Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) 2002 жылғы 7 маусымда қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының хартиясына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 5 қаңтардағы N 118-IV Заңы

      Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) 2002 жылғы 7 маусымда қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының хартиясына өзгерістер енгізу туралы Шанхайда 2006 жылғы 15 маусымда қол қойылған хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                    Н. Назарбаев

Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы)
2002 жылғы 7 маусымда қол қойылған Шанхай ынтымақтастық
ұйымының хартиясына өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА

Ресми куәландырылған мәтін

      Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер (бұдан әрі - ШЫҰ немесе Ұйым) төмендегілер туралы осы Хаттаманы жасады:

1-бап

      ШЫҰ Хартиясының 11-бабының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Хатшылық ШЫҰ-ның негізгі тұрақты жұмыс істейтін атқарушы органы болып табылады және Ұйымның қызметін үйлестіруді, ақпараттық-талдауды, құқықтық және ұйымдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады, ШЫҰ шеңберінде ынтымақтастықты және Ұйымның халықаралық байланыстарын дамыту жөнінде ұсыныстарды әзірлейді, ШЫҰ органдары шешімдерінің орындалуын бақылайды".

2-бап

      ШЫҰ Хартиясының 11-бабының екінші, үшінші, төртінші, алтыншы және жетінші абзацтарындағы "Атқарушы хатшы" деген сөздер "Бас хатшы" деген сөздермен тиісті септікте ауыстырылсын.

3-бап

      Осы Хаттама ШЫҰ Хартиясының 21-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.

      Шанхай қаласында 2006 жылғы 15 маусымда орыс және қытай тілдерінде бір түпнұсқа данада жасалды және де екі мәтіннің күші бірдей.

       Қазақстан Республикасы үшін

      Қытай Халық Республикасы үшін

      Қырғыз Республикасы үшін

      Ресей Федерациясы үшін

      Тәжікстан Республикасы үшін

      Өзбекстан Республикасы үшін

      2006 жылғы 15 маусымда Шанхай қаласында жасалған 2002 жылғы 7 маусымда Санкт Петербург қаласында ШЫҰ Хартиясына өзгерістер енгізу туралы Хаттаманың бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрлігі
      Жалпыазиялық ынтымақтастық
      департаментінің
      Басқарма бастығы                                 Қ. Тумыш