"Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30 наурыздағы N 146-IV Заңы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 10.06.2016 № 495 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1400 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, әлеуметтік қамсыздандыру қазыналық кәсіпорындары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу ережесі бекітілсін.
      2. "Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінің, мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 22 ақпандағы N 39-ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1764 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., N 15, 572-құжат) күші жойылған деп танылсын.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                   Г. Әбдіқалықова

Қазақстан Республикасының 
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің 2009 жылғы
30 наурыздағы N 106-ө    
бұйрығымен бекітілген    

Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, әлеуметтік қамсыздандыру қазыналық кәсіпорындары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу ережесі

      1. Осы Ереже Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, әлеуметтік қамсыздандыру қазыналық кәсіпорындары (бұдан әрі - ұйымдар) қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеудің тәртібі мен шарттарын реттейді.
      2. Мамандығы бойынша жұмыс стажына ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарда сол мамандығы бойынша жұмыс істеген барлық уақыты есептеледі, сондай-ақ:
      1) сол мамандық бойынша мемлекеттік қызметте болған уақыт;
      2) теріс уәждемемен қызметте шығарылған адамдардан басқа, офицерлік құрамдағы адамдардың, прапорщиктердің, мичмандардың, мерзімнен тыс қызметтегі әскери қызметшілердің Қарулы күштерде, ішкі, шекара әскерлерінде, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының азаматтық қорғаныс басқармасы органдары мен бөлімшелерінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті органдары жүйесінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланында міндетті әскери қызметін өткерген, сондай-ақ интернационалдық борышын атқарған, соның ішінде әскери қызметшінің тұтқында болған уақыты;
      3) заңнамаға сәйкес берілген жүктілікке және босануға байланысты демалыстар, сондай-ақ бала күтімі бойынша жалақы сақталмайтын қосымша демалыс уақыты;
      4) Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, Қазақстан Республикасы жергілікті өкілетті органдарының өкілеттіктерін жүзеге асыру;
      5) егер қызметкер шетелге кетер алдында, мамандығы бойынша мемлекеттік мекемелерде жұмыс істесе және жолға кеткен уақытын есептемегенде, шетелден қайтып келген күнінен бастап екі айдың ішінде мемлекеттік мекемеге жұмысқа орналасса, шетелде жұмыс істеген уақыты;
      6) жұмыстан заңсыз босатылып, кейіннен жұмысқа қайта орналастырылғанда, еріксіз жұмыста болмаған уақыты;
      7) мемлекеттік мекеменің жолдамасы бойынша кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында жұмыстан қол үзіп оқыған уақыты;
      8) ұйымдарда мамандық бейіні бойынша ғылыми жұмыс істеген уақыты;
      9) 1999 жылғы 1 қыркүйекке дейін мамандығы бойынша интернатурадан және клиникалық ординатурадан өту уақыты;
      10) өзінің еңбек қызметі өткен қызмет саласына қарамастан, мамандығына ұқсас лауазымдарда жұмыс істеген уақыты;
      11) әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау және білім беру саласында әлеуметтік, педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша лауазымдарда жұмыс істеген уақыты енеді.
      3. Осы Ережеге сәйкес есептелетін мамандығы бойынша жұмыс стажы күнтізбелік есептеу бойынша есепке алынады.
      4. Күнтізбелік ай ішінде лауазымдық жалақысын арттыру құқығы туындаған қызметкерлердің лауазымдық жалақысын есептеу, осы құқық туындаған күннен бастап, еңбек стажы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      5. Мамандығы бойынша жұмыс стажын және мамандықтардың сәйкестігін мемлекеттік мекеменің еңбек стажын белгілеу жөніндегі
комиссиясы жұмысқа қабылдау кезінде айқындайды, оның құрамын ұйымның
басшысы бекітеді.
      6. Комиссияның жұмыс стажын белгілеу туралы шешімі хаттамамен ресімделеді. Шешімнің үзінді көшірмелері екі данада жасалады, бір данасы - кадр қызметіне, екіншісі - бухгалтерияға жіберіледі.
      7. Еңбек кітапшасы (бар болса) немесе еңбек шарты не жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтардың үзінді көшірмелері, қызметтік тізімі қызметкердің мамандығы бойынша жұмыс стажын айқындау үшін, оның еңбек қызметін растайтын құжаттары болып табылады. Жұмыс кезеңі жөнінде қажетті жазбалар болмаған, не дұрыс емес немесе нақты емес жазбалар болған жағдайда жұмыс стажын растау үшін жұмыс кезеңі туралы мәліметтер бар анықтамалар, дербес шоттар және жалақы беруге арналған тізімдемелер және заңнамамен көзделген өзге құжаттар қабылданады. Мамандығы бойынша жұмыс стажы заңнамамен белгіленген тәртіппен куәгерлердің мәліметімен расталады.