"Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 шілдедегі N 56-IV Конституциялық Заңы

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 20.08.2014 № 324 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28 бабындағы 4 тармаққа сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
       1. Алматы облысы әкімдігінің 2007 жылғы 28 мамырдағы қаулысымен бекітілген "Алматы облысы аумағындағы елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және аталуын қайта өзгерту, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлерін беру талаптарын бекіту ережелері туралы" N 114 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 25 маусымда 1989 нөмірімен тіркелген және 2007 жылғы 30 маусымда N 84 "Жетісу" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгертулер енгізілген:
      аталған қаулымен бекітілген ереженің 3,4,69,70,71 тармақтары алынып тасталсын.
       2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Ғ.Баталовқа жүктелсін.
       3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С. Үмбетов