың белгілі мән-жайлары туралы сұрау салынады. Сұрау салынатын адамдарға олардың өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы түсінік бермеу құқығы түсіндіріледі. Сұрау салу кезінде дыбыс-, бейне жазба қолданылуы мүмкін.
      Қылмыс жасаған адамға сұрау салу кезінде іс бойынша іс жүргізуді сотқа дейінгі жеңілдетілген тәртіппен жүзеге асыру мүмкіндігі және оның құқықтық салдары түсіндіріледі.
      Сұрау салу барысында қылмыс жасаған адамға, арыз берушіге және көрген адамдарға олардың шақырту бойынша анықтаушыға, тергеушіге және сотқа келу міндеті түсіндіріледі. Қажет болған жағдайда аталған адамдардан осы Кодекстің 157-бабында белгіленген тәртіппен анықтаушыға, тергеушіге және сотқа келуі туралы міндеттеме алынады.

     190-3-бап. Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасын
                жасау және қылмыстық істі прокурорға беру

      1. Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттама жасаумен аяқталады. Хаттамада: оның жасалған уақыты мен орны; хаттаманы кімнің жасағаны; қылмыс жасаған адам туралы деректер; қылмыстың жасалу мән-жайлары; адамның кінәлілігін растайтын дәлелдемелер; Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша қылмыстың саралануы (бап, бөлік, тармақ); адамның өз кінәсін мойындағаны және қылмыс арқылы келтірілген зиянның сипаты мен мөлшеріне келіскені көрсетіледі.
      Хаттамаға барлық материалдар, сондай-ақ сотқа шақырылуға жататын адамдардың тізімі қоса тігіледі.
      2. Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасын тергеушінің жасауы не оны анықтау органы бастығының бекітуі қылмыстық істің қозғалғанын және қылмыс жасаған адамның айыпталушы деп танылғанын білдіреді.
      3. Айыпталушы, ал шақырылған жағдайда оның қорғаушысы да сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудегі істің материалдарымен таныстырылады. Хаттамаға олардың арыздары мен өтініш хаттары енгізіледі. Хаттаманың көшірмесі айыпталушыға тапсырылады және арыз берушіге жіберіледі.

      190-4-бап. Прокурордың сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу
                  тәртібімен келіп түскен қылмыстық іс бойынша
                  іс-әрекеттері

      Прокурор сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудегі қылмыстық істі алып, ол бойынша үш тәуліктен кешіктірмей мына іс-әрекеттердің бірін жасайды:
      1) сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасына келісім білдіреді және айыпталушыны сотқа береді;
      2) алдын ала тергеу немесе анықтау жүргізу үшін жібереді;
      3) осы Кодексте көзделген негіздер бойынша жекелеген айыпталушыларға қатысты қылмыстық істі немесе қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулы шығарады не айыпталушының іс-әрекеттерін қайта саралайды немесе айыптаудың жекелеген тармақтарын алып тастайды.";

      14) 191-баптың бірінші бөлігіндегі "және 285-бабында" деген сөздер ", 190-1, 285-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 196-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу - қылмыстық іс қозғалған күннен бастап, ал осы Кодекстің 190-4-бабының 2) тармағында, 303-1-бабында көзделген жағдайларда сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудің хаттамасы жасалған күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірілмей аяқталуға тиіс";

      16) 198-баптың үшінші бөлігі "Бас Прокурорына" деген сөздерден кейін "не оның тапсырмасы бойынша орынбасарына, сондай-ақ облыс прокурорларына" деген сөздермен толықтырылсын;

      17) 231-бапта:
      "Алу" деген сөздің алдынан "1." деген цифрмен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "2. Алуды жүргізбей қылмыстық істі қозғау туралы шешім қабылдау мүмкін болмаған жағдайларда алу осы Кодекстің 232-бабының талаптарын сақтай отырып, қылмыстық іс қозғалғанға дейін жүргізілуі мүмкін.";

      18) 285-баптың он үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      13. Анықтау қылмыстық іс қозғалған күннен бастап отыз тәулікке дейінгі мерзімде істі сотқа жіберу үшін прокурорға берілгенге дейін жүргізіледі.
      Осы Кодекстің 190-4-бабының 2) тармағында, 303-1-бабында көзделген жағдайларда бұл мерзім анықтау органының бастығы сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудің хаттамасын бекіткен күннен бастап есептеледі.";

      19) 300-бапта:
      3) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу, анықтау және алдын ала тергеу жүргізу кезінде сот мәжілісін тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық іс жүргізу заңын бұзуға жол берілген-берілмегендігін;";
      5) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) айыптау қорытындысының, айыптау немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасының көшірмелері берілген-берілмегендігін;";

      20) мынадай мазмұндағы 303-1-баппен толықтырылсын:
      "303-1-бап. Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудегі
                  қылмыстық істі прокурорға жіберу

      Сот осы Кодекстің 303-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген мән-жайларды анықтаған кезде сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудегі іс алдын ала тергеуді немесе анықтауды тағайындауы үшін прокурорға жіберіледі.";

      21) 336-баптың екінші және үшінші сөйлемдері "айыптау қорытындысының" деген сөздердің алдынан "сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасының," деген сөздермен толықтырылсын;

      22) 346-баптың екінші бөлігіндегі "алдын ала тергеу немесе анықтау" деген сөздер "сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу кезінде, алдын ала тергеуде немесе анықтауда" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                Н. Назарбаев